
Қазақ | 59
болса электр құралы қорғаныс схемасы арқылы
өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа қозғалмайды.
uЭлектр құралы автоматты өшкеннен соң қосқыш/
өшіргішті енді басушы болмаңыз. Әйтпесе
аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
орындаңыз.
Аккумуляторды шығару (A суретін қараңыз)
Аккумуляторды (3) шығару үшін аккумуляторды босату
түймесін (17) басыңыз және аккумуляторды электр
құралынан жоғары қарай тартып шығарыңыз. Бұл ретте
күш салмаңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
uЖұмыс орнында шаңның жиналмауын
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Сыртқы сорғыш (B суретін қараңыз)
Сорғыш шлангіні (18) (керек-жарақ) аспирациялық келте
құбырға (4) жалғаңыз. Сорғыш шлангіні (18)
шаңсорғышқа (керек-жарақ) жалғаңыз. Шаңсорғышға
жалғау әдістеріне шолу осы нұсқаулықтың соңында
берілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Ара дискісін орнату/алмастыру
uЭлектр құралында барлық жұмыстардан алдын
аккумуляторды шығарыңыз.
uАралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап
киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі
бар.
uМаксималды рұқсат етілген жылдамдығы электр
құралыңыздың бос айналу моментіне жоғары
болған аралау дискілерін пайдаланыңыз.
uТегістеу шеңберлерін қондырма ретінде
пайдаланбаңыз.
uТек осы пайдалану нұсқаулығында және электр
құралында берілген деректерге сәй және EN847-1
бойынша тексерілген болып тиісті ретте
белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Аралау дискісін таңдау
Ұсынылатын дискілерге шолуды осы пайдалану
нұсқаулығының соңында табуға болады.
Ара дискін шешу (C суретін қараңыз)
Электр құралды қозғалтқыш корпусының бүйірлік жағына
қойыңыз.
– Шпиндельді бұғаттау түймесін (19) басып, ұстап
тұрыңыз.
uШпиндельді бұғаттау түймесін (19) ара шпинделі
тоқтап тұрған болса ғана басыңыз. Әйтпесе электр
құралын зақымдауыңыз мүмкін.
– Алты қырлы дөңбек кілтпен (24) қысқыш
бұрандаманы (23) ➊ бағытында бұрап шығарыңыз.
– Маятниктік қорғағыш қаптаманы (9) артқа тартып,
берік ұстаңыз.
– Қысқыш фланецті (22) және аралау дискісін (8)
шпиндельден (20) алыңыз.
Ара дискін орнату (C суретін қараңыз)
Электр құралды қозғалтқыш корпусының бүйірлік жағына
қойыңыз.
– Аралау дискісін (8) және барлық бекіту бөлшектерін
тазалаңыз.
– Маятниктік қорғағыш қаптаманы (9) артқа тартып,
берік ұстаңыз.
– Аралау дискісін (8) тірек фланеціне (21) орнатыңыз.
Тістің кесу бағыты (ара дискісіндегі көрсеткі бағыты)
мен қорғайтын қорғаныс қаптамасындағы (9)
айналдыру көрсеткісінің бағыты бірдей болуы тиіс.
– Қысқыш фланец (22) пен бұранданы қысқыш
бұрандаға (23) айналдыру бағыты ➋ бойынша
салыңыз. Қысқыш фланецтің (21) және тірек
фланецтің (22) орнату күйі дұрыс болуын
қадағалаңыз.
– Шпиндельді бұғаттау түймесін (19) басып, ұстап
тұрыңыз.
– Қысқыш бұранданы алты қырлы кілт (24) арқылы
айналдыру бағыты бойынша (23) ➋ бекітіңіз. Тарту
моменті 6–9Нм құрауы керек, қолмен бұрау плюс ¼
айналымға сәйкес келеді.
Пайдалану
uАккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Bosch Power Tools 1 609 92A 4SK | (25.02.2021)
Добавить комментарий