
22
VII. КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Осы бұйымға сатып алынған сәттен 12 ай мерзіміне кепілдік беріледі. Кепілдік кезеңі
ішінде дайындаушы жөндеу, бөлшектерді ауыстыру немесе барлық бұйымды ауыстыру
жолымен кез келген зауыттық ақауларды жоюға міндеттенеді. Кепілдік тек сатып алу күні
түпнұсқалық кепілдік талонында дүкен мөрімен және сатушы қолымен расталған жағдай-
да ғана күшіне енеді. Осы кепілдік тек бұйым пайдалану бойынша нсұқаулыққа сәйкес
қолданылған, жөнделмеген, бұзылмаған және онымен дұрыс жұмыс істемеу нәтижесінде
зақымданбаған, сонымен қатар бұйымның толық жинағы сақталған жағдайда танылады.
Осы кепілдік бұйымның табиғи тозуына және шығын материалдарына таралмайды (қыш
және тефлондық тығыздауыштар және т. б.).
Бұйымның қызмет мерзімі мен кепілдік міндеттемелердің жарамдылық мерзімі өндіріл-
ген кезден бастап немесе бұйым жасалған кезден бастап есептеледі (егер сатылған күнін
анықтау мүмкін болмаса).
Аспап өндірілген күнді бұйым корпусының сәйкестендіру жапсырмасындағы сериялық
нөмірден табуға болады. Сериялық нөмір 13 белгіден тұрады. 4-ші және 5-ші белгілер
айды, 6-шы және 7-ші — құрылғының шығарылған жылын білдіреді.
0001122333333
1 — өндірілген айы (01 — қаңтар, 02 — ақпан ... 12 — желтоқсан)
2 — өндірілген жылы (21 — 2021 ж., 22 — 2022 ж. ... 30 — 2030 ж.)
3 — үлгінің сериялық нөмірі
Өндіруші бекіткен аспаптың қызмет ету мерзімі бұйымның пайдаланылуы осы нұсқаулық
пен қолданылатын техникалық стандарттарға сәйкес жүруі жағдайында сатып алынған
күнінен 5 жыл құрайды.
Орамды, пайдаланушы нұсқаулығын, сонымен қатар аспаптың өзін қалдықтарды қай-
та өңдеу бойынша жергілікті бағдарламаға сәйкес пайдаға асыру керек. Мұндай бұй-
ымдарды әдеттегі тұрмыстық қоқыспен тастамаңыз.
Добавить комментарий