
60 | Қазақ
Пайдалану түрлері
Кесік тереңдігін реттеу (D суретін қараңыз)
uАралау тереңдігін дайындаманың қалыңдығына
байланысты реттеңіз. Дайындаманы көру мүмкін
болуы үшін ол тістің толық биіктігінен азырақ болуы
керек.
Қосқұлақты сомынды (25) босатыңыз. Кесу тереңдгі аса
терең болмауы үшін электр құрылғысын негізгі тақтадан
(7) тартып шығарыңыз, кесу тереңдігі үлкен болуы керек
болса, электр құрылғысын негізгі тақтаға (7) қарай
итеріңіз. Кесу тереңдігі шкаласының (26) қажетті
деңгейін орнатыңыз. Қосқұлақты сомынды (25) қайта
бекітіңіз.
Еңіс бұрышын реттеу
Электр құралды қорғағыш қаптаманың (5) бүйірлік
бөлігіне қойыңыз.
Қатпарлы бұрандаманы (13) босатыңыз. Араны бұраңыз.
Қажетті өлшемді (14) шкаласында орнатыңыз. Құлақты
бұрғыны (13) қайта берік бекітіңіз.
Нұсқау: Бұрышпен аралау тереңдігі аралау тереңдігінің
шкаласында (26) көрсетілген саннан кем.
Кесік белгілері (E суретін қараңыз)
Алға қарай ашылатын "CutControl" көру терезесі (12)
дискілік араны дайындамаға сызылған кесік сызығында
дәл басқаруға арналған. "CutControl" көру терезесінде
(12) тікбұрышты кесік және 45° кесік үшін белгілер бар.
0° кесу белгісі (27) тік бұрышпен аралау кезіндегі аралау
дискісінің күйін көрсетеді. 45° кесу белгісі (28) 45°-
бұрышпен аралау кезіндегі аралау дискісінің күйін
көрсетеді.
Дұрыс кесік жасау үшін дискілік араны суретте
көрсетілгендей дайындамаға қаратып орнатыңыз. Сынақ
кесік жасап көріңіз.
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Зарядталған аккумуляторды (3) электр құралына берік
бұғатталғанша кіргізіңіз.
Қосу/өшіру
Электр құралын іске қосу үшін алдымен құлыптау
пернесін (1) басып кейін қосқыш/өшіргішті (2) басып
ұстап тұрыңыз.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (2)
жіберіңіз.
Нұсқау: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті (2)
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Жүріс тежегіші
Кіріктірме жүріс тежегіші электр құралы өшкеннен соң
ара полотносын тоқтау уақытын қысқартады.
Терең заряд жоғалту қорғанысы
Литий-иондық аккумулятор электрондық элементтерді
қорғау (ECP) арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған.
Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс
схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа
қозғалмайды.
Пайдалану нұсқаулары
Аралау дискілерін соқтығысудан және соққыдан
қорғаңыз.
Электр құралды біркелкі және кесу бағытында азғантай
қысыммен жүргізіңіз. Тым қатты қысым қондырманың
қызмет көрсету мерзімін айтарлықтай қысқартады және
электр құралды зақымдауы мүмкін.
Аралаудың өнімділігі және сапасы көбінесе аралау
дискісінің күйі мен пішініне байланысты. Сондықтан тек
өткір және өңделіп жатқан материалға жарайтын аралау
дискілерін пайдаланыңыз.
Ағашты аралау
Аралау дискісін дұрыс таңдау ағаштың түріне және
сапасына, сосын бойлай немесе көлденеңінен аралауға
байланысты.
Көлденеңінен аралау кезінде ұзын серіппелі жоңқа пайда
болады.
Емен мен шамшат шаңы денсаулыққа өте зиянды,
сондықтан тек шаңсорғышпен жұмыс істеңіз.
Түсті металдарды аралау
Нұсқау: Түсті металдарға арналған аралау дискісін
пайдаланыңыз. Бұл таза аралауды қамтамасыз етеді және
аралау дискісінің сыналануын болдырмайды.
Электр құралды қосылған күйде бөлшекке жүргізіңіз
және оны жайлап аралаңыз. Шағын берумен, үзіліссіз
жұмыс істеңіз.
Профильдерде аралауды әрқашан жұқа жағында
бастаңыз, U тәрізді профильдерде аралауды ешқашан
ашық жағынан бастамаңыз. Аралау дискісінің
сыналануын болдырмау және электр құралдың кері
соққысын болдырмау үшін ұзын профильдерді тіреңіз.
Параллельді тіреуішпен аралау (F суретін қараңыз)
Параллельді тіреуіш (10) дайындама жиегі бойымен дәл
аралауларды жүзеге асыруға және өлшемі бірдей
жолақтарға кесуге мүмкіндік береді.
Қатпарлы бұрандаманы (11) босатып параллельді тірек
(10) шкаласын тіреу тақтасының (7) бағыттауышында
жылжытыңыз. Керекті кесу енін тиісті (27) немесе (28)
кесу белгісінде шкалалық мән ретінде орнатыңыз,
"Аралау бұрышының белгілері" тарауын қараңыз.
Қатпарлы бұрандаманы (11) қайтадан берік бекітіңіз.
1 609 92A 4SK | (25.02.2021) Bosch Power Tools
Добавить комментарий