
44
Стартты кейінге қалдыру функциясы, «ЖАРКА», «МАКА-
РОНЫ» және «ЭКСПРЕСС» бағдарламаларын қоспағанда,
барлық автоматты әзірлеу бағдарламалары үшін қол
жетімді. Егер рецептіде жылдам бұзылатын өнімдер (жұ-
мыртқалар, балғын сүт, ет, ірімшік және т.б.) болса, От-
срочка старта функциясын пайдалану ұсынылмайды.
Дайын тағамдар температурасын сақтау (автожылыту)
Бұл функция әзірлеу бағдарламасы аяқталғаннан кейін бірден
автоматты түрде қосылып, дайын тағам температурасын 12
сағат бойы 70-75°С шектерінде сақтай алады. Автожылыту
жұмыс жасаған кезде «Отмена/Разогрев» батырмасының жа-
рықтық индикаторы жанады.
Қажет кезде «Отмена/Разогрев» батырмасын басып, автожылы-
туды сөндіруге болады.
Автожылытуды алдын ала сөндіру
Әзірлеу бағдарламасының жұмысы аяқталған бойда автожылы-
туды қоспаған жөн. Осыны ескерумен, REDMOND RMC-FM27
мультипісіргіштерінде негізгі әзірлеу бағдарламасын іске қосу
немесе жұмыс жасау кезінде осы функцияны алдын ала сөндіру
функциясы қарастырылған. Осы мақсатта старт уақыты кезінде
немесе бағдарлама жұмысы барысында «Старт» батырмасын
басыңыз. Автожылытуды қайта қосу үшін «Старт» батырмасын
қайта басыңыз.
«ЙОГУРТ», «МАКАРОНЫ», «ЭКСПРЕСС» бағдарламаларын
пайдалану барысында автожылыту қызметі жұмыс жа-
самайды және «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасын орнату
барысында әзірлеу температурасы 80°С-тан төмен.
Тағамдарды жылыту
REDMOND RMC-FM27 мультипісіргішін салқын тағамдарды
жылыту үшін пайдалануға болады. Бұл мақсатта:
1. Өнімдерді тостағанға салыңыз, оны мультипісіргіш корпу-
сына орнатыңыз.
2.
Қақпақты жауып, аспапты электр желісіне қосыңыз,
басқышын басыңыз.
3.
«Отмена/Разогрев» батырмасын басыңыз. Дисплейде тиісті
индикатор жанады. Таймер жылыту уақытын тікелей санай
бастайды.
Аспап тағамды 70-75°С дейін жылытып, оны ыстық күйінде 12
сағат бойы сақтайды. Қажет болған жағдайда «Отмена/Разо-
грев» батырмасын басу арқылы жылытуды тоқтатуға болады.
Автожылыту және жылыту функциялары арқасында муль-
типісіргіш өнімдерді 12 сағатқа дейін ыстық күйінде
сақтай алады, алайда біз тағамды ыстық күйінде 2-3
сағаттан астам қалдыруды ұсынбаймыз, себебі бұл оның
дәмдік қасиеттерінің өзгеруіне алып келуі мүмкін.
«MASTERFRY» функциясы A3
REDMOND RMC-FM27 көтерме қыздыру элементтерімен жаб-
дықталған.Осының арқасында мультиваркада сіз тек тостаған
ғана емес, сонымен қатар жарасымды табаны да қолдана ала-
сыз.
Таба түбінің диаметрі құрылғының қыздыратын дискісінің
диаметрінен аспауы тиіс. Ыдыстың шеті мен тұтқалары
мультипісіргіш корпусының пластик бөліктерімен және
қақпақтың нығыздағыш сақинасымен жанаспауын қадағалаңыз.
Қыздыру элементінің күйін өзгерту үшін қауіпсіздік мақ-
саттарында шымшуырды қолданыңыз (жеткізу жиын-
тығына кіреді).
Жоғары айқындамаға қыздыру элементін орнату үшін, оны
тірегінен мұқият көтеріңіз және жұмыс камераларының қабы-
рғаларындағы қиманы сенімді бекітуіне дейін сағат тілі бой-
ымен жеңіл айналдырыңыз.
Төменгі айқындамаға дискілік қыздырғышты орнатуда бекіту
жұмыс камерасының қабырғаларындағы қимасынан шығуы
үшін, жайлап көтеріңіз және сағат тіліне қарсы дискіні жеңіл
айналдыра отырып, мұқият түсіріңіз.
Егер аспап электр желісіне қосылған болса, қыздыру эле-
ментінің күйін өзгертуге тырыспаңыз!
Егер дискілік қыздырғыш элементін жоғары айқындамада
орнатылған болса, аспап қақпағын жабуға рұқсат етіл-
мейді.
«МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» функциясы
Өзіңіз үшін жаңа «МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» функциясымен бірге
аспаздық шығармашылық үшін мол мүмкіндіктер ашыңыз! Егер
«МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасы іске қосқанға дейін бағдар-
лама жұмысының параметрлерін белгілеуге мүмкіндік берсе,
«МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» функциясын пайдаланып, сіз баптаулар-
ды тікелей әзірлеу барысында өзгерте аласыз.
«ЭКСПРЕСС» және «ЙОГУРТ» автоматты бағдарламаларын
пайдалану кезінде «МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» функциясы қол
-
жетімді емес.
«МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» функциясын қолдану кезінде темпера-
тураны өзгерту— 1°С қадаммен 35-160°С диапазонында мүм-
кін. Әзірлеудің минималды уақыты— 1 минут, әзірлеудің мак-
сималды уақыты таңдалынған бағдарламаға байланысты,
орнату қадамы— 1 минут.
Сіз «МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» қызметін тек әзірлеу барысында ғана
пайдалана аласыз. «Бастауды кейінге қалдыру» қызметінің
жұмысы кезінде және жұмыс режиміне шығуды күтуде «МА-
СТЕРШЕФ ЛАЙТ» қызметі қол жетімді болмайды.
«МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» функциясы сіз әр түрлі әзірлеу бағдар-
ламаларының үйлесімін қажет ететін күрделі рецептілер
бойынша тағамды әзірлеген жағдайда айрықша пайдалы
болуы мүмкін.
Әзірлеу температурасын өзгерту үшін:
1.
Әзірлеу бағдарламасының жұмысы барысында «Темп.»
батырмасын басыңыз. Дисплейде температура шамасының
индикаторы жыпылықтай бастайды.
2.
Қалаулы температураны орнатыңыз. Арттыру үшін «+»
батырмасын, азайту үшін — «–» батырмасын басыңыз.
Жылдам өзгерту үшін қажетті батырманы басып, ұстап
тұрыңыз. Максималды (минималды) шамаға қол жеткізген
-
нен кейін орнату диапазон басынан басталады.
3.
5 секунд ішінде басқару тақтасында батырма баспаңыз.
Өзгерістер автоматты түрде сақталады. Орнатылған тем-
пература бағдарлама жұмысы аяқталғанша немесе жаңа
өзгертуге дейін көрсетіліп тұрады.
Әзірлеу температурасы 130°С жоғары орнатылған кезде
шамадан тыс қызудан қорғау үшін бағдарлама жұмысының
максималды уақыты екі сағатпен шектеледі.
Әзірлеу уақытын өзгерту үшін:
1.
Әзірлеу бағдарламасының жұмысы барысында «Время»
батырмасын басыңыз. Дисплейде уақыт шамасының ин-
дикаторы жыпылықтайды.
2. Қалаулы әзірлеу уақытын орнатыңыз. Сағат шамасын арт-
тыру үшін «+» батырмасын, азайту үшін — «–» батырмасын
басыңыз.
3.
«Время» батырмасын қайта басыңыз және «+» және«–»
батырмаларының көмегімен минут шамасын орнатыңыз.
Сағаттар мен минуттарды арттыру бір-бірінен тәуелсіз
жүреді. Диапазонның максималды шамасына қол жеткіз-
геннен кейін орнату диапазон басынан басталады. Шама-
ны жылдам өзгерту үшін қажетті батырманы басып, ұстап
тұрыңыз.
4.
5 секунд бойы басқару тақтасында батырма баспаңыз.
Өзгертулер автоматты түрде сақталады.
Егер әзірлеу уақытының шамасын 00:00 орнатсаңыз,
бағдарлама жұмысы тоқтатылады.
Автоматты бағдарламаларды қолданған кездегі әре-
кеттердің жалпы тәртібі
1. Қажетті ингредиенттерді дайындаңыз (өлшеңіз).
2.
Ингредиенттерді мультипісіргіш тостағанында әзірлеу
бағдарламасына сәйкес орналастырып, оны аспап корпу-
сына салыңыз. Барлық ингредиенттердің, соның ішінде
сұйықтық тостағанның ішкі бетінде максималды белгісінен
төмен болуын бақылаңыз. Тостаған қиғаштықсыз орна-
тылғандығына және қыздырғыш элементпен тығыз жана-
сатындығына көз жеткізіңіз.
3. Мультипісіргіш қақпағын тарсылға дейін жабыңыз. Аспап-
ты электр желісіне қосыңыз, басқышын басыңыз.
4.
Әзірлеу бағдарламасын таңдау үшін басқару панелінде
сәйкес батырманы басыңыз. Батырма жанындағы индикатор
жанады, дисплейде әдепкі әзірлеу уақыты мен индика-
торы пайда болады. «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасын таңдау
кезінде дисплейде температураның әдепкі шамасы шығады.
Добавить комментарий