
118 | Қазақ
болуына және тиісті ретте қолдануына көз
жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға
байланысты зияндарды кемейтеді.
uАспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң
масайрап кетпей қауіпсіздік принциптерін елемей
отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр
жарақаттануға алып келуі мүмкін.
uНАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың
толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе
энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің
ақаулануы салдарынан электр құралының
жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда,
бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған
жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру)
қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан
шығарыңыз немесе алып – салмалы
аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы
бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз.
uАталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес
білікті қызметкерлер құрамына электр құралын реттеу,
монтаждау, қолданысқа енгізу және оған қызмет
көрсету әрекеттерімен таныс тұлғалар жатады.
uЭлектр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған,
техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі
нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып
шыққан тұлғаларға рұқсат етіледі.
uДене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі
немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар
олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның
бақылауында болмаса немесе электр құралын
пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды
пайдаланбауы тиіс.
Электр құралдарын пайдалану және күту
uҚұралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін
жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды
электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі
сенімді жұмыс істейсіз.
uАжыратқышы дұрыс емес электр құралын
пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын
электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет
болады.
uЖабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру
немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында,
ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе
аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр
құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр
құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
uПайдаланылмайтын электр құралдарды балалар
қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды
білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған
адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз.
Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
болады.
uЭлектр құралдарын мен керек-жарақтарын ұқыпты
күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз
істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің
ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр
құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Зақымдалған бөлшектері бар құралды
пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр
құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға
себеп болып жатады.
uКескіш аспаптарды өткір және таза күйде
сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір
кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай
бағытталады.
uЭлектр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
қауіпті.
uҚолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және
май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар
мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді
қолдану мен бақылауға жол бермейді.
Қызмет көрсету
uЭлектр құралына маманды жөндеуші тек бірдей
қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл
электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз
етеді.
Алмасты бұрғы қауіпсіздік нұсқаулары
Барлық операциялар үшін қауіпсіздік нұсқаулары
uҚосымша тұтқаны/тұтқаларды пайдаланыңыз.
Бақылау мүмкіндігінен айырылу жарақат алуға әкелуі
мүмкін.
uПайдалану алдында аспапты тиісті ретте тартып
қойыңыз. Аспап қатты бұрау моментін шығарады, сол
үшін аспапты жұмыс кезінде тиісті ретте тартып
қоймасаңыз, бақылау жоғалып жеке жарақаттануыға
алып келуі мүмкін.
uКесетін керек-жарақтан жасырын сымдар немесе
өз сымына тиюі мүмкін әрекеттерді жасаған кезде
электр құрылы оқшауланған ұстау жайынан
ұстаңыз. Егер кесуші аспап істеп тұрған сымға тисе
электр құралының метал бөлшектерін істетіп
пайдаланушыны тоқ соғуы мүмкін.
Ұзын бұрғы қондырмаларын пайдалану үшін
қауіпсіздік нұсқаулары
uБұрғы қондырмасының максималдық
жылдамдығынан жоғары жылдамдықта жұмыс
істемеңіз. Жоғары жылдамдықтарда қондырма
дайындамаға тимей бос айналса бүгіліп жеке
жарақаттануға алып келуі мүмкін.
uӘрдайым бұрғылауды төмен жылдамдықта және
қондырма ұшы дайындамаға тиіп тұрған күйде
бастаңыз. Жоғары жылдамдықтарда қондырма
дайындамаға тимей бос айналса бүгіліп жеке
жарақаттануға алып келуі мүмкін.
1 609 92A 7Y9 | (27.05.2022) Bosch Power Tools
Добавить комментарий