
- 77 -
Бұл бұйымға күнделікті қызмет көрсету
1 Егер сіз кір жуғыш машинаны ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, қоюлануға бейім
сұйықтықпен жеткізуші құрылғы түтіктерінің бітелуіне жол бермеу үшін жуғыш зат
пен кір жууға арналған мата жұмсартқышты (кондиционерді) төгіп тастаған жөн.
2 Кір жуғыш машинаны жылжыту немесе еңкейту кезінде немесе жаңа тұрғын үйге
көшу кезінде жуғыш затқа арналған ұяшықтан сұйықтықтың төгілуіне жол бермеу
үшін жуғыш затқа арналған ұяшықты алдын-ала алып шығып, оны уақытша сақтауға
қойып, кір жуғыш машина қайтадан жұмыс істей бастаған кезде қайта орнату
ұсынылады.
3 Жуғыш затқа арналған ұяшықты алып тастағаннан кейін, сұйықтықтың қалдықтарын
жеткізу құрылғысының түтіктерінен байқауға болады. Бұл қалыпты жағдай.
4 Бөлікті орнына орнатқан кезде, қымтаудың жеткіліксіздігіне байланысты шамадан
тыс ағып кетуді немесе тиімсіз авто мөлшерлеуді болдырмау үшін оны жеткізу
құрылғысының түтіктеріне қатысты түзету қажет.
5 Үстіңгі барабан жұмыс істеп тұрған кезде бөліктің бетінде аз мөлшерде су тұманы
немесе конденсат байқалуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Оны сүлгімен сүртіп
жіберіңіз.
Назар аударыңыз!
Жуғыш зат пен кір жууға арналған мата жұмсартқыш
(кондиционер) ұяшығын тазарту
Жуғыш заттар мен кір жууға арналған мата жұмсартқыштар (кондиционерлер) жоғары
тұтқырлыққа ие және үяшықтың ішкі қабырғаларына оңай жабысып, тұрып қалады, авто
мөлшерлеу функциясы тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Жуғыш зат пен кір жууға
арналған мата жұмсартқыш (кондиционер) ұяшығын уақтылы тазалап тұру қажет.
1 Жуғыш заттарға арналған ұяшықты ашу үшін машина ортасындағы мөлшерлегіш тұтқасын
басыңыз.
2 Оны шығарып алу үшін жуғыш затқа арналған ұяшықтың ортасындағы көк батырманы
басып, жуғыш зат пен мата жұмсартқыштың (кондиционердің) қалдықтарын төгіп тастаңыз.
3 Ұяшықты ішінен таза сумен шайып, сыртын сүлгімен құрғатыңыз.
4 Мөлшерлегіштің секцияларын іштен сүлгімен сүртіңіз.
5 Жуғыш затқа арналған ұяшықты бастапқы қалпына келтіріңіз.
Мөлшер-
легіш
тұтқасы
Жуғыш
затқа
арналған
ұяшық
Жүктеу
шанағының
батырмасы
Добавить комментарий