
29
ҚАЗАҚ
СМАРТ ФУНКЦИЯЛАРЫ
LG SmartThinQ қолданбасын
пайдалану
LG SmartThinQ пайдалану алдында
тексерілетін нәрселер
• немесе логотипі бар құрылғыларға арналған
1Құрылғы мен сымсыз бағдарлауыш арасындағы
қашықтықты (Wi-Fi желісін) тексеріңіз.
•Жабдық пен сымсыз роутер арасы тым алыс
болса, сигнал беру деңгейі әлсірейді. Тіркеуге
көп уақыт кетуі мүмкін немесе жабдық
орнатылмауы мүмкін.
2Смартфоныңыздағы Мобильді интернет
немесе Сотовые данные функциясын өшіріңіз.
•iPhone смартфондары үшін, Настройки
→ Сотовая связь → Сотовые данные
тармағына өтіп, интернетті өшіріңіз.
3Смартфоныңызды сымсыз роутерге қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
•Wi-Fi байланысын тексеру үшін, басқару
панеліндегі Wi-Fi белгішесі жанып тұрғанын
тексеріңіз.
•Құрылғы 2,4 Ггц Wi-Fi желілерімен ғана жұмыс
істейді. Желінің жиілігін анықтау үшін интернет
қызметінің провайдеріне хабарласыңыз
немесе сымсыз бағдарлауыштың нұсқаулығын
қараңыз.
•LG SmartThinQ қолданбасы желі байланысынан
болған ақауларға немесе желі байланысына
қатысты қателерге жауапты емес.
•Машинада Wi-Fi желісіне қатысты мәселелер
болса, оның маршрутизатордан тым алыс
болуы мүмкін. Wi-Fi сигналының күшін
жақсарту үшін, Wi-Fi аралық күшейткішін (ауқым
кеңейткішін) сатып алыңыз.
•Wi-Fi байланысы үйдің желілік ортасына
байланысты қосылмауы немесе үзілуі мүмкін.
•Желі байланысының интернет қызметінің
провайдеріне байланысты дұрыс жұмыс
істемеуі мүмкін.
•Айналадағы сымсыз орта сымсыз желі
қызметінің баяу іске қосылуына әкелуі мүмкін.
•Сымсыз сигналды тарату жүйесіндегі
ақаулыққа байланысты, жабдықты тіркеу мүмкін
емес. Жабдықты электр жүйесінен ажыратып,
әрекетті қайталамас бұрын бір минтуттай
күтіңіз.
•Сымсыз роутердегі брандмауэр қосулы болса,
оны өшіріңіз немесе оны ерекше жағдай
ретінде қосыңыз.
•Сымсыз желінің атауы (SSID) ағылшын
әріптері мен сандардан тұруы қажет. (Ерекше
таңбаларды қолданбаңыз)
•Смартфонның пайдаланушы интерфейсі (UI)
телефонның операциялық жүйесіне (OS) және
өндірушіге байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
•Егер роутердің қауіпсіздік протоколы WEP
күйіне орнатылған болса, желіні орната
алмауыңыз мүмкін. Оны басқа қауіпсіздік
протоколдарына өзгертіңіз (WPA2 ұсынылады)
және өнімді қайтадан тіркеңіз.
Добавить комментарий