11Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар
• Батарея зарядтағышын күн сәулелері астында немесе жуыну бөлмесі
сияқты ылғалдылығы жоғары жерлерде қалдырмаңыз.
• Батареяны ыстық немесе суық жерде қалдырмаңыз: жұмысына кері әсер
беруі мүмкін.
• Батарея дұрыс түрімен алмастырылмаса, жарылыс қаупін тудырады.
Қолданылған батареяларды нұсқаулар бойынша жойыңыз.
• Құрылғы толығымен зарядталғаннан кейін, керексіз қуат тұтынуын
болдырмау үшін зарядтағышты қабырға розеткасынан ажыратыңыз.
• Батареяның қызмет ету мерзімі желі конфигурациясына, өнім
параметрлеріне, пайдалану тәсілдеріне, батареяға және қоршаған ортаға
байланысты болады.
• Жануар тістері немесе тырнақтары сияқты өткір қырлы заттардың
батареяға тимейтінін тексеріңіз. Бұл өрт тудыруы мүмкін.
Жеке ақпаратты қорғау
• Деректердің жайылып кетуіне немесе құпия ақпараттың қате
пайдаланылуына жол бермеу үшін жеке ақпаратыңызды қорғаңыз.
• Құрылғыны пайдаланғанда әрқашан маңызды деректердің резервтік
көшірмесін жасаңыз. LG компаниясы ақпараттың жоғалуы үшін жауапты
емес.
• Құрылғыны тастағанда құпия ақпараттың қате пайдаланылуына жол
бермеу үшін барлық ақпараттың резервтік көшірмесін жасап, құрылғының
бастапқы параметрлерін қалпына келтіріңіз.
• Қолданбаларды жүктеп алғанда рұқсат экранын мұқият оқыңыз.
• Бірнеше функциялары бар немесе сіздің жеке ақпаратыңызға кіру рұқсаты
бар қолданбаларды пайдаланғанда сақ болыңыз.
• Жеке есептік жазбаларыңызды жиі тексеріп тұрыңыз. Жеке
ақпаратыңызды қате пайдалану белгілерін анықтасаңыз, қызмет
провайдерінен сіздің есептік жазба ақпаратыңызды жоюын немесе
өзгертуін сұраңыз.
• Құрылғыңыз жоғалса немесе ұрланса, жеке ақпаратыңызды қорғау үшін
есептік жазбаңыздың кілтсөзін өзгертіңіз.
• Белгісіз көздерден алынған қолданбаларды пайдаланбаңыз.
Добавить комментарий