Bosch GBM 50-2

Данная инструкция на русском языке предназначена для дрели Bosch GBM 50-2, описывает принцип работы и основные моменты эксплуатации устройства. Перед первым включением рекомендуется внимательно изучить данное руководство.

Инструкция для дрели представлена в формате PDF, который поддерживается на всех современных устройствах, так что сложностей с открытием файла возникнуть не должно. Но если открыть документ не получается, установите любую программу для чтения PDF файлов, например Acrobat Reader.

Чтобы распечатать инструкцию, нужно ее сначала скачать, для этого кликните по кнопке «Скачать инструкцию», файл откроется в новой вкладке, затем нажмите комбинацию клавиш Сtrl + P и из открывшегося диалогового окна, отправьте документ на печать.

Страницы: Стр:
Қазақ | 207
Монтаждау
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Қол қос иінін монтаждау
Үш қол қос иінін (4) қос иін төлкесіне (5) мықтап бұрап
бекітіңіз.
Құралды алмастыру (A суретін қараңыз)
Жетек блогын қол қос иінінің (4) көмегімен толықтай
жоғары қарай бұраңыз.
Алмалы-салмалы аспаптарда май болмағанына көз
жеткізіңіз.
Бұрғылау коронкасын монтаждау
Шығару істігін (26) бұрғылау коронкасына (27)
енгізіңіз (TCT және HSS бұрғылау коронкалары әртүрлі
диаметрлі шығару істіктерін қажет етеді).
Бұрғылау коронкасын шығару істігімен бұрғылау
коронкасының адаптеріне (22) енгізіп, бұрандаларды
алты қырлы дөңбек кілтпен (6 мм) (25) мықтап
тартыңыз.
Велдон білігі бар бұрғылау коронкасын қолданған
жөн.
Бұрғылау коронкасының адаптерін құрал бекіткішіне
(12) енгізіңіз.
Суыту сұйықтығының шлангісін (37) бұрғылау
коронкасының адаптеріндегі жалғағыш келте құбырға
жалғаңыз.
Шиыршық бұрғыны монтаждау
Морзе конусы бар құралдар MK2:
Құралды тікелей құрал бекіткішіне (12) енгізіңіз.
Морзе конусы бар құралдар MK1:
Құралды азайту төлкесіне (MK2/MK1)(30) енгізіңіз.
Құралы енгізілген азайту төлкесін құрал бекіткішіне
(12) енгізіңіз.
Цилиндрлік білігі бар құралдар:
Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (32) конустык
жақтауға (33) бұрап кіргізіңіз де, құралды енгізіңіз.
Тісті тоғыны бар бұрғылау патроны бұрап кіргізілген
конустык жақтауды құрал бекіткішіне (12) енгізіңіз.
uҚұралдың мықтап бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
uМорзе конусын немесе конустық жақтауды енгізу
кезінде күш салмаңыз. Бұл құрал бекіткішіне және
енгізілген құралдарға зақым келтіруі мүмкін.
Таңбалауышты монтаждау
Таңбалау үшін жарамды таңбалауыш адаптерін (23)
пайдаланыңыз.
Таңбалауышты (24) адаптерге (23) енгізіңіз.
Адаптерді (23) енгізілген таңбалауышпен (24)
бұрғылау коронкасының адаптеріне (22) енгізіңіз де,
оны алты қырлы дөңбек кілтпен (6мм) (25) бұрап
бекітіңіз.
Бұрғылау коронкасының адаптерін (22) құрал
бекіткішіне (12) енгізіңіз.
Құралды шығару
MK2 шығару сынасын (34) қиғашталған жиек төмен
қарап тұратындай саңылауға (13) кіргізіңіз.
Егер шығару сынасы (34) жетек шпинделіне
енгізілмесе, алмалы-салмалы аспапты азғантай
бұраңыз.
Шығару сынасын (34) балғаның көмегімен құрылғыға
қарай басып, алмалы-салмалы аспапты құрал
бекіткішінен босатып шығарыңыз.
Суыту сұйықтығының жүйесін монтаждау (B
суретін қараңыз)
uСуыту сұйықтығының жүйесін тек бұрғылау
коронкасымен бұрғылау кезінде пайдалануға
болады.
Суыту сұйықтығының багын пайдалану алдында суыту
сұйықтығымен толтыру керек. Клапанды ашпас бұрын
суыту сұйықтығы багының шағын артқы қақпағын жоғары
қарай тарту керек.
Электр құралын қоспас бұрын клапанды толықтай
ашыңыз.
Суыту сұйықтығы багының көлемін бакты тартып итеру
арқылы 500 мл шамасынан 750 мл шамасына дейін
өзгертуге болады.
Суыту сұйықтығының жүйесін тік немесе еңкейтілген
жазықтықтарда немесе бас үстінен бұрғылау кезінде
пайдалануға болмайды.
Суыту сұйықтығының багын (35) ұстағышқа (36)
кіргізіңіз.
Ұстағышты суыту сұйықтығының багымен жоғарғы
жақтан шина (17) ішіне жылжытыңыз.
Суыту сұйықтығы клапанының жалғағыш келте
құбырын (38) суыту сұйықтығының шлангісіне (37)
жалғаңыз.
Суыту сұйықтығының багын пайдалану алдында суыту
сұйықтығымен толтыру керек.
Жапқыш клапан (39) жабық болғанына көз жеткізіңіз.
Суыту сұйықтығы багының қақпағын бұрап
шығарыңыз да, бакқа суыту сұйықтығын құйыңыз.
Қақпақты қайтадан суыту сұйықтығының багына бұрап
орнатыңыз.
Пайдалану
Электр құралын пайдалану барысында
құлақ қорғанысы мен қорғаныш
көзілдірік киіп жүріңіз.
Bosch Power Tools 1 609 92A 7Y6 | (31.05.2022)
Страницы: Стр: 37
Комментарии (0)

Добавить комментарий

Другие Дрели Bosch