
58 | Қазақ
Іске қосу
Айналу жиілігін алдын ала таңдау
Айналу жиілігін алдын ала таңдауға арналған айналмалы
реттегіш (23) арқылы қажетті айналу жиілігін жұмыс
барысында да реттеуге болады.
1−2 Төмен айналу жиілігі
3−4 Орташа айналу жиілігі
5−6 Жоғары айналу жиілігі
Кестеде көрсетілген мәндер шамамен берілген. Қажетті
айналу жиілігін материал мен жұмыс жасау жағдайына
байланысты тәжірибе арқылы анықтауға болады.
Материал Фреза диаметрі
[мм] Айналмалы
реттегіш күйі
Қатты ағаш
(шамшат) 4–10
12–20
22–40
5–6
3–4
1–2
Жұмсақ ағаш
(қарағай) 4–10
12–20
22–40
5–6
3–6
1–3
Жоңқа тақталар 4–10
12–20
22–40
3–6
2–4
1–3
Пластик 4–15
16–40 2–3
1–2
Алюминий 4–15
16–40 1–2
1
Қосу/өшіру
Қосу алдында фрезерлеу тереңдігін реттеп шығыңыз.
Электр құралын қосу үшін алдымен іске қосылудан
қорғайтын құлыпты(1) басып, содан кейін
ажыратқышты(22) басып тұрыңыз.
POF1400ACE: бір шам фреза аймағын
жарықтандырады.
Өшіру үшін ажыратқышты(22) жіберіңіз.
POF1400ACE: шам баяу өшіп қалады.
Нұсқау: қауіпсіздік тұрғысынан ажыратқышты(22)
бұғаттауға болмайды, оны жұмыс істеу кезінде тұрақты
түрде басып тұру қажет.
Тұрақты электроника
POF1400ACE
Тұрақты электроника бос жүріс күйінде және жүктеме
кезінде айналу жиілігін тұрақты дерлік деңгейде сақтайды
және жұмыстың біркелкі өнімділігін қамтамасыз етеді.
Фрезерлеу тереңдігін реттеу
(Dсуретінқараңыз)
Фрезерлеу тереңдігін реттеу жұмысын тек электр
құралының өшірулі күйінде орындау керек.
Фрезерлеу тереңдігін шамамен реттеу үшін келесідей
әрекет етіңіз:
– Фрезасы орнатылған электр құралын өңделетін
дайындамаға қойыңыз.
–POF 1400 ACE: айналмалы реттегіштің(18) көмегімен
дәлдеп реттеу жүрісін ортаға орнатыңыз. Ол үшін
айналмалы реттегішті(18), таңбаламалар(19) суретте
көрсетілгендей сәйкес келгенше, бұраңыз. Сонан соң
шкаланы(17) 0 күйіне бұраңыз.
– Сатылы тіректі(9) ең төменгі деңгейге орнатыңыз;
сатылы тірек шерту дыбысымен тіреледі.
–POF 1200 AE: сатылы тіректің реттегіш
бұрандаларын(24) жартыға дейін бұрап кіргізіңіз
немесе шығарыңыз.
– Тереңдік шектегішіндегі(11) қатпарлы бұранданы,
тереңдік шектегіші(13) бос жылжитындай етіп,
босатыңыз.
– Фрезерлеу тереңдігі бекіткішінің қысқыш
иінтірегін(16) ➊айналу бағытымен басып, жоғарғы
фрезаны, фреза(21) дайындама бетіне тигенше,
төмен қарай бағыттаңыз. Фрезерлеу тереңдігі
бекіткішінің қысқыш иінтірегін(16) қайта жіберіп, осы
батыру тереңдігін бекітіңіз. Қажет болса, фрезерлеу
тереңдігі бекіткішінің қысқыш иінтірегін(16) ➋айналу
бағытымен басып, ақырғы күйіне бекітіңіз.
– Тереңдік шектегішін(13) сатылы тіректе(9) тұрғанша
төмен қарай басыңыз. Көрсеткіш белгісі бар
жапқышты(12) фрезерлеу тереңдігінің
шкаласындағы(14) 0 күйіне орнатыңыз.
– Тереңдік шектегішін(13) қажетті фрезерлеу
тереңдігіне орнатыңыз және тереңдік шектегішіндегі
қатпарлы бұранданы(11) тартыңыз. Көрсеткіш белгісі
бар жапқыштың(12) енді жылжымайтындығына көз
жеткізіңіз.
– Фрезерлеу тереңдігі бекіткішінің қысқыш
иінтірегін(16) ➊ айналу бағытымен басып, жоғарғы
фрезаны ең жоғарғы күйіне апарыңыз.
Тереңірек фрезерлеу үшін әрқайсысының фрезерлеу
тереңдігін төменірек орнатып, бірнеше рет орындап өту
керек. Сатылы тірек(9) көмегімен фрезерлеу процесін
бірнеше сатыға бөлуге болады. Ол үшін фрезерлеу
тереңдігін сатылы тіректің ең төменгі сатысымен
орнатып, бірінші жұмыс берілістері үшін жоғарырақ
сатылар таңдаңыз.
POF 1200 AE: сатылар арасындағы қашықтықты реттегіш
бұрандаларды(24) бұрау арқылы өзгертуге болады.
Фрезерлеу тереңдігін дәлдеп реттеу (POF1400ACE)
Сынақ жүрістен кейін фрезерлеу тереңдігін айналмалы
реттегішті(18) бұрау арқылы қажетті өлшемге дәлдеп
реттеуге болады; фрезерлеу тереңдігін арттыру үшін
1 609 92A 66W | (25.03.2021) Bosch Power Tools
Добавить комментарий