Bosch GBM 50-2

Данная инструкция на русском языке предназначена для дрели Bosch GBM 50-2, описывает принцип работы и основные моменты эксплуатации устройства. Перед первым включением рекомендуется внимательно изучить данное руководство.

Инструкция для дрели представлена в формате PDF, который поддерживается на всех современных устройствах, так что сложностей с открытием файла возникнуть не должно. Но если открыть документ не получается, установите любую программу для чтения PDF файлов, например Acrobat Reader.

Чтобы распечатать инструкцию, нужно ее сначала скачать, для этого кликните по кнопке «Скачать инструкцию», файл откроется в новой вкладке, затем нажмите комбинацию клавиш Сtrl + P и из открывшегося диалогового окна, отправьте документ на печать.

Страницы: Стр:
Қазақ | 209
түскен жағдайда, электр құралының электроникасы өшіп
қалады. Магнит белсенді күйде қалады.
Электр құралын кейін қайта іске қосу үшін қозғалтқыш
ажыратқышын (9) "I" күйіне басыңыз.
Электр құралымен қайтадан жұмыс істемес бұрын
төмендегі қадамдарды орындаңыз:
Бітелуі мүмкін жерлерді тазартыңыз. Алмалы-салмалы
аспап қысылса, солға айналу функциясын
пайдалануға болмайды.
Электр құралын шамамен 1 минут ішінде жұмыс
істетіңіз де, ол қайтадан пайдалануға дайын болады.
Артық жүктеме индикаторы
Артық жүктеме индикаторы (6) қосылған электр
құралына артық жүктеме түскені туралы ескертеді.
Үздіксіз жарық,
жасыл артық жүктеме жоқ
Үздіксіз жарық, сары ауыр жүктеме
беріліс жылдамдығын
азайтыңыз
Жыпылықтайтын
жарық, қызыл өте ауыр жүктеме,
беріліс жылдамдығын
азайтыңыз немесе
қозғалтқышты өшіріңіз,
әйтпесе артық жүктемеден
қорғаныс іске қосылады
Айналу жиілігін орнату
uЖұмысты бастаудан бұрын дұрыс айналу жиілігін
орнатыңыз. Айналу жиілігі бұрғы диаметрі мен
бұрғыланатын материалға сай болуы керек. Айналу
жиілігі қате орнатылған болса, электр құралы
зақымдалуы немесе дайындамада тұрып қалуы
мүмкін.
Механикалық берілісті таңдау
uБеріліс ауыстырып-қосқышын (19) электр құралы
тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Беріліс ауыстырып-қосқышы (19) арқылы 2 айналу
жиілігінің диапазонын алдын ала таңдауға болады.
I беріліс:
үлкен бұрғы диаметрімен жұмыс істеуге арналған
төменірек айналу жиілігінің диапазоны.
II беріліс:
шағын бұрғы диаметрімен жұмыс істеуге арналған
жоғарырақ айналу жиілігінің диапазоны.
Құлыптан босату түймесін (18) басып, беріліс
ауыстырып-қосқышын (19) қажетті күйге бұраңыз.
Беріліс ауыстырып-қосқышы бұрылмаса, алмалы-
салмалы аспапты азғантай бұрап, содан кейін қажетті
күйге ауыстырыңыз.
Айналу жиілігін реттеу
Айналу жиілігін алдын ала таңдауға арналған айналмалы
реттегіш (2) арқылы қажетті айналу жиілігін жұмыс
барысында да реттеуге болады.
Қажетті айналу жиілігі пайдаланылатын алмалы-салмалы
аспапқа және өңделетін материалға тәуелді. Бұл бұрғылау
кезінде алмалы-салмалы аспаптың қатты қызуына жол
бермейді және жоғары бұрғылау сапасын қамтамасыз
етеді.
Айналу жиілігін алдын ала
таңдау Алмалы-салмалы
аспап
I беріліс: 50–255 мин−1 Бұрғылау коронкасы
(диаметрі 35–50мм),
таңбалауыш
II беріліс: 100–510 мин−1 Шиыршық бұрғы,
бұрғылау коронкасы
(диаметрі < 35мм)
Пайдалану бойынша нұсқаулар
Дайындаманың сипаты
uЭлектр құралының магнитпен ұстау күші
дайындаманың қалыңдығына айтарлықтай
байланысты болады. Ең қатты магнитпен ұстау
күші кем дегенде 20 мм қалыңдыққа ие жұмсақ
болатта қамтамасыз етіледі.
Нұсқау: қалыңдығы азырақ болатын болатта бұрғылау
кезінде магниттік тірек тақтасының астына қосымша
болат тақтаны (минималды өлшемдері 100 x 200 x
20мм) орналастыру керек. Болат тақтаны түсіп қалудан
бекітіңіз.
Жалпы нұсқаулар
uЭлектр құралын бас үстінен немесе көлденең емес
жазықтықтарда жұмыс істеген кезде
сақтандырғыш таспамен бекітіңіз. Ток үзілген
немесе ауыр жүктеме түскен жағдайда, магнитпен
ұстау күші сақталмайды. Электр құралы түсіп қалып,
жазатайым оқиғаларды тудыруы мүмкін.
uАлмалы-салмалы аспап қысылған жағдайда,
қозғалтуды жалмастырмай, құралды өшіріңіз.
Қысылып қалудың себебін тексеріп, алмалы-салмалы
аспаптың қысылу себебін жойыңыз. Солға айналу
функциясын пайдаланбаңыз.
uЖұмысты бастамас бұрын әрдайым суыту
сұйықтығы жүйесінің барлық бөліктерін
тексеріңіз. Еш жағдайда зақымдалған бөліктерді
пайдаланбаңыз.
uСуыту сұйықтығын жұмыс аймағындағы құрал
бөліктерінен және адамдардан алшақ ұстаңыз.
Дайындаманың үстіңгі беті тегіс және таза болуы керек.
Қатты тегіс емес жерлерді, мысалы, пісіру
шашырандыларын тегістеп, босаған тотты, кірді және
майды кетіріңіз. Магниттің ұстау күші тек тиісті
жазықтықтарға қолданылады.
Электр құралының қозғалтқышын магнит қосылғанда ғана
іске қосуға болады. Бұрғылаудан бұрын магнит күшінің
күйін (21) тексеріп шығу керек.
Bosch Power Tools 1 609 92A 7Y6 | (31.05.2022)
Страницы: Стр: 39
Комментарии (0)

Добавить комментарий

Другие Дрели Bosch