
12
ЕТТАРТҚЫШ VT-3611 W
Ет тартқыш өнімдерді қайта өңдеу үшін және
үй жартылай дайын өнімдерін дайындауға
арналған
СИПАТТАМАСЫ
1. Итергіш
2. Тағамдарға арналған табақ
3. Еттартқыш бастиегінің корпусы
4. Еттартқыш бастиегін орнату орны
5. Еттартқыш бастиегін бекітетін түйме
6. Құрылғы корпусы
7. Жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқыш
(ON/0/R)
8. Шнек
9. Крест тәрізді пышақ
10. Ұсақтап тартуға арналған торкөз
11. Ірілеп тартуға арналған торкөз
12. Еттартқыш бастиегінің сомыны
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны пайдаланар алдында пайдалану
жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз
және оны пайдалану мерзімі бойы сақтаңыз.
Құрылғыны дұрыс пайдаланбау оның
бұзылуына, тұтынушыға немесе оның мүлігіне
зиян келтіруіне әкелуі мүмкін.
Электрлік еттартқышпен жұмыс істеу барысында
өрттің шығу, электр тоғының соғу және басқа да
жарақаттар алу қаупін төмендету үшін төмендегі
қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:
• Алғаш қосу алдында электрлік желідегі
кернеудің құрылғының жұмыстық кернеуіне
сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.
• Тек жеткізу жинағына кіретін аксессуарларды
қолданыңыз.
• Электр тоғының соғу қаупін болдырмас
үшін құрылғыны, желілік шнурды немесе
желілік шнур ашасын суға немесе басқа да
сұйықтыққа ЕШҚАШАН БАТЫРМАҢЫЗ.
• Ет тартқыш корпусын тазалау үшін сәл
ылғал матаны пайдаланыңыз, осыдан кейін
корпусты құрғатып сүртіңіз.
• Ешқашан жұмыс істеп тұрған еттартқышты
қараусыз қалдырмаңыз.
• Еттартқышты құрау, бөлшектеу, сондай-ақ
тазалау алдында оны өшіріп, желілік шнур
ашасын розеткасынан суыру қажет.
• Құрылғыны тегіс орнықты бетке жылу,
ашық от, ылғал көздерінен және тікелей күн
сәулесінен алшақ жерге орналастырыңыз.
• Құрылғыны ыстық бетке немесе тікелей оған
жақын жерде (мысалы, газ немесе электрлік
плитаның қасында, қызған үрмелі пештің
немесе қайнату бетінің маңайына) орнатуға
тыйым салынған.
• Желілік шнурды ұқыпты қолданыңыз,
оның бірнеше рет бұратылуына жол
бермеңіз, желілік шнурды уақытылы жазып
отырыңыз.
• Ет тартқышты тасымалдайтын тұтқа
ретінде желілік шнурды пайдалануға тыйым
салынады.
• Желілік шнурдың үстелден салбырап
тұруын, сондай-ақ жиһаздың өткір жиектері
мен ыстық беттерге тиюін болдырмаңыз.
• Желілік баудың ашасын электр розеткасынан
ағыту үшін баудан емес желілік баудың
ашасынан тарту керек.
• Желілік шнурды немесе ашаны су
қолыңызбен қоспаңыз, ажыратпаңыз, бұл
электр тоғының соғу қаупіне әкеп соғуы
мүмкін.
• Берілген құрылғы балалардың пайдала-
нуына арналмаған.
• Жұмыс кезінде және суыту кезінде
құралды балалардың қолы жетпейтін
жерге қойыңыз.
• Балалардың жұмыс істеп тұрған құралға
және оның желілік бауын ұстауына рұқсат
бермеңіз.
• Аспап физикалық, психикалық және ақыл-ой
қабілеттері төмендеген тұлғалардың
(балаларды қоса) пайдалануына
арналмаған немесе егер олардың өмірлік
тәжірибесі немесе білімі болмаса, олар
бақыланбаса немесе олардың қауіпсіздігі
үшін жауап беретін тұлғамен аспапты
пайдалану туралы нұсқаулықтар берілмесе
олардың пайдалануына арналмаған.
• Аспаппен ойнауларына жол бермеу үшін
балаларды қадағалау керек.
• Балалар қауіпсіздігі тұрғысынан қаптама
ретінде пайдаланылатын полиэтилен
пакеттерді қараусыз қалдырмаңыз.
Назар аударыңыз! Балаларға полиэтилен
пакеттермен немесе қаптама үлдірмен
ойнауға рұқсат бермеңіз. Тұншығу қаупі бар!
• Құрылғыны зақымданған желілік баумен
немесе желілік айыртетікпен, сонымен қатар
құрылғы іркілістермен жұмыс істесе, немесе
ол жоғарыдан түсіп кетсе, немесе басқаша
жолмен зақымданса пайдалануға тыйым
салынады.
• Қуаттандыру бауы зақымданған жағдайда
қауіп тууға жол бермеу үшін оны
VT-3611.indd 12 12/12/19 3:00 PM
Добавить комментарий