
18
Назар аударыңыз, стартты кейінге қалдыру уақытын орнатқан кезде әзірлеу уақытын
орнату кезіндегі батырмалар қолданылады. Алайда стартты кейінге қалдыру уақытын
орнату кезінде уақыт шамасының индикаторы дисплейде жыпылықтамайды.
Егер рецептіде жылдам бұзылатын өнімдер (жұмыртқа, балғын сүт, ет, ірімшік және
т. б.) болса, стартты кейінге қалдыру функциясын пайдалану ұсынылмайды.
Дайын тағамдақ температурасын сақтау (автожылыту)
«Автожылыту» функциясы бағдарлама жұмысы аяқталғаннан кейін автоматты түрде қо-
сылады және дайын тағам температурасын 1 сағатқа дейін сақтай алады.
Автожылыту ылғалдың сіңірілуінің алдын алады және өнімдерді біршама уақыт ішінде
жұмсақ күйінде сақтауға көмектеседі.
Автожылыту функциясы «БЕЗДРОЖЖЕВОЕ ТЕСТО», «ДРОЖЖЕВОЕ ТЕСТО», «МОЛОЧНАЯ
КАША», «ДЖЕМ», «ЙОГУРТ», «ВЫПЕЧКА», «СУП», «ТУШЕНИЕ» және «ДЕСЕРТ» бағдарла-
маларын қолданған кезде қол жетімсіз.
Автоматты бағдарламаларды пайдаланған кездегі әрекеттердің жалпы тәртібі
1. Қамырды араластыруға арналған қалақшаны пісірмеге арналған қалыптағы өзекке
орнатыңыз. Қосылыстың берік екендігіне көз жеткізіңіз. Әзірлеуге арналған ыдысты
және қалақты маймен майлаңыз.
2. Таңдалған рецептіге сәйкес қажетті ингредиенттерді өлшеп, оларды тостағанға са-
лыңыз. Нан пісірген кезде және қамырды дайындаған кезде: рецептіге сәйкес негіз-
гі және қосымша ингредиентерді дайындаңыз. Егер рецептіде басқаша көрсетілмесе,
барлық ингредиенттер бөлме температурасында (25-35°С) болу керек. Негізгі ингре-
диенттерді нан пісіруге арналған қалыпқа рецептіде көрсетілген реттілікте салыңыз.
3.
Нан пісіруге арналған қалыпты абайлап нан пісіргіштің қыздырғыш камерасына
енгізіңіз, осы кезде оны аздап сағат тіліне қарсы бұрау керек. Қалып жетекті білікпен
түзу, қиғаштықсыз жалғасу керек. Қалыпты тірелгенше сағат тілі бойынша бұрап, оны
бекітіңіз. Қарау терезесі бар қақпақты жабыңыз.
Алдымен қалыпта сұйық ингредиенттерді (су, сүт) және/немесе жұмыртқаларды
араластырыңыз. Су бөлме температурасында болу керек, себебі жоғары температура
қамырдың көтерілуіне жағымсыз әсер етеді. Стартты кейінге қалдыру тәртібін
пайдаланған кезде тек құрғақ сүтті пайдаланыңыз, өзге жағдайда сүт әзірлеу
басталғанша ұйып кетуі мүмкін.
Ашытқыны немесе қопсытқышты соңғы кезек қосыңыз. Бұл компоненттер сұй-
ықтықтармен жанаспау керек, әйтпесе ашу үрдісі тым ерте басаталады: нәтижесін-
де қатты, қатаң және қатқыл нан дайындалады. Ашытқы тұзбен жанаспау керек. Ұн
үйіндісінде ойық жасап, сонда ашытқыны немесе қопсытқышты салу ұсынылады.
4.
Нан пісіргішті электр желісіне қосыңыз. Аспап дыбыстық белгі береді және күту
тәртібіне ауысады: дисплейде бағдарлама нөмірі (тағайындалу бойынша — 1) және
оның жұмыс уақыты пайда болады.
5.
