
Қазақ | 203
uСуыту сұйықтығының багын тік немесе еңіс беттер
бойынша бұрғылау немесе бас үстінен бұрғылау
кезінде пайдалануға болмайды. Суытқыш көбікті
пайдаланыңыз. Құралға су тимегенін қадағалаңыз.
Егер электр құралына су тисе, ток соғу қаупі аса
жоғары болады.
uЭлектр құралын бекіту керек. Тиісінше бекітілмеген
электр құралы жылжып немесе аударылып кетуі және
жарақат тигізуі мүмкін.
uҚолғап кимеңіз. Қолғап айналып тұрған бөліктер
немесе сынықтар арқылы тартылып жеке
жарақаттануға алып келуі мүмкін.
uАспап степ тұрғанда қолдарыңызды шығармай
тұрыңыз. Айналып тұрған бөліктерге тиіп тұру жеке
жарақаттануға алып келуі мүмкін.
uКерек-жарақтар дайындамаға апарудан алдын
айналып тұрғанына көз жеткізіңіз. Әйтпесе, керек-
жарақтар дайындамаға қысылып дайындаманың
күтілмеген әрекетіне және жеке жарақаттануға алып
келуі мүмкін.
uКерек-жарақтар қысылғанда, төмен баспай
тұрыңыз және аспапты өшіріңіз. Зерттеп
қысылудың себебін жою үшін дұрыстау
әрекеттерін жасаңыз. Қысылу дайындаманың
күтілмеген әрекетіне және жеке жарақаттануына себеп
болуы мүмкін.
uТөменгі қысымды жүйелі түрде кідірту арқылы
ұзын кесіктердің пайда болуына жол бермеңіз.
Өткір металл кесіктері шатасуды тудырып, адамға
жарақат тигізуі мүмкін.
uАспап істеп тұрғанда бұрғылау аймағынан
сынықтарды алып тастамаңыз. Сынықтарды алып
тастау үшін керек-жарақтарды дайындамадан
алып тастап, аспапты өшіріңіз да керек-жарақ
тоқтауын күтіңіз. Сынықтарды алып тастау үшін
қылшық немесе ілмек сияқты аспаптарды
пайдаланыңыз. Айналып тұрған бөліктерге тиіп тұру
жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін.
uКерек-жарақтардың есептелген жылдамдығы
кемінде электр құралында белгіленген
максималдық жылдамдыққа тең болуы керек.
Есептелген жылдамдығынан тезірек істеп тұрған
керек-жарақтар сынуы, ұшып кетуі мүмкін.
uҚажетті іздеу құралдарын пайдаланып
жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты
жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр
сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі
мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға
немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
uЭлектр құралын ешқашан жинақтағы авариялық
тоқ қрғағыш өшіргішісіз (PRCD) пайдаланбаңыз.
uЖұмысты бастамас бұрын жылыстау тогынан
қорғайтын ажыратқыштың (PRCD) дұрыс жұмыс
істеп тұрғанын тексеріп шығыңыз. Зақымдалған
жылыстау тогынан қорғайтын ажыратқышты
(PRCD) Bosch қызмет көрсету орталығына
жөңдеуге немесе ауыстыруға беріңіз.
uНе жұмыс аймағындағы адамдарға, не электр
құралының өзіне шығып жатқан су тимегеніне
назар аударыңыз.
uСырғанамайтын аяқ киімін киіп жүріңіз. Осылайша
жылтыр беттерде сырғанау себебінен пайда болатын
жарақат алудың алдын аласыз.
uҚұрал толық тоқтағаныша оне ешқашан
қалдырмаңыз. Әлі айналып тұрған алмалы-салмалы
аспаптар жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
uБұрғылайтын білдектің жалғағыш кабелін жұмыс
аймағынан алшақ ұстаңыз. Зақымдалған немесе
шиеленіскен кабель электр тогының соғу қауіпін
арттырады.
uЭлектр құралына артық жүктеме түсірмеңіз және
оны саты немесе тірек ретінде пайдаланбаңыз.
Электр құралына артық жүктеме түсіру немесе оның
үстінде тұру электр құралының ауырлық орталығы
жоғары жылжып, оның аударылуына әкелуі мүмкін.
uЭлектр құралын тек қорғаныш сымы бар және
өлшемі жеткілікті ток желілерінде пайдалануға
болады.
Кардиостимуляторы немесе басқа
медициналық импланттары бар адамдар
осы электр құралын пайдаланбауы тиіс.
Металл заттар мен сағат
ұстауға тыйым салынады.
uҚұрылғыда реттеу жұмыстарын орындаудан
немесе керек-жарақтарды алмастырудан бұрын
ашаны розеткадан шығарыңыз және/немесе
аккумуляторды электр құралынан шығарып
алыңыз. Электр құралының кездейсоқ іске қосылуы
кебір сәтсіз оқиғалардың себебі болады.
uЭлектр құралын бас үстінен пайдалану кезінде
әрдайым екі адам жұмыс істеуі керек.
uТік немесе еңіс жазықтықтарда бұрғылау және бас
үстінен жұмыс істеу кезінде электр құралын
сақтандырғыш таспамен бекітіңіз. Ток берілуі
үзілген немесе ауыр жүктеме түскен жағдайда,
магниттің ұстау күші сақталмайды. Электр құралы түсіп
қалуы және жазатайым оқиғаларды тудыруы мүмкін.
uЭлектр құралының кездейсоқ тербелу әрекетінен
түсіп қалу қауіпі бар. Рамада жұмыс істегенде, электр
құралы іске қосылғанда немесе ток өшкенде
кездейсоқ тербелу қозғалысы пайда болуы мүмкін.
Электр құралын берілген сақтандырғыш таспамен
бекітіңіз. Сақтандырғыш таспаны қолдану арқылы
өзіңізді құлап қалудан сақтаңыз.
uҮстіңгі бет тегіс және таза болуы керек. Қатты
кедір-бұдыр жерлерді, мысалы, дәнекерлеу
шашырандыларын тегістеп, босаған тоттты, кірді
және майды кетіріңіз. Магниттің ұстау күші тек тиісті
үстіңгі беттерде бар болады.
Bosch Power Tools 1 609 92A 7Y6 | (31.05.2022)
Добавить комментарий