
- 67 -
ØΑñïðΐõóΐĀ
êõΓìΓî UV/
Plasma ΊõñΓí
cõΐΔõ ΎΑòô ΐΔ Ίõíïò
ÝΗΓì
Ζùðΐ
õïΔðΐ
õïΔðΐ
Ζùðΐ
AêõΓ ΌΖéΐùðï ΊéûΘòóüΑ
êΑúï áΘñð Ίõíïò
×üΕõΔΐĀ áΑΔΕõý ΖΗΓêüΑ
êΑúï ΊøïΕõðΐ
éΐΔΐéΐóΐ
ΏñΓôΓð
ØΑõΕðΐĀ
ΓìΑíìΐ
Жуу және кептіру режимдерімен және осы құрылғының қызметтерімен танысу
Төменгі барабан үшін жуу режимінде немесе жоғарғы барабан үшін кептіру режимінде
стерильдеу қызметін белсендіру арқылы жуу немесе кептіру уақытында заттарды стерильдеу,
кенелерді жою және ауаны тазартуды орындауға болады.
1. “Стерильдеу” батырмасы жартылай жарық болады, егер бұл қызметті белгілі бағдарламада
таңдауға болса;
2. Стерильдеу функциясы белсенді кезде белгі толықтай жарық болады, ал “стерильдеу”
батырмасы процесс аяқталғаннан кейін сөнеді.
• Төменгі барабан үшін ультракүлгінмен стерильдеу қызметі таза және дұрыс жуу әсерін
тудыра отырып, машинаның сыртқы барабанының төменгі бөлігінде орнатылған
ультракүлгінмен стерильдеу құрылғысы көмегімен осы функцияның жұмысы уақытында
бактериялар мен кенелерді жоюдан тұрады.
• Жоғарғы барабан үшін плазмалық стерильдеу функциясы (Plasma) жұмыс уақытында
заттарды стерильдеу, иістен тазалау және ауаны тазалауды қамтамасыз ете отырып,
артқы ауа өткізгіште орнатылған плазмалық модуль көмегімен плазманың белгілі
топтарының қатарын жүргізуден тұрады.
Алдын ала орнату қызметімен жуу бағдарламасының аяқталуы уақытын орнатуға
болады. Күйге келтіргеннен кейін бағдарлама аяқталғанға дейінгі қалған уақыт көрінеді.
Пайдаланушылар қажетіне қарай бағдарламаның аяқталу уақытын орната алады.
■ Стерильдеу қызметі
■ Алдын ала күйге келтіру қызметі
1 Кейбір бағдарламаларда стерильдеу қызметін таңдауға болмайды.
2 Егер жуу процессінде төменгі барабандағы температура өте жоғары болса,
УК-стерильдеу құрылғысы автоматты түрде сөнеді.
3 Плазмалық модульдің жұмысы кезінде жоғарғы барабанның жарығы көк болады,
бұл қалыпты болып табылады.
4 Күтім режимінде плазмалық стерильдеу функциясы әдепкі күйі бойынша
қосылмайды, егер “қатпарларды жою” режимі таңдалған болса.
Назар аударыңыз!
Мысалы:
1 Бағдарлама параметрлерін күйге келтіргеннен кейін және бағдарламаны іске қосу
алдында сәйкес режимге кіру үшін “Кейінге шегерілген старт” батырмасына басыңыз.
2 “+” және “-” батырмаларының көмегімен берілген уақытта күйге келтіріңіз. Мәні әрбір
басқан сайын бір сағатқа өзгеретін болады. Төменгі барабан үшін жууға арналған
максималдық қосымша диапазон 24 сағатты құрайды.
3 Күйге келтіргеннен кейін бағдарламаны іске қосу үшін [ ] батырмасын басыңыз және
кері есеп басталады.
4 Жуу+кептіру режимінде төменгі барабан үшін жуу аяқталуының алдын ала белгіленген
уақыты ғана көрінетін болады. Жуудан кейін пайдаланушыға төменгі барабаннан жоғарғы
барабанға заттарды ауыстырып, сосын жоғарғы барабанда кептіруді бастау үшін [ ]
батырмасына басу керек.
1 Алдын ала орнатылған уақыт - бұл бағдарламаның аяқталу уақыты. Егер
бағдарламаны орнатудың нақты уақыты алдын ала белгіленген уақыттан асып
кетсе, алдын ала орнатылған уақыт орындалмайды және бағдарлама бірден іске
қосылады. Оған қоса, алдын ала орнатылған уақыт бағдарлама өзгерген кезде
автоматты түрде жойылады.
2 Алдын ала күйге келтіру уақытын жоғарғы барабан үшін кептіру немесе күтім
режимінде белсендіруге болмайды.
Назар аударыңыз!
Добавить комментарий