
14
• Ауыстырғышты (7) «ON» күйіне белгілеп,
құрылғыны іске қосыңыз.
• Етті еттартқыштың бастиегі мойнына (3)
итергіштің (1) көмегімен асықпай итеріңіз.
Жұмыс істеу уақытында жеткізілім жинағына
кіретін итергішті (1) пайдаланыңыз.
• Етті итеруге қандай да бір заттарды
пайдалануға тыйым салынады, ешбір
жағдайда етті қолмен итермеңіз.
• Етті немесе басқа азық-түлікті итеру үшін
аса көп күш жұмсамаңыз.
• Етті тарту барысында азық-түліктің
кептелісі пайда болуы мүмкін. Пайда болған
кептелісті жою үшін кері айналу қызметін
(REVERSE) пайдалану керек. Иірмекті кері
айналдыру режиміне (REVERSE) ауыстыру
үшін ауыстырып-қосқышты (7) «0» күйіне
қойып еттартқышты өшіріңіз, одан кейін
ауыстырып-қосқышты (7) басып «R» күйінде
ұстап тұрыңыз.
• Құрылғының өнімдерді өңдеу бойынша
үздіксіз жұмыс істеу уақыты 5 минуттан
аспауы тиіс.
• 5 минут бойы үздіксіз жұмыс істегеннен
кейін құрылғыны ажыратып ою керек, және
15-20 минут бойы суыту қажет, осыдан кейін
жұмысты жалғастыруға болады.
• Жұмыс істеп біткеннен кейін, ауыстырғышты
(7) «0» күйіне белгілеп, еттартқышты
сөндіріңіз және оны желіден ажыратыңыз,
және содан кейін ғана оны бөлшектеуге
кірісіңіз.
ЕТТІ ӨҢДЕУ
• Еттартқыштың бастиегін (3) орнатылатын
орнына (4) салыңыз және оны сағат тіліне
қарсы бағытта бекітілгенше бұраңыз (1, 2-сур).
• Иірмекті (8) еттартқыш бастиегінің
корпусына (3) орнатыңыз (3-сур.).
• Айқаспалы пышақты (9) орнатыңыз (4-сур).
• Бір қажетті торкөзді (10 немесе 11) алып,
пышақтың үстінен торкөздегі дөңестер мен
еттартқыш бастиегінің (3) корпусындағы
ойықтарды сәйкестендіріп орнатыңыз,
сомынды (12) қатайтыңыз (5, 6-сур.).
Назар аударыңыз!
– Пышақты кесетін бетін торкөзге
қаратып орналастырыңыз. Егер
пышақ дұрыс орнатылмаса, ол турау
қызметін орындамайды.
– Аса ірі тесіктері бар торкөздер (11) шикі
етті, көкөністерді, кепкен жемістерді,
ірімшікті, балықты және т.б. тартуға
қолайлы.
– Ұсақ саңылаулары бар торша (10) шикі,
сонымен қатар дайын етті, балықты
және т.с.с.–ны өңдеуге жарамды.
• Еттартқыш бастиегінің мойнына (3)
өнімдерге арналған науаны (2) орнатыңыз.
• Ауыстырғышты (7) «ON» күйіне белгілеп,
құрылғыны іске қосыңыз.
• Жұмыс кезінде тек итергішті (1) пайдаланыңыз.
Ескерту:
– Етті өңдеу процесін жақсарту үшін оны
жолақша немесе куб тәрізді етіп тураңыз.
Мұздатылған етті толығымен жібітіп алу
керек.
– Жинаққа кіретін итергішті жұмыс істеу
уақытында пайдаланыңыз; етті итеруге
қандай да бір заттарды пайдалануға
тыйым салынады, ешбір жағдайда етті
қолмен итермеңіз.
• Жұмыс істеп біткеннен кейін, ауыстырғышты
(7) «0» күйіне белгілеп, еттартқышты
сөндіріңіз және оны желіден ажыратыңыз,
және содан кейін ғана оны бөлшектеуге
кірісіңіз.
• Еттартқыштың бастиегін шешіп алу үшін
бекіткіш түймені (5) басыңыз, еттартқыштың
бастиегін (3) сағат тілі бағытында бұрыңыз
да, оны шешіп алыңыз.
• Еттартқыш бастиегін бөлшектеу үшін
бұранданы (12) бұрап алыңыз және еттартқыш
бастиегінің корпусынан орнатылған торшаны
(10 немесе 11), пышақты (9) және шнекті (8)
алып шығыңыз.
АВТОМАТТЫ СӨНУ ҚЫЗМЕТІ
• Еттартқыш электомотордың қызуы кезінде
автоматты түрде ажыратылу функциясымен
жабдықталған.
• Электромотор қызып кеткен кезде
автоматты термосақтандырғыш іске
қосылып, еттартқыш сөніп қалады.
• Бұл жағдайда дереу желілік баудың
айыртетігін электрлік ашалықтан суырыңыз.
• Ет тартқышты қайта қоспас бұрын шамамен
50-60 минуттай суытып алыңыз.
• Еттартқышты электр желісіне жалғап,
оны қосыңыз, егер еттартқыш қосылмаса,
онда бұл еттартқыштың басқа да
зақымдануларының бар екенін білдіреді.
Бұл жағдайда еттартқышты жөндеу үшін
туындыгерлес қызмет көрсету орталығына
хабарласу қажет.
VT-3611.indd 14 12/12/19 3:00 PM
Добавить комментарий