
Қазақ | 61
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
uЖұмыс орнында шаңның жиналмауын
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Қаптама қалпақ(G суретін қараңыз)
Қаптама қалпағын (11) электр құралын шаңсоруға қосу
алдында орнатыңыз.
Қаптама қалпақты (11) электр құралына ұстағыштар
құрылғының саңылауларына терелетін етіп салыңыз.
Қаптама қалпақты (11) шаңсорусыз және еңістік кесік
жасаған кезде шешіп қойыңыз. Ол үшін қалпақты сыртқы
ұстағыштар жоғарылығына дейін басып алға тартып
қойыңыз.
Шаңсоруды қосу
Сору адаптерін(5) (керек-жарақ) сорғыш шлангіге(6)
(керек-жарақ), шерту дыбысымен тірелетіндей, енгізіңіз.
Сору адаптерін(5) электр құралындағы аспирациялық
келте құбырмен(4) және сорғыш шлангіні(6)
шаңсорғышпен (керек-жарақ) байланыстырыңыз.
Осы нұсқаулықтар ақырында түрлі шаңсорғыштарға қосу
әдістері көрсетілген.
Оптималды шаңсору үшін мүмкіндігінше жарылудан
сақтайтын пластинаны (23) орнатыңыз.
Жоңқа үрлеу жабдығын шаңсорғыш жалғанған кезде
өшіріңіз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Пайдалану түрлері
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тербелісті реттеу
Төрт басқышта реттелетін тербелу аралау жылдамдығын,
аралау өнімділігін және аралау суретін өңделетін
материалға лайықтауға мүмкіндік береді.
Реттеу тұтқышымен (9) тербелуді пайдалану кезінде де
реттеуге болады.
тербеліс жоқ
кіші тербеліс
орташа тербеліс
үлкен тербеліс
Әр жұмыс үшін оңтайлы тербеліс басқышы сынақ
тәжірибемен анықтауға болады. Төмендегі ұсыныстарды
ескеріңіз:
– Кесік шеті қанша нәзік және таза болуы керек болса,
тербеліс басқышын сонша кіші реттеңіз немесе
толығымен өшіріңіз.
– Жұқа заттектерді (мысалы металды) өңдегенде
тербелісті өшіріңіз.
– Қатты заттектерді өңдегенде (мысалы, болат) кіші
тербелісті реттеңіз.
– Жұмсақ материалдарда және ағашты талшықтар
бағытында аралаған кезде максималдық тербеліспен
жұмыс істеуге болады.
Бағыт бұрышын реттеу
Тіреуіш тақта (8) тек 45° дейін еңіс бұрыштары үшін оңға
қырылуы мүмкін.
Қаптама қалпақ (11) мен жарылудан сақтайтын
пластинаны (23) қисық аралауда орнатуға болмайды.
Керек болса, қаптама қалпақты (11) шешіңіз (қараңыз
„Қаптама қалпақ(G суретін қараңыз)“, Бет61) да
жарылыстан қорғайтын пластинаны (23) (қараңыз
„Жарылудан сақтайтын пластина (керек-жарақ)“, Бет60).
PST 900 PEL/PST 9500 PEL(H суретін қараңыз):
– Ара полотноларының сақтағышы (22) тіреуіш тақтадан
(8) шығарыңыз.
–(26) бұрандасын босатып, тіреу тақтасын (8)
аспирациялық келте құбыр (4) бағытында
жылжытыңыз.
– Дәл еңіс бұрышын реттеу үшін тіреу тақтасында оң
және сол жағында 0°, 22,5° және 45° бұрыштарында
тірелу нүктелері бар. Тіреу тақтасын (8) шкалаға (25)
сай керекті күйге қисайтыңыз. Басқа қисаю
бұрыштарын бұрыш өлшегіші арқылы реттеу мүмкін.
– Сосын тіреу тақтасын (8) тірелгенше ара полотносы
(20) бағытында жылжытыңыз.
–(26) бұрандасын қайта берік бұрап қойыңыз.
PST 1000 PEL(I суретін қараңыз):
– Тіреу тақтасының (7) қысқыш тұтқышын босатып, тіреу
тақтасын (8) аспирациялық келте құбыр (4) бағытында
жылжытыңыз.
– Дәл еңіс бұрышын реттеу үшін тіреу тақтасында оң
және сол жағында 0°, 22,5° және 45° бұрыштарында
тірелу нүктелері бар. Тіреу тақтасын (8) шкалаға (25)
сай керекті күйге қисайтыңыз. Басқа қисаю
бұрыштарын бұрыш өлшегіші арқылы реттеу мүмкін.
– Сосын тіреу тақтасын (8) тірелгенше ара полотносы
(20) бағытында жылжытыңыз.
– Қысқыш тұтқышты (7) жабып тіреу тақтасын реттелген
күйде бекітіңіз.
Bosch Power Tools 1 609 92A 683 | (17.02.2021)
Добавить комментарий