
41
RMC-FM27
KAZ
41
Осы бұйымды пайдаланудың алдында оны пайдалану бойынша нұсқау-
лықты мұқият оқыңыз және анықтамалық ретінде сақтап қойыңыз.
Аспапты дұрыс пайдалансаңыз, оның қызмет ету мерзімі көпке ұзарады.
Қауіпсіздік шаралары
•
Қауіпсіздік техникасы талаптары мен бұйымды пай-
далану ережелерін ұстанбаудан туындаған зақымдар
үшін өндіруші жауапкершілікке тартылмайды.
•
Аспап тек тұрмыстық пайдалануға арналған.
Құрылғының өндірістік немесе кез келген басқа
пайдаланылуы бұйымды дұрыс пайдалану ереже-
лерінің бұзылысы болып табылады.
•
Құрылғыны электр желіге қосудың алдында оның
кернеуі аспап қоректенуінің номиналды кернеуіне
сәйкес келетінін тексеріңіз (бұйымның техникалық
сипаттамасын немесе зауыттық кестешесін қараңыз).
•
Аспаптың тұтынылатын қуатына арналған
ұзартқышты пайдаланыңыз — параметрлердің сәй-
кес келмеуі қысқа тұйықталуға немесе кабельдің
тұтануына әкеліп соқтыруы мүмкін.
•
Аспапты тек жерлендірілген розеткаға қосыңыз —
бұл тоқ соғуға қарсы қорғаныстың міндетті талабы.
Ұзартқышты пайдаланылғанда ол да жерлендіріл-
геніне көз жеткізіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспап жұмыс істеп тұрғанда
оның корпусы, табағы мен металдық бөлшектері
қызады! Абай болыңыз! Асханалық қолғапты пай-
даланыңыз. Ыстық буға күйіп қалмау үшін қақпақты
ашқанда құрылғының үстінде еңкеймеңіз.
• Аспапты пайдаланған соң, сонымен қатар оны таза-
лау немесе жылжыту кезінде розеткадан ажыра-
тыңыз. Электр бауды сымынан ұстамай, ашасынан
құрғақ қолмен ұстап шығарыңыз.
• Электр қоректену бауын есіктен немесе жылу көз-
дерінің қасында жүргізбеңіз. Электр бауы бұралма-
уын және бүгілмеуін, өткір заттарға, жиһаздың
бұрыштары мен шеттеріне тимеуін байқаңыз.
Есте сақтаңыз: электр қоректену кабелін кездей-
соқ зақымдасаңыз, кепілдік шарттарына сәйкес
келмейтін ақауларға, сонымен қатар электр тоғы-
ның соғуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Зақымданған
электр бауы сервис-орталықта жылдам ауысты-
руды талап етеді.
•
Аспапты жұмсақ бетке орнатпаңыз, оны жұмыс кезін-
де жаппаңыз — бұл құрылғының қызуына және бұ-
зылуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
• Дискілік қыздыру элементінің күйін өзгерту бары-
сында аспапты жеткізу жиынтығына кіретін шым-
шуырларды міндетті түрде қолданыңыз — бұл күйіп
Добавить комментарий