
2
Жарақаттану және мүлікке зиян келтірудің алдын алу үшін келесі сақтық шараларын сақтаңыз.
Келесі белгілер қате пайдаланудың нәтижесінде туындаған шығынның мөлшерін көрсетеді.
Шартты белгілердің сыныптамасы мен түсіндірмесі келесідей.
zҚұрылғыны қуат беру шнуры немесе қуат беру ашасы ақаулы болса немесе розетка мен қуат беру ашасының
арасындағы жалғау тығыз болмаса пайдалануға болмайды.
(қысқа тұйықталу салдарынан электр тоғымен жарақаттану немесе өрт шығуының алдын алу үшін)
→ Егер электрлік қуат беру көзінің иілгіш сымы ақаулы болса, қауіптің алдын алу үшін оны өндіруші-компанияның
сервистік-қызмет көрсету бөлімінің мамандары алмастыруы керек.
zҚуат беру шнурын немесе қуат беру ашасын зақымдамаңыз.
zКелесі әрекеттерге қатаң тыйым салынады:
● Зақымдау, өңдеу, жанасу немесе жоғары температураға әсер ету, күш иілу, бұралу, тарту, бұрышқа ілу, қозғалу
үшін тарту.
(Қуат беру шнурының және ашаның зақымдалуынан электр тоғымен жарақаттану, сонымен қатар, қысқа
тұйықталу салдарынан өрт шығуына жол бермеу үшін)
zТұмшапеште саңылаусыз ыдыс немесе контейнерді пайдалануға болмайды.
(Ас әзірлеу барысында контейнерлердегі артық қысымнан туындаған жарылыс қаупіне жол бермеу үшін)
zТұмшапеш саңылауына бөгде заттарды қоймаңыз.
Әсіресе металл заттар, мысалы, қорғасын сым немесе электрлік сымдар.
(Болжанбаған әрекеттер салдарынан электр тоғымен немесе басқа да жарақаттануға жол бермеу үшін)
zТұмшапештің алдына декоративті есік панельдерін орнатпаңыз.
(Қызып кету салдарынан есік панельдерінің деформациясының алдын алу үшін).
zЖұмыс істеп тұрғанда немесе жұмыстан кейін бірден құралға жақындамаңыз. Әсіресе балаларды мұқият
бақылаңыз. (Күйіп қалмауы үшін)
zҚұралға ыстыққа төзімді керамикадан басқа қандай да бір заттар салмаңыз.
(Жоғары температурада балқудың салдарынан өрт шығуының алдын алу үшін)
Мысалы, келесілерді қолдануға тыйым салынады:
zПластик контейнерлер секілді тез тұтанатын заттар.
zАлюминий фольгадан жасалған бұйымдар.
Бұл құралды бөлмені жылыту үшін пайдаланбаңыз.
(Өрт шығуының және құралдың қызмет мерзімінің қысқаруының алдын алу үшін)
zБұл құралды ашылмаған консерві өнімдерін жылыту үшін пайдаланбаңыз.
(Қысымның артуынан туындаған жарылыс салдарынан өрт шығуының, күйік немесе жарақаттың алдын алу үшін).
Сақтық шаралары Міндетті түрде сақтаңыз
Назар аударыңыз: алдын алмаған жағдайда өлімге немесе ауыр жарақатқа алып келуі мүмкін әлеуетті қауіпті
білдіреді.
Бұл белгі жасалмауы тиісті, яғни «Тыйым салынған» әрекеттерді көрсетеді.
Бұл белгі орындалуы тиісті, яғни «Міндетті» әрекеттерді көрсетеді.
Абайлаңыз
Абайлаңыз: алдын алмаған жағдайда өлімге немесе ауыр жарақатқа алып келуі мүмкін әлеуетті қауіпті
білдіреді.
Добавить комментарий