LG TW7000DS/TW351W

Данная инструкция на русском языке предназначена для стиральной машины LG TW7000DS/TW351W, описывает принцип работы и основные моменты эксплуатации устройства. Перед первым включением рекомендуется внимательно изучить данное руководство.

Инструкция для стиральной машины представлена в формате PDF, который поддерживается на всех современных устройствах, так что сложностей с открытием файла возникнуть не должно. Но если открыть документ не получается, установите любую программу для чтения PDF файлов, например Acrobat Reader.

Чтобы распечатать инструкцию, нужно ее сначала скачать, для этого кликните по кнопке «Скачать инструкцию», файл откроется в новой вкладке, затем нажмите комбинацию клавиш Сtrl + P и из открывшегося диалогового окна, отправьте документ на печать.

Страницы: Стр:
06
Жұмыс істеп тұрғанда оған
жақындамаңыз. Барабанның
толықтай токтауын күтіңіз. Әйтпесе
бұл жарақатқа себеп болуы мүмкін.
Жанғыш не жарылғыш заттармен
алауыз, май, бояу, бензин,
майсыздандырғыш, құрғақ тазалау
еріткіштері, керосин, өсімдік майы,
аспаздық майы т.б. сияқты) тазаланған,
жуылған, малынған немесе шашыраған
бұйымдарды салмаңыз, жумаңыз не
кептірмеңіз. Қате пайдалану өртке не
жарылысқа себеп болуы мүмкін.
Су аққан жағдайда өнім пайдалануды
тоқтатып, LG Electronics қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Суға тию электр тогының соғуына
себеп болуы мүмкін.
Аспаптың есігі ашық болғанда
есікті төмен қарай қатты баспаңыз.
Нәтижесінде құрылғы аударылып,
жарақат тудыруы мүмкін.
Аспаппен берілген жаңа шлангілер
жинағын пайдаланыңыз. Ескі
шлангілер жинағы пайдаланылмауы
тиіс. Су ағуы мүліктің зақымдалуына
себеп болуы мүмкін.
Ағын циклдері, кептіру не жоғары
температурада жуу барысында есікке
тиіспеңіз. Есіктің беті тым ыстық болуы
мүмкін. Есікті ашудан бұрын есік
құлпының босатылуын күтіңіз. Әйтпесе
бұл жарақатқа себеп болуы мүмкін.
Тез жанғыш газ бен жанғыш заттарды
(бензин, жанармай, сұйылтқыш,
мұнай, спирт т.б.) өнімнің айналасында
пайдаланбаңыз. Бұл жарылыс не өртке
себеп болуы мүмкін.
Қыс мезгілінде су ағызу шлангісі не
кіріс шлангісі қатып қалса, оны тек
еріткеннен кейін пайдаланыңыз.
Мұздау өртке не электр тогының
соғуына себеп болуы мүмкін және
қатып қалған бөлшектер өнімнің
ақаулығына немесе өнімнің қызмет
көрсету мерзімінің азаюына себеп
болуы мүмкін.
Барлық жуу құралдарына,
жұмсартқыштарға және
ағартқыштарға балаларды
жақындатпаңыз. Бұл өнімдер зиянды
заттардан тұрады.
Көп ұяшықты розеткаларға не
ұзартқыштарға бірнеше өнімдерді
жалғамаңыз. Бұл өртті тудыруы
мүмкін.
Өнімді тазалау кезінде ашаны алып
тастаңыз. Ашаны алып тастамасаңыз,
электр тогының соғуына не жарақатқа
себеп болуы мүмкін.
Ашаны ылғал қолдармен ұстамаңыз.
Бұл электр тогының соғуына не
жарақатқа себеп болуы мүмкін.
Ашаны розеткадан алу кезінде
кабельден емес, ашадан ұстаңыз.
Кабельге зақым келтіру электр
тогының соғуына не жарақатқа себеп
болуы мүмкін.
Қуат сымын артық бүкпеңіз не оның
үстіне ауыр зат қоймаңыз. Қуат кабелі
зақымдалса, электр тогының соғуын
не өртті тудыруы мүмкін.
Страницы: Стр: 56
Комментарии (0)

Добавить комментарий

Другие Стиральные машины LG