
Арнайы жасалған мүмкіндіктер 29
Экранды саусақ ізі арқылы құлыптан босату
Саусақ ізін пайдалану арқылы экранды құлыптан босатуға немесе
құлыптанған мазмұнды көруге болады. Қалаулы функцияны белсендіру:
1 Баптаулар Баптаулар Құлыптау экраны және қауіпсіздік
Саусақ іздері тармағын түртіңіз.
2 Көрсетілген құлыптау әдісі бойынша құлыптан босатыңыз.
3 Саусақ ізі параметрлерінің экранында, қалаулы функцияны белсендіріңіз:
• Экран құлпы: Экранды саусақ ізі арқылы құлыптан босатыңыз.
• Мазмұнды құлыптау: Мазмұнды саусақ ізі арқылы құлыптан
босатыңыз. Ол үшін, мазмұнның құлпы орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
Бетті тану мүмкіндігі
Бетті тану мүмкіндігіне шолу
Сақталған бет әлпетке қатысты деректерді пайдаланып, экран құлпын
ашуға болады.
• Бұл мүмкіндік Knock Code, Графикалық үлгі, PIN немесе Кілтсөз сияқты
басқа экран құлыптау әдістерінен қауіпсіздігі бойынша әлдеқайда осал
болуы мүмкін.
• Ұқсас бет немесе сіздің бетіңіздің фотосуреті пайдаланылған кезде,
экран құлпы ашылуы мүмкін.
• Танылған бет-әлпет деректері құрылғыда қауіпсіз сақталады.
• Экранды құлыптау үшін бет-әлпетті тану мүмкіндігі таңдалған
кезде, қуат қосылғаннан кейін бет-әлпетті тану мүмкіндігін тікелей
пайдаланбай-ақ, бет-әлпетті тіркеу үшін пайдаланылған Knock Code,
Графикалық үлгі, PIN немесе Кілтсөз енгізуге болады. Сәйкесінше
көрсетілген мәнді ұмытып қалмаңыз.
• Егер құрылғы бет-әлпетті анықтай алмаса немесе тіркелу үшін
көрсетілген мәнді ұмытып қалсаңыз, құрылғыны жеке куәлігіңізбен сізге
ең жақын LG тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына апарыңыз.
• Қуатты үнемдеу үшін, батарея зарядының деңгейі 5 % шамасынан
төмен болған кезде Бетті тану мүмкіндігі жұмыс істемейді.
Добавить комментарий