
Қазақ | 75
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
uЖұмыс орнында шаңның жиналмауын
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Шаңсоруды қосу (C суретін қараңыз)
Шаңсору (20) тек қана тегістеу пластинасымен (13)
жұмыс істеуге арналған, басқа алмалы-салмалы
аспаптармен істеу пайдасы болмайды.
Тегістеу үшін әрдайым шаңсоруды қосыңыз.
Шаңсорғышты (20) орнату (керек-жарақтар) үшін
алмалы-салмалы аспапты және тереңдік шектегіші (15)
алып қойыңыз.
Шаңсорғышты (20) трелгенше аспап қысқышы арқылы
(10) электр құрылының қысқыш мойныға жылжытыңыз.
Шаңсорғышты керекті күйге бұраңыз (электр құралының
астына емес). Қысқыш тұтқышты(21) шаңсоруды бекіту
үшін басыңыз.
Сору адаптерін(22) (керек-жарақ) сорғыш шлангіге(18)
(керек-жарақ), шерту дыбысымен тірелетіндей, енгізіңіз.
Сору адаптерін(22) аспирациялық келте құбырмен(19)
және сорғыш шлангіні(18) шаңсорғышпен (керек-
жарақ) байланыстырыңыз.
Осы нұсқаулықтар ақырында түрлі шаңсорғыштарға қосу
әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Нұсқау: Электр құралыңызға арналмаған аккумуляторды
пайдалану қате жұмыс істеуіне немесе электр құралының
зақымдануына алып келуі мүмкін.
Зарядталған аккумуляторды (4) электр құралының
тірегіне шерту дыбысымен тірелгенше және нық
бекітілгенше кіргізіңіз.
Қосу/өшіру
uҚолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу
мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Электр құралын қосу үшін қосқыш/өшіргішті (2) алға
жылжытып қосқышты "І" көзге түсетін қылыңыз.
Электрондық бір қалыпты іске қосу айналымдар санын
шектеп қозғалтқыш мерзімін ұзартады.
Электроника бос жүрістегі және жүктеме кезіндегі
тербелу санын тұрақты дерлік ұстайды және біркелкі
өнімділікті қамтамасыз етеді.
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (2) "0"
қосқышы көрінгенше артқа жылжытыңыз.
Нұсқау: Егер өлшеу құралы аккумулятор заряды ада
болғандықтан өшсе, онда оны қосқыш/өшіргішпен (2)
өшіріңіз.
Электр құралды қайта қосар алдында аккумуляторды
зарядтаңыз немесе суытыңыз. Әйтпесе аккумулятор
зақымдануы мүмкін.
180° жарық таспасы (11) тікелей жұмыс аймағында көру
мүмкіндігін жақсартады. Ол электр құралмен бірге
автоматты қосылады және өшіріледі.
uЖұмыс жарығына тікелей қарамаңыз, ол көзді
зақымдауы мүмкін.
Тербелу санын таңдау
Тербелу санын таңдайтын реттеуші арқылы (6) қажетті
тербелу санын жұмыс істеу кезінде де реттеуге болады.
Талап етілетін тербелулер санын материалмен жұмыс
жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы
анықтауға болады.
Ағаш немесе метал сияқты қатты материалдарды аралау,
ажырату және тегістеу үшін "6" тербелу саны басқышы,
ал пластмасса сияқты жұмсақ материалдар үшін "4"
тербелу саны басқышы ұсынылады.
Пайдалану нұсқаулары
uАккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
uЭлектр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз.
Нұсқау: Электр құралының желдеткіш саңылауын (7)
жұмыс істеу кезінде жаппаңыз, әйтпесе электр
құралының пайдалану мерзімі қысқарады.
Жұмыс ережелері
Тербелтетін жетек арқылы алмалы-салмалы аспап
минутына 20000 реттей 2,8° тербеледі. Бұл қолайсыз,
тар жерде де жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Жай және бір қалыпты қысыммен
жұмыс істеңіз, әйтпесе жұмыс өнімділігі
төмендеп, алмалы-салмалы аспап
сыналанып қалады.
Электр құралын жұмыс істеу кезінде
жан-жаққа жылжытыңыз, сонда
алмалы-салмалы аспап қызбайды,
сыналанбайды.
Bosch Power Tools 1 609 92A 670 | (15.03.2021)
Добавить комментарий