Bosch POF 1200 AE

Данная инструкция на русском языке предназначена для фрезерной машины Bosch POF 1200 AE, описывает принцип работы и основные моменты эксплуатации устройства. Перед первым включением рекомендуется внимательно изучить данное руководство.

Инструкция для фрезерной машины представлена в формате PDF, который поддерживается на всех современных устройствах, так что сложностей с открытием файла возникнуть не должно. Но если открыть документ не получается, установите любую программу для чтения PDF файлов, например Acrobat Reader.

Чтобы распечатать инструкцию, нужно ее сначала скачать, для этого кликните по кнопке «Скачать инструкцию», файл откроется в новой вкладке, затем нажмите комбинацию клавиш Сtrl + P и из открывшегося диалогового окна, отправьте документ на печать.

Страницы: Стр:
60 | Қазақ
Электр құралын жеңіл бүйірлік қысыммен дайындама
жиегі бойымен жүргізіңіз.
Фрезерлеу циркулімен фрезерлеу
(Mсуретінқараңыз)
Домалақ бөлшектерді фрезерлеу үшін фрезерлеу
циркулін / бағыттауыш шина адаптерін(35) пайдалануға
болады. Фрезерлеу циркулін суретте көрсетілгендей
орнатыңыз.
Ортаға дәлдеу бұрандасын(40) фрезерлеу циркулінің
ирек оймасына бұрап кіргізіңіз. Бұранда ұштығын
фрезерленетін домалақ иіннің ортаңғы нүктесіне қойып,
бұранда ұштығы дайындама бетіне тигеніне көз
жеткізіңіз.
Қажетті радиусты фрезерлеу циркулін жылжыту арқылы
шамамен реттеп,(37) және(38) қатпарлы бұрандаларын
бұрап бекітіңіз.
Айналмалы реттегіштің(39) көмегімен қатпарлы
бұранданы(38) босатқаннан кейін ұзындықты дәлдеп
реттеуге болады. Бір айналым қондырғының 2,0мм
жүрісіне тең, айналмалы реттегіштегі(39) бір бөлік
қондырғының 0,1мм жүрісіне тең.
Қосылған электр құралын оң жақ тұтқа және фрезерлеу
циркулінің тұтқасы(36) арқылы дайындама үстінен
өткізіңіз.
Бағыттауыш шинамен фрезерлеу (Nсуретінқараңыз)
Бағыттауыш шинаның(41) көмегімен тік жүретін жұмыс
процестерін орындауға болады.
Биіктік айырмашылықтарын туралау үшін аралық
тақтасын(42) орнату қажет.
Фрезерлеу циркулін / бағыттауыш шина адаптерін(35)
суретте көрсетілгендей орнатыңыз.
Бағыттауыш шинаны(41) арнайы қысқыш аспаптармен,
мысалы, қысқашпен дайындамаға бекітіңіз. Электр
құралын орнатылған бағыттауыш шина адаптерімен(35)
бағыттауыш шинаға орнатыңыз.
Көшіру төлкесімен фрезерлеу (O–P суреттерін
қараңыз)
Көшіру төлкесінің (43) көмегімен контурларды үлгілер
мен шаблондардан дайындамаға түсіруге болады.
Көшіру төлкесін шаблон немесе үлгі қалыңдығына сәйкес
таңдаңыз. Көшіру төлкесінің шығып тұратын биіктігінен
шаблон қалыңдығы 8 мм-ден кем болмауы керек.
Құлыптан босату иінтірегін (20) жылжытып, көшіру
төлкесін (43) астыңғы жақтан тірек тақтасына (6)
енгізіңіз. Бұл ретте кодтау жұдырықшалары көшіру
төлкесінің саңылауларына аздаған күшпен бекітілуі
керек.
uФреза диаметрін көшіру төлкесінің ішкі
диаметрінен кіші болатындай етіп таңдаңыз.
Көшіру төлкесімен (43) фрезерлеу келесідей
орындалады:
Көшіру төлкесі бар қосулы электр құралын шаблонға
жүргізіңіз.
Фрезерлеу тереңдігі бекіткішінің қысқыш иінтірегін
(16) төмен қарай басып, жоғарғы фрезаны реттелген
фрезерлеу тереңдігіне жеткенше баяу төмен қарай
жылжытыңыз. Фрезерлеу тереңдігі бекіткішінің
қысқыш иінтірегін (16) қайта жіберіп, осы батыру
тереңдігін бекітіңіз. Қажет болса, фрезерлеу тереңдігі
бекіткішінің қысқыш иінтірегін (16) жоғары қарай
басып, ақырғы күйінде бекітіңіз.
Көшіру төлкесі шығып тұрған электр құралын бүйірлік
қысыммен шаблон бойымен жүргізіңіз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
uЖақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
uТөтенше жұмыс жағдайында мүмкін болғанша
шаңсорғышты пайдаланыңыз. Желдеткіш
ойықтарды жаққышпен жиі тазалап, жылыстау
тогынан қорғайтын қосқышты (PRCD) алдын ала
қосыңыз. Металдарды өңдеген кезде, ток өткізетін
шаң электр құралының ішінде жиналуы мүмкін. Электр
құралының қорғаныш оқшаулағышы зақымдалуы
мүмкін.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында
жүргізілуі тиіс.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Федерациясының заңнамасымен белгіленген
мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан
пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)
жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
тиіс.
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік
талаптары орындалуы тиіс:
Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы,
орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі
туралы мәліметтер беруге міндетті;
Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып
алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға
мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа
бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып
алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай
әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
1 609 92A 66W | (25.03.2021) Bosch Power Tools
Страницы: Стр: 31
Комментарии (0)

Добавить комментарий

Другие Фрезерные машины Bosch