
31
ҚАЗАҚ
Кір жуғыш машина циклі
Удаленный старт (Қашықтан іске қосу)
Жабдықты қашықтан бақылау үшін, смартфонды
пайдаланыңыз. Цикл жұмысын да бақылауға болады,
сол арқылы циклде қанша уақыт қалғанын біле
аласыз.
Қашықтан іске қосуды пайдалану үшін:
1Вкл/Выкл түймесін басыңыз.
2Кірді барабанға салыңыз.
3«Қашықтан іске қосу» функциясын қосу үшін,
Удаленный старт түймесін 3 секундтай басып
тұрыңыз.
4Смартфоныңыздағы LG SmartThinQ
қолданбасынан циклді іске қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
•«Қашықтан іске қосу» режимі қосылғаннан
кейін циклді LG SmartThinQ смартфон
қолданбасынан іске қосуға болады. Цикл іске
қосылмаса, машина қолданбамен қашықтан
өшірілгенше немесе «Қашықтан іске қосу»
режимі өшірілгенше циклдің іске қосылуын
күтеді.
•Қашықтан іске қосу қосылған кезде, есік
автоматты құлыпталады.
Қашықтан іске қосуды өшіру үшін:
Қашықтан іске қосу қосылған кезде,
Удаленный старт түймесін 3 секундтай басып
тұрыңыз.
Моя программа (Менің бағдарламам)
Құрылғыдағы негізгі циклдарға кірмейтін жаңа және
арнайы циклдерді жүктеңіз.
Сәтті тіркелген құрылғылар құрылғыға әр түрлі
арнайы циклдерді жүктей алады.
Құрылғыда бір уақытта тек бір циклді сақтауға
болады.
Құрылғыда циклді жүктеу аяқталғаннан кейін өнім
жаңа цикл жүктелгенше жүктелген циклді сақтайды.
Бастапқы коды ашық бағдарламалық құрал
ескертуі туралы ақпарат
Осы өнімдегі GPL, LGPL, MPL және басқа да
бастапқы коды ашық лицензиялардағы бастапқы
кодты алу үшін http://opensource.lge.com веб-
торабына өтіңіз.
Бастапқы кодқа қоса, барлық қажетті
лицензиялардың шарттарын, кепілдік міндеттерінен
бас тарту құжаттарын және авторлық құқық туралы
мәліметтерін алуға болады.
LG Electronics компаниясы сізге CD-ROM дискісінде
ашық бастапқы кодты ақылы түрде береді. Қызмет
ақысына opensource@lge.com мекенжайына
электрондық хатпен сұрау жіберілгеннен кейін
мұндай үлестіруді орындау құны (мысалы, тасығыш,
жеткізу және өңдеу құны) жатады. Бұл ұсыныс осы
өнімді соңғы рет жібергеннен кейін үш жыл ішінде
жарамды болады. Ұсыныс осы ақпаратты алған әр
тұлға үшін жарамды болып келеді.
Добавить комментарий