
KAZ
34
34
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
7.8.4 Содан кейін дайын піспенан жолақтарын сізге қажетті ұзындыққа
кесу керек.
ЕСКЕРТУ: Піспенандарды пісірмес бұрын олардың арасында жеткілікті
орын бар екеніне көз жеткізіңіз. Қыздырылған кезде қамырдың мөлшері
ұлғаюы мүмкін.
8 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
8.1 Оны тазалаудың және жуудың алдында электр құралының электр
желісінен ажыратылғандығына көз жеткізіп алыңыз.
8.2 Құралды тазалау үшін құралдың бетін бүлдіруі мүмкін тазартқыш
құралды қолданбаңыз. Моторлық блокты құрғақ немесе дымқыл
шүберекпен сүрту керек. Электрлі қозғалтқыштың істен шығуын болдыр-
мау үшін ешқашан құралдың корпусын суға батырмаңыз.
8.3 Блендердің тостағаны мен ет тартқыштың металл бөліктерін ыдыс
жуғышта жуу ұсынылмайды. Оларды жұмсақ жуғыш затты пайдаланып
жылы сумен жуу керек.
8.4 Жуғаннан кейін бөлікті құрғақ сүлгімен сүртіп, жақсылап кептіру керек.
8.5 Таза және құрғатылған пышақ пен дискілерді өсімдік майы сіңірілген
матамен сүрту ұсынылады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қайталап қолданудың немесе сақтаудың алдын-
да құралдың барлық бөлшектерінің таза және құрғақ екендіктеріне көз
жеткізіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Кескіш пышақтар өткір қайралған! Жарақат алмау
үшін пышақтарды өте мұқият ұстаңыз.
9 САҚТАУ ЕРЕЖЕСІ
Құралды желдетілетін жабық бөлмеде, балаларға қолжетімді емес орында,
0°С-тан +40°С-қа дейінгі қоршаған орта температурасында және 80%-ға
дейінгі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы шарттарында сақтау керек.
Бүлінулерге жол бермеу үшін құрылғыны тек зауыттық қаптамада ғана та-
сымалдау керек болады. Тасымалдаудан немесе құрылғыны төмендетілген
температурада сақтаудан кейін оны бөлме температурсында кем дегенде
екі сағаттай ұстау қажет.
Өнімді тасымалдау, тиеу, арту және сақтау кезінде осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта мазмұндалғандардан басқа да келесі талаптарды басшылыққа
алу керек болады:
- өнімді оның бүлінуіне және/немесе оның қаптамасының бұзылуына әкеліп
соқтыруы мүмкін елеулі механикалық жүктемелерге ұшыратуға тыйым
салынады;
- өнімнің қаптамасына судың және басқа да сұйықтықтардың тиіп кетулерін
болдырмау қажет. Бұрын пайдалануда болған өнімді тасымалдаудың неме-
се теріс температурада сақтауға берудің алдында өнімде судың жоқтығына
көз жеткізіп алу қажет. Бұйымның барлық беттері құрғақ болулары керек.
Добавить комментарий