
- 58 -
Пайдалану алдында тексеру және дайындау
Жуу-кептіру машинасын тексеру
1. Су құбыры суының қысым тербелісін ескере отырып, әрбір
пайдалану алдында құйғыш құбырішек, кран және ағызу
құбырішегінің қосылысын тексеріңіз.
Тығыз емес қосылысты немесе судың ағуы анықталған кезде
кранды жабыңыз және ақаулықты тиісті түрде жойыңыз немесе
компанияның сервистік қызмет көрсету бөліміне жүгініңіз. Сенімді
қосылыс қатамасыз етілгенге дейін жуу-кептіру машинасын
пайдаланбаңыз.
2. Қуат көзін қосу алдында розетка құрылғының максималдық
қуаттылығына шыдайды ма, кернеу талаптарға сәйкес келеді ме,
розетка вилкаға сәйкес келеді ме және жуғыш-кептіргіш машина
жерге тұйықталғанын тексеріңіз.
3. Есікті жаба отырып, киім зақымдалмауы үшін немесе судың
ағуына әкелуі мүмкін, есіктің нығыздағыштары зақымдалмауы
үшін киімнің қысылып қалмағанына көз жеткізіңіз.
4.
Кір жуатын ұнтақ пен жуылатын киімге арналған мата жұмсартқыштың
(кондиционердің) жеткілікті мөлшерде болуын тексеріңіз.
5.
Егер тек жоғарғы барабан немес ауамен жуу қызметі қолданылса,
сіз кранды ашқаныңызға көз жеткізіңіз, әтпесе нәтижеге қол жетпейді.
6. Кептіруге арналған жоғарғы барабанды пайдаланған кезде, түкке
арналған фильтрдің тазартылғанына және дұрыс орнатылғанына
көз жеткізіңіз.
7. Құрылғыны пайдаланғаннан кейін міндетті түрде кранды
жабыңыз және вилканы ажыратыңыз.
Киімді тексеру және алдын ала өңдеу
1. Жуу, кептіру және күту үшін жарамды ма?
(затбелгілердегі нұсқаулықты қараңыз)
2. Кір көп пе?
(егер солай болса, алдымен кірді кетіріңіз)
3. Қалталарында монеталар, кілттер, құм немесе басқа заттар бар ма?
(егер ия болса, оларды алыңыз)
4. Машинамен жууға болмайтын су өткізбейтін киім (плащтар,
автокөлік қаптары және кір машинада жууға болмайтын мамық
курткалар)?
5. Шамадан тыс жүктеме ме?
6. Сейсеп дұрыс түймеленген ба?
(ұсақ киімнің ішіне түсуінің алдын алу үшін сейсептің сыдырма
ілгекпен жақсы жабылғанына көз жеткізіңіз, бұл жуу немесе
кептіру әсеріне әсер етеді).
7. Кез келген ұсақ заттар (шыт, қолғап, шұлық, бюстгальтерлер және
т.с.с.) немесе шатасып қалатын немесе тозып кететін киім?
(егер мұндай заттар бар болса, оларды жууға арналған тор қапқа
салу керек, кері жағдайда машинаның балансы бұзылып, қатты
әдеттен тыс тербеліс туындауы мүмкін. Әрбір торлы қаптағы
заттар 300 г аспауы тиіс)
8. Жоғарғы барабанда кептіру қызметін пайдаланбас бұрын
галстукты байлаңыз және түймелерді немесе сыдырма ілгекті
жабыңыз Түймелер немесе сыдырма ілгек шу тудырмас үшін
киімді алдын ала аударып қойыңыз.
9. Кептіруге арналған жоғарғы барабанды пайдаланбас бұрын,
міндетті түрде сығыңыз, ашып, киімді жайыңыз. Нәзік
матадан тігілген киімді кептіру үшін кептіруге арналған сөреге
орналастырыңыз.
Маши -
намен
жууға
арналмаған.
Тек
қолмен
жуу
Түзетіңіз
Киім
шатасып
қалды
Добавить комментарий