
15
ЕТТАРТҚЫШ КҮТІМІ
• Жұмысты аяқтағаннан кейін ауыстырып-
қосқышты (7) «0» күйіне орнатып
еттартқышты өшіру керек және желілік шнур
ашасын розеткадан суыру керек.
• Шнекті еттартқыш бастиегінен (5) шығарыңыз.
• Бұранданы (12) бұрап алыңыз, торларды
(10 немесе 11), пышақты (9) шнектен (8)
шешіңіз.
• Шнекті (8) еттартқыш бастиегінен (3)
шығарыңыз.
• Иірмектен өнім қалдықтарын алып тастаңыз.
• Барлық жабдықтарды бейтарап жуғыш
заты бар жылы сабынды суда жуыңыз,
шайыңыз және құрастыру алдында жақсылап
құрғатыңыз.
• Еттартқыш корпусын (6) дымқыл матамен
сүртіңіз.
• Еттартқыш корпусын (6) тазалау үшін
еріткіштерді немесе қажайтын тазалағыш
заттарды пайдалануға тыйым салынады.
• Еттартқыш корпусының ішіне сұйықтықтың
кіріп кетуіне жол бермеңіз.
• Кепкен жабдықтарды сақтауға алып
қойғанға дейін, торшаларды (10, 11) және
пышақты (9) өсімдік майымен жағыңыз –
осылайша олар тотығудан қорғалатын
болады.
ЖЕТКІЗУ ЖИЫНТЫҒЫ
Еттартқыш – 1 дн.
Итергіш – 1 дн.
Азық-түлікке арналған астау – 1 дн.
Торкөздер – 2 дн.
Пайдалану бойынша нұсқаулық – 1 дн.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР
Электрлік қуаттандыруы: 220-240 В ~ 50/60 Гц
Номиналдық тұтынатын қуаты: 300 Вт
Максималды қуаты: 2000 Вт
ҚАЙТА ӨҢДЕУ
Қоршаған ортаны қорғау мақсатында,
аспаптың және қуаттандыру элементтерінің
(егер жинақтың құрамына кірсе) қызмет
ету мерзімі аяқталғаннан кейін, оларды
күнделікті тұрмыстық қалдықтармен бірге
тастауға болмайды, аспап пен қуаттандыру
элементтерін ары қарай кәдеге асыру үшін
мамандандырылған орындарға өткізу керек.
Бұйымдарды қайта өңдеу кезінде пайда болатын
қалдықтар белгіленген тәртіп бойынша келесі
қайта өңделетін міндетті жинауға жатады.
Берілген өнімді қайта өңдеу туралы қосымша
ақпаратты алу үшін жергілікті муниципалитетке,
тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу қызметіне
немесе берілген өнімді Сіз сатып алған дүкенге
хабарласыңыз.
Дайындаушы аспапты жақсарту мақсатында,
алдын-ала хабарламай, аспаптың дизайнын,
конструкциясы және оның жұмыс қағидатына
әсер етпейтін техникалық сипаттарын
өзгерту құқығын өзіне қалдырады, соған
байланысты нұсқаулық пен бұйымның арасында
кейбір айырмашылықтар болуы мүмкін. Егер
пайдаланушы осындай сәйкессіздіктерді
анықтаса, нұсқаулықтың жаңартылған нұсқасын
алу үшін сәйкессіздік туралы info@vitek.ru
электрондық поштасына хабарлауыңызды
сұраймыз.
Құрылғының қызмет ету мерзімі – 3 жыл
Гарантиялық мiндеттiлiгi
Гарантиялық жағдайдағы қаралып жатқан
бөлшектер дилерден тек сатып алынған адамға
ғана берiледi. Осы гарантиялық мiндеттiлiгiндегi
шағымдалған жағдайда төлеген чек немесе
квитанциясын көрсетуi қажет.
VT-3611.indd 15 12/12/19 3:00 PM
Добавить комментарий