
58 | Қазақ
электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз
етеді.
Жұқа аралар бойынша қауіпсіздік
нұсқаулықтары
uКесетін керек-жарақтан жасырын сымдар немесе
өз сымына тиюі мүмкін әрекеттерді жасаған кезде
электр құрылы оқшауланған ұстау жайынан
ұстаңыз. Егер кесуші аспап істеп тұрған сымға тисе
электр құралының метал бөлшектерін істетіп
пайдаланушыны тоқ соғуы мүмкін.
uДайындаманы тұрақты ретте ұстау үшін бекіту
және тіреу үшін қамыт немесе басқа жолын
пайдаланыңыз. Дайындаманы қолмен немесе денеге
тіреп ұстау оны тұрақты емес қылып бақылау
жоғалуына алып келуі мүмкін.
uҚолыңызды аралау аймағынан қашық ұстаңыз.
Дайындама астына тимеңіз. Ара полотносына тию
жарақаттану қаупін тудырады.
uЭлектр құралын дайындамаға тек қосулы күйде
апарыңыз. Әйтпесе электр құралы дайындамаға ілініп
кері соғу қаупі пайда болады.
uАралауда тіреу тақтасының тұрақты тұруына көз
жеткізіңіз. Қисайған ара полотносы сынуы немесе
керу соғуға алып келуі мүмкін.
uЖұмысты аяқтағаннан соң электр құралын өшіріп,
ара полотносы тоқтағаннан соң ғана оны кесіктен
шығарыңыз. Осы арқылы кері соғудан сақтанып,
электр құралының қауіпсіздігін қамтамасыз етесіз.
uЭлектр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
uБұзылмаған мінсіз ара полотносын пайдаланыңыз.
Кисайған немесе өтпес ара полотнолары сынуы,
кесікті зақымдауы немесе кері соғуды тудыруы
мүмкін.
uАра полотносын өшіргеннен соң бүйір басу арқылы
тоқтатпаңыз. Ара полотносының бұзылуы, сынуы
немесе керу соғу себебі болуы мүмкін.
uҚажетті іздеу құралдарын пайдаланып
жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты
жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр
сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі
мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға
немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
Өнім және қуат сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына,
өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға
алып келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы қатты тірелген күйде ағаш, пластмасса,
метал, күйіктас тақта және резинада кесіктер мен
ойықтарды аралау үшін арналған. Ол тура және қисық
кесіктерді 45° бұрышта аралау үшін арналған. Ара
полотносы ұсыныстарына назар аударыңыз.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
(1) Ажыратқыш бекіткіші
(2) Жүріс санын алдын ала таңдауға арналған
айналмалы реттегіш
(3) Ажыратқыш
(4) Аспирациялық келте құбыр
(5) Сору адаптеріa)
(6) Сорғыш шлангa)
(7) Тірек тақтасының қысқыш иінтірегі
(PST1000PEL)
(8) Тірек тақтасы
(9) Тербелісті реттегіш иінтірек
(10) Жоңқаны үрлеп шығару құрылғысының
ажыратқышы
(11) Сорғышқа арналған қаптама
(12) Жылжыма (PST1000PEL)
(13) Кесік сызығын бақылауғаCutControl арналған
көрініс терезесі
(14) Кесік сызығын бақылауғаCutControl арналған
ірге
(15) Жұмыс шамы
(16) Тұтқа (беті оқшауланған)
(17) Ара дискісінің бекіткіші
(18) Ара дискісін босатуға арналған SDS иінтірегі
(19) Бағыттауыш ролик
(20) Ара дискісіa)
(21) Жанасудан қорғаныс
(22) Ара дискісін сақтау орны (PST900PEL/
PST9500PEL)
(23) Жарылудан сақтайтын пластинаa)
(24) Параллель тіректің бағыттауышы
(25) Еңіс бұрышының шкаласы
(26) Тірек тақтасының бұрандасы (PST900PEL/
PST9500PEL)
(27) Параллель тіректің реттегіш бұрандасыa)
(28) Айналмалы кескіші бар параллель тірекa)
(29) Айналмалы кескіштің ортаға келтіру ұштығыa)
(30) Кесік белгісі 0°
1 609 92A 683 | (17.02.2021) Bosch Power Tools
Добавить комментарий