
45
RMC-FM27
KAZ
5.
Егер сізді әдепкі бойынша орнатылған әзірлеу уақыты
қанағаттандырмаса, сіз оның шамасын өзгерте аласыз.
«МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасында сіз бағдарлама
басталғанша сіз қалаулы әзірлеу температурасын орната
аласыз. Мәнді арттыру үшін «+» батырмасын, азайту үшін
«–» батырмасын пайдаланыңыз.
6.
Қажет кезде стартты кейінге қалдыру уақытын орната
аласыз.
7. Дайындау бағдарламасын іске қосу үшін, «Старт» батыр-
масын басыңыз, автожылыту индикаторы жанады (егер бұл
функция қосулы болса). Әзірлеу уақытының кері санағы,
таңдалған әзірлеу бағдарламасына байланысты, «Старт»
батырмасын басқаннан кейін бірден немесе тостағанда
қажетті температураға қол жеткізгеннен кейін басталады.
«МАКАРОН» бағдарламасында әзірлеу уақытының кері
санағы тостағандағы су қайнағаннан кейін, өнімдер са-
лынғаннан кейін және «Старт» батырмасын қайта басқан-
нан кейін басталады.
Қажет кезде «Старт» батырмасын баса отырып, ав-
тожылыту функциясын алдын ала сөндіруге болады, ав-
тожылыту индикаторы сөнеді. «Старт» батырмасын
қайталап басу, осы функцияны қайта қосады.
8. Әзірлеу уақытының аяқталуы туралы сізге дыбыстық бел-
гі хабар береді, дисплейде «End» жазбасы пайда болады.
Әрі қарай, таңдалған бағдарламаға немесе ағымдағы бап-
тауларға байланысты, аспап автожылыту режіміне (ди-
сплейде индикаторы жанады) немесе күту режіміне
ауысады.
9. Енгізілген бағдарламаны өзгерту үшін, әзірлеу бағдарла-
масын немесе автожылытуды тоқтату үшін «Отмена/Разо-
грев» батырмасын басыңыз
Сапалы нәтиже алу үшін арнайы осы үлгілер үшін дайын-
далған мультипісіргіштеріне қоса тіркелетін аспаздық
кітаптағы тағамдар әзірлеу жөніндегі рецептілерді пай-
далануды ұсынамыз. Сәйкес рецептілерді сіз www.
multivarka.pro сайтында таба аласыз.
«МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасы
Осы бағдарлама тағамдарды пайдаланушы белгілеген әзірлеу
температурасы мен уақытының параметрлері бойынша әзір-
леуге арналған. «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасы себебінен
REDMOND RMC-FM27 мультипісіргіштері бірқатар асханалық
аспаптарды ауыстыра алады және ескі аспаздық кітапта та-
былған немесе Интернеттен алынған, сізді қызықтырған кез
келген дерлік рецепт бойынша тағам әзірлеуге мүмкіндік береді.
Егер ас дайындау температурасы 80°С-тан аспайтын
болса, автожылыту функциясын пайдалану ұсынылмайды.
Тағайындалу бойынша «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасында
әзірлеу уақыты 30 минут құрайды, әзірлеу температурасы —
100°С. Бағдарламада температураны қолмен орнату диапазоны
5°С қадаммен 35-180°С құрайды. Уақытты қолмен орнату ди-
апазоны — 1 минуттық қадаммен 2 минуттан 12сағатқа дейін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Әзірлеу температурасы 130°С жоға-
ры орнатылған кезде шамадан тыс қызудан қорғау үшін
бағдарлама жұмысының максималды уақыты 2 сағатпен
шектеледі.
«МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасында көптеген әртүрлі
тағамдар әзірлеуге болады. Біздің кәсіби мамандарымыз
ұсынатын аспаздық кітапты қолданыңыз немесе әртүр-
лі тағамдар мен өнімдерді дайындау үшін ұсынылған
температуралар бар арнайы кестешені қолданыңыз.
Сондай-ақ қажетті рецептілерді www.multivarka.pro сай-
тында таба аласыз.
«ЭКСПРЕСС» бағдарламасы
Бағдарлама күріш пен суда сусымалы ботқаларды пісіруге
арналған. Бағдарлама су толық қайнағаннан кейін автоматты
сөндірілуді қарастырады. Осы бағдарламада әзірлеу уақытын
қолмен орнату және «Стартты кейінге қалдыру» және «Авто-
подогрев» функциялары қол жетімсіз. Күту тәртібінде әзірлеу
бағдарламасын іске қосу үшін «Старт» батырмасын басыңыз.
Сондай-ақ басқару тақтасында сәйкес батырманы баса
отырып «ЭКСПРЕСС» бағдарламасын таңдауға және
«Старт» батырмасын басумен іске қосуға болады.
