
204 | Қазақ
uЭлектр құралын берік, тегіс және көлденең бетте
бекітіңіз. Егер электр құралы сырғитын немесе
тербелетін болса, оны бірқалыпты және сенімді
басқару мүмкін болмайды.
uӨңделетін дайындаманы қоса бүкіл жұмыс
аймағын таза ұстаңыз. Өткір қырлы бұрғылау
жоңқасы мен бөгде заттар жарақаттануға әкелуі
мүмкін. Материал қоспалары өте қауіпті. Жеңіл металл
шаңы жанып жарылуы мүмкін.
uЖұмыстан соң алмалы-салмалы аспап суығанша
тимеңіз. Алмалы-салмалы аспап жұмыс істеген кезде
қатты қызады.
uЖұмыс процесі аяқталғаннан кейін бағыттауыш
штифтен шығарылатын кернге тимеңіз. Керн өте
ыстық болуы мүмкін.
uКабельді жүйелі түрде тексеріп зақымдалған
кабельді тек Bosch электр құралыдарыңың өкілетті
сервистік қызметыне жөндетіңіз. Зақымдалған
ұзартқыш кабелін алмастырыңыз. Сол арқылы
электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
uПайдаланбаған электр құралын дұрыс сақтаңыз.
Жататын жері құрғақ және жабылатын болуы
керек. Осылай электр құралы жатқан жерінде
зақымдалуы немесе тәжирібесіз адамдар
пайдалануына жол бермейсіз.
uЭлектр құралды зақымдалған кабельмен
пайдаланбаңыз. Егер кабель жұмыс істеу кезінде
зақымдалса зақымдалған кабельді тимей желі
айырын шығарыңыз. Зақымдалған кабель электр
тоғының соғу қаупін арттырады.
uЭлектр құралын тиісті тәртіппен жерге тұйықталған
ток желісіне жалғаңыз. Розетка мен ұзартқыш
кабельде ақаусыз қорғаныш сым болуы қажет.
uМагниттің ұсталуы дайындаманың қалыңдығына
тәуелді. Үздік ұсталуы қалыңдығы кем дегенде 20 мм
болатын көміртегі аз болатта қамтамасыз етіледі.
Қалыңдығы азырақ болатын болатта бұрғылау кезінде
магниттік тіреу тақтасының астына қосымша болат
тақтаны (минималды өлшемдері 100 x 200 x 20 мм)
қою керек. Болат тақтаны түсіп қалудан бекітіңіз.
uМеталл жоңқасы мен басқа да ластағыш заттар
магниттің ұсталуына елеулі әсер етеді. Әрдайым
магниттік тіреу тақтасының таза екендігіне көз
жеткізіңіз.
uМагниттің босап кетуіне жол бермеңіз. Бұрғылау
жұмысын бастамас бұрын магниттік тіреу тақтасының
дайындамада тиісінше ұсталғанына көз жеткізіңіз.
uМагнит күшін өшірмеңіз немесе аспап толық
тоқтағанша кері бұрғылау функциясын
пайдаланыңыз.
uЖеке розеткаларында пайдаланылатын басқа
электрлік құрылғылар біркелкі емес кернеуді
тудырып, магниттің босап кетуіне апарып соғуы
мүмкін. Бір розеткада тек электр құралының өзін ғана
пайдаланыңыз.
uСақиналы бұрғылау коронкаларын суыту
сұйықтығынсыз пайдаланбаңыз. Суыту
сұйықтығының деңгейін әрдайым жұмысты бастамас
бұрын тексеріңіз.
uҚозғалтқышты қорғаңыз. Қозғалтқышта ешқашан
суыту сұйықтығының, судың немесе басқа
сұйықтықтардың қалуына жол бермеңіз.
uМеталл жоңқасы әдетте өте өткір және ыстық
болады. Оған еш жағдайда жалаңаш қолмен
тимеңіз. Магниттік жоңқа жинағышпен және жоңқа
ілмегімен немесе басқа арнайы құралмен тазалаңыз.
uҚұрылғыны еш жағдайда қате немесе төмен
кернеумен пайдалануға әрекеттенбеңіз. Тиісті
кернеу мен жиіліктің пайдаланылғанына көз жеткізу
үшін фирмалық тақтайшаны қараңыз.
uЭлектр құралы лазер ескерту белгісімен бірге
жеткізіледі ("Белгілер және олардың мағанасы"
кестесін қараңыз).
uЭлектр құралындағы ескертулер анық көрінетін
болсын.
Лазер сәулесін адамдарға немесе
жануарларға бағыттамаңыз және өзіңіз
де тікелей немесе шағылысқан лазер
сәулесіне қарамаңыз. Бұл адамдардың
көзін шағылдыруы мүмкін, сәтсіз оқиғаларға
әкелуі немесе көзге зақым келтіруі мүмкін.
uЕгер лазер сәулесі көзге түссе көздерді жұмып
басты сәуледен ары қарату керек.
uЛазер құрылғысында ешқандай өзгерту
орындамаңыз.
uБалаларға электр құралын бақылаусыз
пайдалануға рұқсат етпеңіз. Олар басқа адамдардың
немесе өзінің көзін абайсыздан шағылыстыруы мүмкін
uЕгер лазер ескерту тақтасының мәтіні еліңіздің
тілінде болмаса, алғаш рет қолданысқа енгізбес
бұрын оның орнына еліңіздің тіліндегі
жапсырманы жабыстырыңыз.
Белгілер
Төмендегі белгілер электр құралды пайдалануда
маңызды болуы мүмкін. Белгілер менен олардың
мағыналарын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну
сізге электр құралын дұрыс әрі сенімді пайдалануға
көмектеседі.
Белгілер мен олардың мағынасы
ЕСКЕРТУ! Лазер сәулесін
адамдарға немесе
жануарларға бағыттамаңыз
және лазер сәулесіне
немесе оның шағылуына
тікелей қарамаңыз.
1 609 92A 7Y6 | (31.05.2022) Bosch Power Tools
Добавить комментарий