
KAZ
28
28
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
6 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Электр құралын қораптан шығарыңыз
және қаптаушы материалды (бар болған жағдайда) алып тастаңыз.
Жиынтықтылауды тексеріңіз және механикалық бүлінулердің жоқтығына
көз жеткізіңіз. Бұйымның және желілік кабелдің бүтіндігін тексеріңіз.
Моторлық блокты және табанды құрғақ орамалмен сүртіңіз. Құралдың
барлық басқа бөліктерін жуғыш затты пайдаланып жылы сумен мұқият
жуып, құрғатып сүртіңіз. Құрал қолдануға дайын.
7 ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
7.1. Планетарлық бұлғауышы
7.1.1 Электр аспабы құралының корпусын құрғақ, тегіс және орнықты
бетке орнатыңыз.
7.1.2 Саптамаларды орнатудың алдында құралдың желіден
ажыратылғандығына, ал ауыстырғыштың «0» күйінде тұрғандығына көз
жеткізіп алыңыз.
7.1.3 Құралда блендердің тостағаны
мен ет тартқыштың жүктегіш мойны
сияқты басқа саптамалардың жоқтығына,
сондай-ақ олардың отыру орындарыынң
қақпақтарымен жабылғанына көз
жеткізіңіз.
7.1.4 Моторлық блокты бекіту тетігін
түсіріңіз және, оны ұстап тұрып, моторлық
блокты бекітілгенше дейін жоғары
қайырыңыз. 7 сур.
7.1.5 Қажетті саптаманы таңдаңыз. Ауыстырмалы саптаманы сұққыш
саптамадағы ойыққа кіретіндей етіп кигізіңіз және оны сағат тілі бойынша
бекітілгенше дейін бұраңыз (7 сур.). Саптаманың сенімді бекітілгеніне көз
жеткізіңіз.
7.1.6 Тостағанға барлық қажетті ингредиенттерді салыңыз және тостағанды
орнатыңыз. Тостағандағы дөңестерді табандағы ойықтарға сәйкестендеріңіз
және тостағанды сағат тілі бойынша бекітілгенше дейін бұраңыз.
7.1.7 Моторлық блокты бекіту тетігін түсіріңіз және оны бастапқы күйге
қайтарыңыз.
7.1.8 Оны тостағанның жиегіне түсіре отырып, қақпақты бекітіңіз. Қақпақ
оларды өңдеу процесі кезінде өнімдердің шашырауларынан қорғайды.
7.1.9 Ашаны резеткіге қоюмен құралды желіге қосыңыз. Қажетті жұмыс
жылдамдығын таңдаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құралдың қызып кетуін болдырмау үшін үздіксіз
жұмыс уақытын асыруға болмайды. Жұмыс кезеңдерінің арасында
құралдың қызып кетуін болдырмау үшін 30 минут үзіліс жасаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құралды барлық саптамалармен бір мезгілде
пайдалануға тыйым салынады! Бұл қозғалтқыштың шамадан тыс
жүктелуіне әкелуі мүмкін.
Добавить комментарий