
17
KAZ
RBM-1913
2. «Вес» («Салмақ») батырмасы — дайын өнім салмағын таңдау. Тағайындалу бойынша
салмақ — 750 г
3. батырмасы — кейінге қалдырылған старт уақытын / әзірлеу уақытын арттыру
4. батырмасы — кейінге қалдырылған старт уақытын / әзірлеу уақытын азайту
5. «Корочка» («Қабықша») батырмасы — өнім қабықшасының түсін таңдау батырмасы
(«Светлая» («Ашық»), «Средняя» («Орташа»), «Темная» («Күңгірт»)). Тағайындалу бой-
ынша «Средняя» параметрі таңдалған
6.
«Старт/Стоп» («Старт/Тоқта») батырмасы — әзірлеу бағдарламасын іске қосу / әзірлеу бағдар-
ламасын уақытша тоқтату / әзірлеу бағдарламасын тоқтату және күту тәртібіне оралу
7. Дисплей
Дисплей құрылымы (A3 сурет, 4 бет)
1. Әзірлеу бағдарламасының реттік нөмірі
2. Әзірлеу уақытының / стартты кейінге қалдыру уақытының шамалық индикаторы
3. Таңдалған қабықша түсінің индикаторы
4. Пісірме салмағының индикаторы
5. Әзірлеу кезеңінің индикаторы
6. «Добавки» (ингредиенттерді қосу) индикаторы
I. ПАЙДАЛАНА БАСТАУ АЛДЫНДА
Бұйым мен оның жинақтаушыларын қораптан мұқият шығарыңыз. Барлық орам матери-
алдары мен жарнамалық жапсырмаларды жойыңыз.
Корпустағы ескертетін жапсырма, жапсырма-көрсеткіш (бар болса) және бұйымның
сериялық нөмірі бар кестешені орнында міндетті түрде сақтаңыз!
Тасымалдаған немесе төмен температураларда сақтаған соң аспапты қосар алдында
кем дегенде 2 сағат бөлме температурасында ұстау қажет.
Бұйым корпусын сулы шүберекпен сүртіп, кептіріңіз. Аспапты алғаш пайдаланған кезде
бөгде иістің пайда болуының алдын алу үшін оны тазалаңыз («Aспап күтімі» қар.).
Қолданар алдында құрылғының ішкі және сыртқы бөліктерінде жарықтар мен басқа
ақаулардың, зақымдардың жоқтығына көз жеткізіңіз. Аспапты жылу көздерінен, аспапқа
су, ыстық май мен басқа кірдің түсуі ықтимал жерлерден алыста, қатты тегіс көледенең
бетке орнатыңыз. Орнату барысында оның қасында жоғары температурадан зардап шегуі
мүмкін декоративті жабындылар, электрондық аспаптар мен басқа заттардың болмағанын
қадағалаңыз. Нан пешті үстелдің шетіне жақын, сонымен қатар қабырғалар мен басқа
аспаптарға тығыз қоймаңыз. Аспалы жиһаздың астына орналастырған кезде қақпақты ашу
үшін орын жететіндігіне көз жеткізіңіз.
Алғаш қосқан кезде дайын өнімді консервілеу барысында пайдаланылған техникалық
майлардың жануынан шыққан соған тән иіс немесе жеңіл түтіннің пайда болуы мүмкін.
Бұл зауыт ақауы болып табылмайды.
I I. НАН ПІСІРГІШТІ ПАЙДАЛАНУ
Қуаттан тәуелсіз жады
RВМ-1913 нан пісіргіші қуаттан тәуелсіз жадымен қамтылған. Әзірлеу бағдарламасының
жұмысы барысында электр қуаты сөндірілген жағдайда баптаулар аспап жадысында 15
минут бойы сақталады. Электрлік қоректенуді жандандырған кезде бағдарламаның орын-
далуы автоматты жалғастырылады.
Қоректену 15 минуттан астам болмаған жағдайда баптаулар өшіріледі. Баптаулар өшіріл-
ген жағдайда электр желісіне қайта қосылған жағдайда аспап күту тәртібіне ауысады.
Егер рецептіде сүтті, етті немесе басқа жылдам бұзылатын өнімдер пайдаланылса, аспап-
ты электр желісінен сөндіріп, салқындағанша күтіңіз. Пісіруге арналған қалыпты шығарыңыз,
оны тазартыңыз және, жаңа ингредиенттер қолданып, рецептіге сәйкес қайтадан әзірле-
уді бастаңыз. Тазартқан кезде «Аспап күтімі» бөлімінің нұсқаулықтарын қатаң сақтаңыз.
Егер қолданылатын ингредиенттер жылдам бұзылатын болмаса, әзірлеу бағдарламасын қай-
тадан іске қосуға болады (егер пісірі үрдісі басталмаса) немесе өнімдерді ауыстырусыз «ВЫ-
ПЕЧКА» бағдарламасы арқылы өнімдерді дайын болғанша жеткізуге болады. Қарау терезесі
арқылы өнім дайындығын қадағалаңыз, қажет кезде бағдарламаның орындалуын тоқтатыңыз.
Бағдарламаны қайта іске қосқан кезде әзірленген нан сапасы қалаулы нәтижеге сәйкес
келмеуі мүмкін екендігін ескеру керек.
Әзірлеу уақытын орнату
RВМ-1913 нан пісіргішінде «МОЛОЧНАЯ КАША», «ДЖЕМ», «ЙОГУРТ», «ВЫПЕЧКА», «СУП»,
«ТУШЕНИЕ» және «ДЕСЕРТ» бағдарламалары үшін әзірлеу уақытын өздігінен орнатуға
болады. Бағдарлама таңдағаннан кейін әзірлеу уақытын өзгерту үшін және баты-
рмаларын басыңыз. Әзірлеу уақытының өзгеріс қадамы және ықтимал диапазоны таңдалған
әзірлеу бағдарламасына байланысты. Шаманы жылдам өзгерту үшін қажетті батырманы
басып, ұстап тұрыңыз.
Бағдарлама стартын кейінге қалдыру
Стартты кейінге қалдыру функциясы нан пісіруге қажетті (бағдарлама жұмысының уақы-
тын ескерумен) уақыт аралығын белгілеуге мүмкіндік береді. Уақытты 10 минуттық орна-
ту қадамымен 10 минуттан 15 сағатқа дейінгі диапазонда орнатуға болады.
Стартты кейінге қалдыру функциясы «МОЛОЧНАЯ КАША», «ДЖЕМ», «ЙОГУРТ», «ВЫ-
ПЕЧКА», «СУП», «ТУШЕНИЕ» және «ДЕСЕРТ» бағдарламаларында қол жетімсіз.
Бағдарлама таңдағаннан кейін стартты кейінге қалдыру уақытын өзгерту үшін және
батырмаларын басыңыз. Шаманы жылдам өзгерту үшін қажетті батырманы басып,
ұстап тұрыңыз. Максималды (минималды) шамаға қол жеткізгеннен кейін уақыттың ор-
натылуы диапазон басынан (соңынан) басталады. Стартты шегеру уақытын орнату кезінде,
сондай-ақ осы функцияның жұмыс істеу кезінде дисплейде «Отсрочка» сөзіне қарама-қар-
сы символы жыпылықтайды.
Добавить комментарий