
40
V. КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Кепілдік талоны қолдану нұсқаулығының соңында орналасқан!
Осы бұйымға сатып алынған сәттен 12 ай мерзіміне кепілдік беріледі. Өндіруші кепілдік
кезеңі ішінде жөндеу, бөлшектерді ауыстыру немесе бүкіл бұйымды ауыстыру жолымен кез
келген зауыттық ақауларды жоюға міндеттенеді. Кепілдік тек сатып алу күні түпнұсқалық кеп-
ілдік талонында дүкен мөрімен және сатушы қолымен расталған жағдайда ғана күшіне енеді.
Осы кепілдік тек бұйым пайдалану бойынша нсұқаулыққа сәйкес қолданылған, жөнделмеген,
бұзылмаған және онымен дұрыс жұмыс істемеу нәтижесінде зақымданбаған, сонымен қатар
бұйымның толық жинағы сақталған жағдайда танылады. Осы кепілдік бұйымның табиғи тозуы-
на және шығын материалдарына таралмайды (сүзгілер және т. б.). Бұйымның қызмет мерзімі
мен кепілдік міндеттемелердің жарамдылық мерзімі өндірілген кезден бастап немесе бұйым
жасалған кезден бастап есептеледі (егер сатылған күнін анықтау мүмкін болмаса). Аспаптың
өндірілген кезі бұйым корпусындағы сәйкестендіру жапсырмасында орналасқан сериялық
нөмірден табуға болады. Сериялық нөмір 13 белгіден тұрады. 6-ші және 7-шы белгілер айды,
8-ші — құрылғы шыққан жылды білдіреді.
Өндірушінің белгілеген құралдың қызмет ету мерзімі бұйымды пайдалану қолданылатын
техникалық стандарттар және осы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылу шарттарында са-
тып алынған күннен бастап 3 жылды құрайды.
КЕПІЛДІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ШАРТТАРЫ
Осы бағдарлама тауар сатылған күннен 12 ай ішінде кепілдік міндеттемелерді қамтиды
немесе өндірілген кезден есептеледі (егер сату күнін анықтау мүмкін болмаса). Аспаптың өн-
дірілген кезі бұйым корпусындағы сәйкестендіру жапсырмасында орналасқан сериялық нөмір-
ден табуға болады. Сериялық нөмір 13 белгіден тұрады. 6-ші және 7-шы белгілер айды, 8-ші
– құрылғы шыққан жылды білдіреді. Тек клиент кепілдік қызмет көрсету шарттарын ұстанғанда
ғана мерзімдер қолданылады. Осы кепілдік өнеркәсіптік және/немесе коммерциялық мақсатта
пайдаланылатын бұйымдарға таралмайды. Сату кезінде сатушы кепілдік талонын дұрыс тол-
тыруын, аппараттың сериялық нөмерін, сату мерзімін көрсетуін, мөр басуын, сонымен қатар
қол қоюын қадағалаңыз. Өнімді, жиынтықтылығын, технакалық жағдайын тексеріңіз, кепілдік
шартттарымен танысып, қол қойыңыз.
Кепілдік талонында көрсетілген деректерге өзгеріс енгізуге, өшіруге немесе қайтадан жазуға
Орам, пайдаланушы нұсқаулығы, сондай-ақ құралдың өзін қалдықтарды қайта өңдеу
бойынша жергілікті бағдарламаға сәйкес утилизациялау керек. Мұндай бұйымдарды
қарапайым тұрмыстық қоқыспен бірге лақтырмаңыз.
болмайды. Кепілдік келесіден туындаған зақымдары бар бұйымдарға таралмайды:
• дұрыс пайдаланбау, ұқыпсыз қолдану, дұрыс қоспау, ілеспе нұсқаулықты ұстанбау;
• дұрыс пайдаланбау, ұқыпсыз қолдану немесе жазатайым оқиға себебінен туындаған механи-
калық, жылулық және басқа зақымдардан;
• тазалап және ауыстырып тұруды талап ететін сүзгілерді, шаң жинағыштарды және басқа
бөліктер мен аксессуарларды уақытында тазаламаудан;
• ішіне бөгде зат, сұйықтық, жәндіктер, кеміргіштер және т.б. түсуінен;
• электр бауы зақымдануынан;
• осы бұйымды пайдалану ережелерінде көрсетілгенінен басқа кернеумен немесе қоректен-
діретін желінің стандартты параметрлеріне сәйкес келмейтін желіге қосудан;
• бұйым құрылымы өзгерістерін туындатқан біліксіз жөндеуден және басқа араласудан;
• тойтарылмас күш әсерінен (өрт, тасқын, найзағай және басқа);
• бұйымның ыстыққа төзімді емес бөліктеріне жоғары сыртқы температураның әсерінен;
• сериялық нөмірі өзгертілген, жойылған немесе анық басылмаған.
Кепілдік нақты тозу мерзімі бар тораптар, механизмдер мен аксессуарларға (шаң сорғыш щет-
калары, мультипісіргіштердің металл табақтары мен күйікке қарсы жабындылары бар пісіруге
арналған қалыптар, шырын сыққыштардың торпышақтары, пышақтар, қаптаршаң жинағыштар,
ауыстырылатын сүзгілер, сусабындар, сұйықтықтар және т.б.), сонымен қатар аккумуляторлық
қоректену көздеріне және қоректену батареяларына таралмайды.Пайдалану бойынша нұсқа-
улыққа сәйкес кепілдіктің әрекетіне аспапқа кезеңді қызмет көрсету бойынша жұмыстар жат-
пайды.
Сіздің аймақта сервистік орталықтардың бары туралы ақпаратты сондайақ www.redbt.
company сайтынан нақтылауға болады. Қазақстан Республикасында пайдаланушы қолдау
қызметі: тел. +7 777 747 40 44 (Қазақстан Республика бойынша телефон соғу тегін).
Добавить комментарий