«ХЛЕБ» бағдарламасы
Бидай және қара бидай ұнынан нанның әртүрлі түрлерін пісіру
үшін ұсынылады. Бағдарлама қамырдын ашуынан піскенше
әзірленуінің толық циклін қарастырады. Бағдарламада әдепкі
әзірлеу уақыты 3 сағат. Әзірлеу уақытын 5 минуттық қадаммен
10 минуттан 4 сағатқа дейінгі диапазонда орнатуға болады.
Осы бағдарламада «Автоподогрев» функциясының максимал-
ды жұмыс уақыты үш сағатпен шектелген.
Пісірме сапасына әсер ететін болғандықтан, «Отсрочка старта»
функциясын қолдануға кеңес берілмейді.
Ингредиенттерді салу кезінде, олар тостағанның пайда-
лы көлемінің жартысынан аспауын қадағалаңыз.
Әзірлеу уақытын 1 сағаттан кем орнату кезінде «Старт»
батырмасын басқаннан кейін пісіру процесі басталады.
Қамырды ашыту кезеңінде мультипісіргіш қақпағын
ашпаңыз. Пісірілетін өнім сапасы осыған байланысты.
Бағдарлама жұмысының бірінші сағатында қамырды ашыту
кетеді, сосын— пісіру. Бағдарламаны әдепкі баптаумен іске
қосқанда 2 сағаттық жұмыс аяқталғаннан кейін құрал дыбыстық
сигнал береді. Мультипісіргіш қақпағын ашыңыз және нанды
аударыңыз. Егер бағдарлама баптауына өзгертулер енгізілген
болса, дыбыстық сигнал берілмейді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Нанды құралдан шығару үшін ас үй
қолғабын қолданыңыз.
Ұнды қолданар алдында оттегіге қанығу үшін және қоспалар-
ды жою үшін елеу керек. Уақытты қысқарту үшін және әзірле-
уді жеңілдету үшін нанды әзірлеуге арналған дайын қоспаны
қолдануды ұсынамыз.
«НА ПАРУ» бағдарламасы
Етті, құсты, балықты, көкөністерді және көп құрамды тағамдар-
ды буда әзірлеуге арналған. Тағайындалу бойынша бағдарла-
мадағы әзірлеу уақыты 35 минутты құрайды. Әзірлеу уақытын
5 минуттық қадаммен 5 минуттан бастап 2 сағатқа дейінгі
диапазонда қолмен орнатуға болады. Осы бағдарламада әзір-
леу үшін арнайы контейнер (жинаққа кіреді) пайдаланылады.
«ВАРКА» бағдарламасы
Бағдарлама көкөністер мен бұршақ тұқымдастарды әзірлеуге
арналған. Әдепкі әзірлеу уақыты 40 минут. Әзірлеу уақытын
қолмен орнату диапазоны— 5минуттық қадаммен 10 минуттан
8 сағатқа дейін.
«МАКАРОНЫ» бағдарламасы
Бағдарлама су қайнағанша жеткізуді, ингредиенттерді салу мен
олардың әрі қарайғы әзірлеуін қарастырады. Суды қайнату
уақыты мен өнімдерді салу қажеттігі туралы дыбыстық сигнал
хабарлайды. Әзірлеудің кері санағы «Старт» батырмасын қай-
талап басқаннан кейін басталады.
Бағдарламадағы әдепкі әзірлеу уақыты 8 минут. Әзірлеу уақы-
тын қолмен орнату 1 минуттық қадаммен 2 минуттан 1 сағатқа
дейінгі диапазонда мүмкін. Осы бағдарламада «Отсрочка стар-
та» және «Автоплдогрев» функциялары қол жетімсіз.
Кейбір өнімдерді (мысалы, макарон, тұшпара және т.б.)
әзірлеу кезінде көбік пайда болады. Оның тостағаннан
ағуын болдырмас үшін, өнімді қайнап тұрған суға салғаннан
кейін бірнеше минут қақпақты ашып қоюға болады.
«ЖАРКА» бағдарламасы
Ет, құс, балық және көп құрамды тағамдарды қуыруға арналған.
Тағайындалу бойынша бағдарламадағы әзірлеу уақыты 18
минутты құрайды. Әзірлеу уақытын 1 минуттық қадаммен 5
минуттан бастап 2 сағатқа дейінгі диапазонда қолмен орнатуға
болады.
Отсрочка старта функциясы бұл бағдарламада қол жетімсіз.
Ингредиенттердің күйіп қалуының алдын алу үшін ре-
цептілер кітабындағы нұсқаулықтарды сақтап, тостаған
құрамын мерзімді араластыру қажет. «ЖАРКА» бағдарла-
масын қайта пайдалану алдында аспап толық салқын-
дағанша күтіңіз.
«ВЫПЕЧКА» бағдарламасы
Ашытылған қамырдан кекстер, пісірмелер және бәліштер әзір-
леуге арналған. Тағайындалу бойынша бағдарламадағы әзірлеу
Добавить комментарий