
36
Автоматты түрде өшіру көмегімен қорғау
Автоматты түрде өшіру - индукциялық пісіру панеліңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
функция. Ол сіз өшіруді ұмытып кеткен жағдайда, құрылғыны автоматты түрде өшіреді. Түрлі
қуаттағы жұмыс уақытының стандарт мәндері кестеде көрсетілген:
Қуат деңгейі 123456789
Стандарт жұмыс таймері (сағат) 8 8 8 4 4 4 2 2 2
Ыдысты алғанда ас пісіру аймағы бірден қызуын доғарып, пісіру панелі 2 минуттан соң
сөнеді.
Жүрекширатқышы бар тұлғалар бұл құрылғыны пайдаланбас бұрын дәрігермен
кеңесуі керек.
Таймер қолдану
Таймер қолданудың екі тәсілі бар:
yОны кері санау үшін қолдануға болады. Бұл жағдайда таймер уақыт белгіленсе, ешбір ас
пісіру аймағын өшірмейді.
yТаймерді белгіленген уақыт өткен соң бір немесе бірнеше ас пісіру аймағын өшіру үшін
баптауға болады.
yТаймерді 99 минутқа дейін баптауға болады.
Таймерді кері санау үшін қолдану
Егер ас әзірлейтін аймақтың ешқайсысын таңдамасаңыз,
1. Пісіру панелі өшкенін тексеріңіз.
Ескертпе: ас пісіру аймағының ешқайсысын таңдамасаңыз да, кері санау таймерін
пайдалана аласыз.
2. Таймерді басқару құралын түртіңіз (“+” немесе “ - “ белгішесі), кері санақ шамы
жыпылықтай бастайды және таймер дисплейінде “30” жанады.
3. “-” немесе “+” таймер белгішелерін түрту арқылы уақытты орнатыңыз.
Кеңес: уақытты 1 минутқа азайту немесе көбейту үшін “-” немесе “+” белгішесін бір
рет түртіңіз. Уақытты 10 минутқа азайту немесе көбейту үшін таймердегі “-” немесе “+”
белгішесін басып тұрыңыз.
4. Уақыт белгіленде оны санау бірден басталады. Дисплейде қалған уақыт көрсетіледі және
таймер шамы 5 секунд ішінде жыпылықтайды.
5. Белгіленген уақыт аяқталғанда зуммер 30 секунд бойы дыбыстық сигнал береді, ал
таймер көрсеткіші «- -» көрсетеді.
ЕСКЕРТУ: Индукциялық плита жұмысын жалғастырады, бұл таймер функциясы тек уақытты
белгілеуге арналған және плитаны қоспайды/өшірмейді.
m
Добавить комментарий