«Меню» батырмасы көмегімен әзірлеу бағдарламасын таңдаңыз, оның нөмірі ди-
сплейде пайда болады.
6.
Қажет кезде әзірлеу уақытын өзгертіңіз немесе стартты кейінге қалдыру уақытын
орнатыңыз.
Әзірлеу уақытын қолмен реттеу мүмкіндігі бар бағдарламаны пайдаланған жағдайда
уақыт шамасын орнатқаннан кейін «Старт/Стоп» батырмасын алғаш басу енгізілген
шамалардың расталуына алып келеді. «Старт/Стоп» батырмасын қайта басу бағдар-
ламаны іске қосады.
7.
«Вес» батырмасы көмегімен дайын пісірме салмағының шамасын орнатыңыз. Ре-
цептілер кітабындағы нұсқауларға және тостағандағын ингредиенттер мөлшеріне
сүйеніңіз. Пісірме салмағының индикаторы дисплейдің жоғарғы бөлігінде орналаса-
ды. Өнім салмағын таңдау мүмкіндігі барлық бағдарламаларда қарастырылмаған.
8. Өнім қабықшасының қалаулы реңкін (ашық, орташа, күңгірт) таңдау үшін «Корочка»
батырмасын басыңыз. Қабықша түсінің индикаторы дисплейдің теменгi белiктерiне.
Тағайындалу бойынша «Средняя» шамасын орнатылған. Қабықша түсін таңдау мүм-
кіндігі барлық бағдарламаларда қарастырылмаған.
9.
«Старт/Стоп» батырмасын басыңыз. Таймер әзірлеу уақытының кері санағын бастайды.
Араластырудың алғашқы 5 минуты ішінде қамырдың сыртқы түрін бақылау керек.
Одан дөңгелек тегіс түйір түзілу керек. Егер түйір түзілмесе, ингредиенттер дұрыс
араласпаған. Егер бағдарламада әзірлеу барысында қосымша ингредиенттердің қо-
сылуы қарастырылса, ингредиенттерді қосу сәті туралы сізге дыбыстық белгі хабар
береді. Басқару тақтасында «Добавки» жазуы жанында индикаторы жыпылықтайды.
Бағдарламаның орындалуын баптауларды өзгертусіз уақытша тоқтату үшін «Старт/
Стоп» батырмасын басыңыз. Дисплейде уақыт шамасы жыпылықтай бастайды. Бағдар-
лама жұмысын жалғастыру үшін «Старт/Стоп» батырмасын қайта басыңыз.
Нан пісіргіш қақпағын тек араластыру кезінде (жұмыс жасап жатқан мотор дыбысы
естіледі) ашуға болады. Қамыр көтерілген немесе пісірілген кезде қақпақты ашу
дайын өнім сапасының төмендеуіне алып келеді.
10. Әзірлеу бағдарламасының аяқталуы туралы сізге дыбыстық белгі хабар береді. Осы-
дан кейін, таңдалған бағдарламаға сәйкес, аспап автоматты түрде автожылыту тәртібі-
не немесе күту тәртібіне ауысады.
Әзірлеу аяқталғаннан кейін нанды шығарып алмаңыз және кеспеңіз. Оны нан пісіретін
пештің автожылытуы қосулы күйінде 1 сағатқа қалдыруға кеңес беріледі. Одан кейін
дайын өнімді аспаптан шығарып алып, толығымен суығанша бетін сүлгімен жауып
қою керек
11. Бағдарлама жұмысын немесе автожылыту тәртібін тоқтату үшін «Старт/Стоп» батыр-
масын басып, ұстап тұрыңыз.
12. Әзірлеу аяқталғаннан кейін нан пісіргішті электр желісінен ажыратыңыз.
Дайын нанды шығару
1. Аспап қақпағын ашыңыз. Асханалық қолғапты пайдаланып, нан пісіруге арналған қа-
лыпты қолға алыңыз және оны сағат тіліне қарсы бұраңыз, кейін қыздырғыш камера-
дан шығарыңыз.
Добавить комментарий