
19
•Желі бауының ашасын электр розеткаға
салыңыз.
•Бұлғауыш-қондырманы (7) азық-түлігі бар
ыдысқа салыңыз.
Ескерту: Сіз өнімдерді стақанға (11) сала
аласыз.
•Құрылғыны қосу үшін «І» батырмасына (4)
басып, ұстап тұрыңыз.
•Батырманы (4) басып ұстаған кезде Сіз
реттегішті (5) бұрап қондырманың айналу
жылдамдығын реттей аласыз.
•Максималды жылдамдықта жұмыс істеу
үшін «II» батырмасын (3) басып ұстап
тұрыңыз.
•Құрылғыны пайдаланып болғаннан кейін
желі бауының ашасын электр розеткадан
шығарыңыз, редукторды (6) сағат тіліне
қарсы бұрап, бұлғауыш редукторын (6)
моторлық блоктан (2) шешіңіз (сур. 3).
•Бұлғауыш-қондырманы (7) редуктордан (6)
шығарыңыз (сур. 2).
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
– Бұлғауыш-қондырманы (7) қою қамырды
илеу үшін пайдалануға тыйым салынады.
– Өнімдерді сыйымдылыққа құрылғыны
қосқанға дейін салыңыз.
ЧОППЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
Чоппер етті, сырды, пиязды, шөптерді,
сарымсақты, сәбізді, грек жаңғағын, бадамды,
қара өрік, жемістер мен көкеністерді ұсақтау
үшін қолданылады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Мұз текшелерін, мұздатылған өнімдерді,
жұпар жаңғағын, кофе дәндерін, дәнді
дақылдарды және басқа осы сияқты өте
қатты өнімдерді ұсақтауға тыйым салынады.
Ұсақтауды бастамас бұрын:
– Етті, сырды, пиязды, жемістер мен көкеніс-
терді шамамен 2х2 см етіп, кесектеп
тураңыз.
– Шөптердің сабағын алып тастаңыз,
жаңғақтарды қабығынан тазартыңыз.
– Еттің сүйектерін, сіңірлерін және
шеміршектерін алып тастаңыз.
Ұсақтау
Абайлаңыз: ұсақтағыш-пышақтың (10) жүзі
өте өткір! Әрқашан ұсақтағыш-пышақты
(10) жоғарғы пластмасса ілмегінен ұстаңыз.
•Чоппер тостағынын (9) тегіс тұрақты бетке
орнатыңыз.
•Ұсақтағыш-пышақты (10) чоппер тостағаны
(9) ішіндегі оське орнатыңыз.
•Өнімдерді чоппер тостағанына (9)
салыңыз.
Ескерту: Құрылғыны чоппер тостағаны (9)
бос болғанда іске қоспаңыз.
•Редуктор-қақпақты (8) чоппер тостағанына
(9) орнатыңыз және оны тірелгенге дейін
сағат тілі бойынша бұраңыз (сур. 4).
•Моторлық блокты (2) редуктор-қақпақтың
(8) аузына орнатыңыз, моторлық блокты
(2) тірелгенге дейін сағат тіліне кері қарай
бұраңыз, моторлық блоктың (2) берік
бекітілгеніне көз жеткізіңіз (сур. 5).
•Моторлық блокты (2) қатаң түрде тігінен,
қисайтпай орнатыңыз.
– Электр розеткаға желі бауының аша-
сын салып, құрылғыны электр желіге
қосыңыз.
– Құрылғыны қосу үшін «I» батырмасын (4)
басыңыз және ұстап тұрыңыз.
– Батырманы (4) басып ұстап тұрған кезде
Сіз реттегішті (5) бұрап қондырманың
айналу жылдамдығын реттей аласыз.
– Максималды жылдамдық режимінде
жұмыс істеу үшін «II» батырмасын (3)
басып ұстап тұрыңыз.
– Жұмыс істеу уақытында моторлық блокты
(2) бір қолыңызбен, ал чоппер тостағанын
(9) басқа қолыңызбен ұстаңыз.
– Құрылғыны пайдаланып болғаннан
кейін ұсақтағыш-пышақтың (10) толық
тоқтағанын күтіңіз.
– Желі бауының ашасын электр розеткадан
шығарыңыз.
– Моторлық блокты (2) сағат тілі бойынша
бұрап, редуктор-қақпақтың (8) аузы-
нан моторлық блокты (2) ажыратыңыз
(сур. 5).
– Редуктор-қақпақты (8) сағат тіліне кері
қарай бұрап шешіп алыңыз (сур. 4).
– Ұсақтағыш-пышақты (10) пластмассадан
жасалған ілмектен ұстап, абайлап алып
шығыңыз.
– Чоппер тостағанынан (9) ұсақталған
өнімдерді шығарыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Сипатталған әрекеттер реттілігін қатаң
түрде ұстаныңыз.
IM VT-8542.indd 19 17.05.2019 16:09:59
Добавить комментарий