
16
БЛЕНДЕРЛIK ЖИНАҚ VT-8542
Блендер жинағында ұсынылған блендер
бұлғауға, араластыруға, ұсақтауға, сондай-ақ
сұйық және қатты өнімдерді бірге өңдеуге
арналған.
СИПАТТАМАСЫ
1. Алынбалы қондырма-блендер
2. Моторлық блок
3. II жылдамдығын қосу батырмасы
4. I жылдамдығын қосу батырмасы
5. Айналдыру жылдамдығының реттегіші
6. Бұлғауыш қондырмасының редукторы
7. Бұлғауыш-қондырма
8. Чоппердің редуктор-қақпағы
9. Чоппер тостағаны
10. Ұсақтағыш-пышақ
11. Стақан
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Блендерлік жинақты пайдалану алдында
осы пайдалану нұсқаулығын мұқият оқып
шығыңыз және оны анықтамалық материал
ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Блендерлік жинақты осы нұсқаулықта
баяндалғандай оның тікелей мақсаты
бойынша пайдалану керек.
Құралды дұрыс емес пайдалану оның
бұзылуына әкеліп соғуы, пайдаланушыға
немесе оның мүлкіне зиян келтіруі мүмкін.
•Құралды электр желісіне қосар алдында
құралда көрсетілген кернеу өз үйіңіздегі
электр желісінің кернеуіне сәйкес келетінін
тексеріңіз.
•Құралды үй-жайдан тыс жерде
пайдалануға тыйым салынады.
•Құралды ыстық беттерге (газ немесе
электрлік плита, тұмшапеш шкафы сияқты)
жақын қолдануға болмайды.
•Желілік бау жиһаздың үшкір жиегіне
және ыстық беттерге жақын болмауын
қадағалаңыз.
•Моторлық блоктың корпусына, желілік
бауға және желілік бау айырын дымқыл
қолмен ұстауға болмайды.
•Электр тогы соғудан немесе күюге жол
бермеу үшін құрал корпусын, желілік бауды
және желілік бау айырын суға немесе кез-
келген басқа сұйықтыққа салуға болмайды.
•Егер құрал суға құлап кетсе:
– суға қол тигізбеңіз;
– дереу электр розеткасынан желілік
баудың айырын суырып алыңыз, содан
кейін ғана құралды судан алып шығуға
болады;
– құралды тексеру немесе жөндеу үшін
авторландырылған (уәкілетті) сервис
орталығына хабарласыңыз.
•Құралды алғашқы пайдалану алдында
тағамдармен жанасатын барлық
шешілмелі қондырмалар мен ыдыстарды
жуыңыз.
•Жеткізу жинағына кіретін қондырмаларды
ғана қолданыңыз.
•Құралды пайдаланудығ алдында
қондырмалардың дұрыс орнатылғанына
және сенімді бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
•Құралды қондырмалар мен қайта өңдеуге
арналған азықтарды пайдаланусыз қосуға
тыйым салынады.
•Электр желісіне қосулы тұрған құралды
қараусыз қалдырмаңыз.
•Қондырмаларды ауыстыру алдында және
пайдаланып болғаннан кейін құралды
электрлік желіден ажыратыңыз.
•Чоппер тостағанын тегіс тұрақты бетке
орнату керек.
•Чоппер тостағанындағы өнімдерді құрал
қосылғанға дейін араластырыңыз.
•Ыстық өнімдерді өлшейтін стаканға
немесе чоппер тостағанына салардың
алдында ыстық өнімдерді суыту керек.
•Чоппер тостағанын азық-түлікпен асыра
жүктемеңіз және құйылған сұйықтардың
деңгейін қадағалаңыз.
•Чоппермен жұмыс істеу кезінде ұсақтағыш
пышақтың қиын айналғанын байқасаңыз,
құралды электрлік қуаттандырудан
шығарыңыз және пышақтың айналуына
кедергі келтіріп тұрған өнімді абайлап
алып тастаңыз.
•Чоппер тостағанынан тағамдарды алуға
немесе сұйықтықтарды құйып алуға
тек ұсақтағыш-пышақ толық айналып
тоқтағаннан кейін ғана рұқсат етіледі.
•Чоппер ұсақтағыш-пышағының кесетін
жиегі мен блендер-қондырмалары тым
өткір және қауіп төндіруі мүмкін. Осы
қондырмаларды қолданғанда өте сақ
болыңыз!
•Құралдың айналатын бөліктеріне қол
тигізбеңіз. Блендер-қондырмасы пышағына
IM VT-8542.indd 16 17.05.2019 16:09:59
Добавить комментарий