
120 | Қазақ
Алмасты бұрғы білдек GDB 180 WE
Номиналды айналу жиілігі n0
– 1-беріліс мин−1 900
– 2-беріліс мин−1 2800
Саңылау диаметрі
– кірпіш қалауда оңтайлы мм 40−180
– кірпіш қалауда ықтимал мм 0−180
– бетонда оңтайлы мм 40−150
– бетонда ықтимал мм 0−180
Құрал бекіткіші 11/4дюймUNC
макс. сумен жабдықтау
қысымы бар 3
Салмағы EPTA-Procedure01:2014 құжатына сай
– қосымша тұтқасыз кг 5,2
– қосымша тұтқамен кг 5,5
Қорғаныс класы /I
Мәліметтер [U] 230В кесімді кернеуге арналған. Басқа кернеу
және елде қабылданған заңдар бұл мәліметтерді өзгертуі мүмкін.
Шуыл және діріл туралы ақпарат
EN62841‑2‑1 бойынша есептелген шуыл эмиссиясының
көрсеткіштері.
Электр құралының амплитуда бойынша есептелген шуыл
деңгейі әдетте келесідей болады: дыбыстық қысым
деңгейі 89дБ(A); дыбыстық қуат деңгейі 100дБ(A).
Өлшеу дәлсіздігі K=5дБ.
Құлақ қорғанысын тағыңыз!
Дірілдің жалпы мәндері ah (үш бағыттың векторлық
қосындысы) және K дәлсіздігі, EN62841‑2‑1 бойынша
есептелген:
Бетон бойынша бұрғылау: ah = 12м/с2, K = 1,5м/с2
Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл
эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша
өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен
салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы
тербелу және шу шығаруды бағалауға болады.
Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр
құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр
құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы
аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса
дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл
бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды
қатты көтеруі мүмкін.
Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу
үшін құрал өшірілген және қосылған болып
пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл
дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару
мәнін төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Монтаждау
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Қосымша тұтқаны орнату
uҚосымша тұтқаны/тұтқаларды пайдаланыңыз.
Бақылау мүмкіндігінен айырылу жарақат алуға әкелуі
мүмкін.
Қосымша тұтқаны (8) әркез орнатыңыз. Ол үшін
қосымша тұтқаны бұрғы шпинделі (6) үстінен өткізіп,
шпиндель мойынына (графикалық беттегі суретті
қараңыз) жылжытыңыз. Қосымша тұтқаны жылжытуға
арналған қатпарлы бұранданы (5) сағат тілінің бағытымен
бұрап бекітіңіз.
Қосымша тұтқаны (8) кез келген бағытпен қозғалтып,
қауіпсіз және ыңғайлы жұмыс күйіне қол жеткізуге
болады.
Қосымша тұтқаны жылжытуға арналған қатпарлы
бұранданы (5) сағат тілінің бағытына қарсы бұрап,
қосымша тұтқаны (8) қажетті күйге қисайтыңыз. Содан
кейін қатпарлы бұранданы (5) сағат тілінің бағытымен
бұрап бекітіңіз.
uКез келген жұмыстарды өткізбес бұрын қатпарлы
бұранданың берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Бақылау мүмкіндігінен айырылу жарақат алуға әкелуі
мүмкін.
Бұрғылау коронкасын орнату/алмастыру
Бұрғылау коронкасын таңдау
Bosch бұрғылау коронкаларында түсті кодтау бар:
– Ылғалды бұрғылау коронкалары: көк
– Құрғақ бұрғылау коронкалары: ақ боз
Бұрғылау коронкасын орнату
uБұрғылау коронкаларын орнатудан бұрын тексеріп
шығыңыз. Тек ақаусыз бұрғылау коронкаларын
орнатыңыз. Зақымдалған және деформацияланған
бұрғылау коронкалары қауіпті жағдайларды тудыруы
мүмкін.
Орнатудан бұрын бұрғылау коронкаларын тексеріп
шығыңыз. Бұрғылау коронкасының бұрандасын аздап
майлаңыз немесе тот басудан қорғайтын затты себіңіз.
11/4 дюйм UNC бұрғылау коронкасын (7) бұрғылау
шпинделіне (6) бұрап қойыңыз.
uБұрғылау коронкасының нық бекітілгеніне көз
жеткізіңіз. Қате немесе нашар бекітілген бұрғылау
коронкалары жұмыс кезінде босап, сізге қауіп төндіруі
мүмкін.
Бұрғылау коронкасын алып тастау
uБұрғылау коронкасын алмастыру кезінде
қорғаныш қолғап киіп жүріңіз. Электр құралы ұзақ
уақыт жұмыс істесе, бұрғылау коронкасы қызып кетуі
мүмкін.
Бұрғылау коронкасын (7) айыр тәрізді кілтпен (кілт ені
41мм) босатыңыз. Бұл ретте екінші айыр тәрізді кілтпен
1 609 92A 7Y9 | (27.05.2022) Bosch Power Tools
Добавить комментарий