
KAZ
21
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
1 ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР
Асүй машинасы GALAXY LINE GL2310 (ары қарай мәтін бойынша – ма-
шинасы, құрал, электр құралы, бұйым) - ингредиенттерді араластыруға
және ұнтақтауға, сұйық өнімдерді шайқауға, қамыр илеуге, балалар
тағамын дайындауға арналған көпатқарымдық құрал. 6 жылдамдықты
және импульстік режим рецептке сәйкес қажетті жылдамдықты орнатуға
мүмкіндік береді. Көлемі 1,5 л шыны тостаған мен көлемі 5,5 л тот ба-
спайтын болаттан жасалған тостаған ингредиенттердің көп мөлшерін
өңдеуге мүмкіндік береді, ал саңылауы бар қақпақтар араластыру немесе
шайқау процесінде ингредиенттерді қосуға мүмкіндік береді. Бұлғауыш
үшін саптаманың үш түрі, ет тартқыш үшін ұсақ, орташа және ірі кескіш
дискілер, «кеббе», шұжықшалар үшін саптамалар, піспенан дайындау үшін
саптама сіздің рецепттеріңіз бойынша көптеген тағамдарды дайындауға
мүмкіндік береді.
Өнім Кедендік одақтың келесі техникалық регламенттеріне
сәйкес болады:
Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылдың 16 тамызындағы
№768 Шешімімен бекітілген ТР ТС 004/2011 «Төмен воль-
тты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық
регламентіне;
Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылдың 9 желтоқсанындағы №879
Шешімімен бекітілген ТР ТС 020/2011 «Техникалық құралдардың
электромагниттік үйлесімділігі» Кеден одағының техникалық регламентіне;
Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2019 жылдың 18
қазанындағы №113 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық
одақтың ЕАЭО ТР 037/2016 «Электротехника және радиоэлектроника
бұйымдарында қауіпті заттарды қолдануды шектеу туралы» техникалық
регламенті.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бұйымның барлық қызметтік мерзімі
ішінде сақтаңыз. Сіз арқылы сатып алынған бұйым осы нұсқаулықтан оның
пайдаланылуына әсер етпейтін кейбір ерекшеліктерге ие болуы мүмкін.
МАЗМУНЫ
Добавить комментарий