
Қазақ | 71
Қосымша тұтқамен жұмыс істеу
Жалпы діріл мәндері ah (үш бағыттың векторлық
қосындысы) және K
дәлсіздігі,EN62841‑2‑4(ажарлау),EN62841‑2‑11(ара
лау) бойынша есептелген:
Ажарлау: ah=6м/с2, K=1,5м/с2,
Батырма ара дискісімен аралау: ah=20м/с2, K=2,5м/с2,
Сегменттік ара дискісімен аралау: ah=16м/с2,
K=1,5м/с2.
Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл
эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша
өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен
салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы
тербелу және шу шығаруды бағалауға болады.
Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр
құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр
құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы
аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса
дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл
бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды
қатты көтеруі мүмкін.
Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу
үшін құрал өшірілген және қосылған болып
пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл
дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару
мәнін төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Жинау
uАккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Аккумуляторды зарядтау
uТек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау
құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау
құралдары сіздің электр құралыңыздың ішінде литий-
иондық аккумулятормен сәйкес.
Нұсқау: аккумулятор ішінара зарядталған күйде
жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану
үшін оны алғаш рет пайдаланудан алдын толық
зарядтаңыз.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін
қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады.
Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына
әкелмейді.
Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection
(ECP)" (электрондық элементтерді қорғау) арқылы терең
заряд жоғалтудан қорғалған. Аккумулятор заряды жоқ
болса электр құралы қорғаныс схемасы арқылы
өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа қозғалмайды.
uЭлектр құралы автоматты өшкеннен соң қосқыш/
өшіргішті енді басушы болмаңыз. Әйтпесе
аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Аккумуляторды (4) алу үшін аккумуляторды босату
түймесін (5) басып, электр құралынан тартып
шығарыңыз. Осы кезде күш салмаңыз.
Аккумулятордың зарядталу күйі индикаторы
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (3) қосулы
электр құралында қолжетімді аккумулятор зарядын
немесе артық жүктемені көрсетеді.
Жарық диоды Қуаты
Үздіксіз жарық 3 x жасыл ≥ 66%
Үздіксіз жарық 2 x жасыл 33 – 66%
Үздіксіз жарық 1 x жасыл 11 – 33%
ақырын жыпылықтау 1 x жасыл ≤ 10%
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (3) қызыл
түспен жыпылықтаса, бұл электр құралына артық
жүктеме түскенін білдіреді (қараңыз „Артық жүктемеден
жылу қорғанышы“, Бет76).
Жұмыс құралын ауыстыру
uАспап алмастыру кезінде қорғау қолғабын киіңіз.
Алмалы-салмалы аспаптарға тию жарақаттану қаупін
туындатады.
Алмалы-салмалы аспаптарды таңдау
Электр құралына арналған алмалы-салмалы аспаптарды
ескеріңіз.
Алмалы-салмалы аспап AdvancedMulti18
Төмендегі кестеде алмалы-салмалы аспап түрлері көрсетілген. Басқа алмалы-салмалы аспаптарды Bosch ұсынатын
жабдықтар тізімінен табуға болады.
Алмалы-салмалы аспап Материал Пайдалану
Биметалды
сегменттік ара
полотносы
Ағаш заттектер,
пластмасса, түсті
металдар
Ажыратқыш және батырмалы ара кесіктері;
шетке жақын , бұрыштарда және ауыр жетілетін
аймақтарда аралау үшін де;
Мысал: орнатылған еден планкалары немесе есік жигін
Bosch Power Tools 1 609 92A 670 | (15.03.2021)
Добавить комментарий