КОФЕҚАЙНАТҚЫШ VT-1501
Кофеқайнатқыш «ЭСПРЕССО» кофесін
қайнатуға және «КАПУЧИНО» кофесін әзірлеуге
арналған.
СИПАТТАМАСЫ
1. Желіге қосу индикаторы.
2. Әзірлік индикаторы
3. Жұмыс режимдерін ауыстырғыш
4. Кофеге арналған сүзгі
5. Сүзгі ұстағышы
6. Сүзгі бекіткіші
7. Сүзгі ұстағышының тұтқасы
8. Табандық торы
9. Тамшыларға арналған табандық
10. Суға арналған сыйымдылықтың
тұтқасы/қақпағы
11. Суға арналған сыйымдылық
12. Түтік-капучинатор
13. Капучинатор ұштығы
14. Қуаттандыру «0/–» сөндіргіші
15. Табандық толуының индикаторы
16. Ұнтақталған кофенің тығыздағышы
бар өлшегіш қасық
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Қосымша қорғаныс үшін қуаттандыру
тізбегінде номиналды іске қосылу тоғы
30 мА-дан аспайтын қорғаныс сөндіру
құрылғысын (ҚСҚ) орнатқан дұрыс, ҚСҚ-ны
орнату үшін маманға жүгініңіз.
МАҢЫЗДЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Электр аспабын пайдалану алдында берілген
нұсқаулықты зейін қойып оқып шығыңыз, және
оны келешекте анықтамалық мәлімет ретінде
пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Құрылғыны осы нұсқаулықта баяндалғандай
тікелей мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.
Аспапты дұрыс пайдаланбау оның бұзылуына,
пайдаланушыға немесе оның мүлігіне зиян
келтіруіне әкелуі мүмкін.
•Аспапты нұсқаулыққа сәйкес тікелей
тағайыны бойынша ғана пайдаланыңыз.
•Электр желідегі кернеу құрылғының
корпусындағы кернеуге сәйкес келетінін
тексеріңіз.
•Желі бауы «еуроашамен» жабдықталған;
оны жерге сенімді қосылған байланысы
бар электр розеткасына қосыңыз.
•Өрттің пайда болу қаупіне жол бермеу үшін
аспапты электр розеткаға қосқан кезде
ауыстырғыштарды пайдаланбаңыз.
•Құрылғыны тұрақты, тегіс бетке орнатыңыз.
•Кофеқайнатқышты үй-жайлардан тыс
жерде пайдаланбаңыз.
•Кофеқайнатқышты температурасы 0°C-ден
төмен жерде ешқашан қалдырмаңыз.
•Кофеқайнатқышты сусыз іске қоспаңыз.
•Қосулы кофеқайнатқышты қараусыз
қалдырмаңыз.
•Желіге қосар алдында, қуаттандыру
сөндіргіші «0» күйінде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
•Жеткізілім жинақталымына кіретін
жабдықтарды ғана пайдаланыңыз.
•Кофеқайнатқышты іске қосу алдында,
барлық шешілмелі бөлшектердің дұрыс
орнатылғанына көз жеткізіңіз.
•Кофеқайнатқыштың ыстық бөліктері мен
беттеріне қол тигізбеңіз.
•Жұмыс істеген уақытта шығып жатқан
будан сақ болыңыз.
•Сүзгі ұстағышын Кофеқайнатқыш жұмыс
істеп тұрған кезде шешуге тыйым
салынады.
•Өрттің шығуын, электр тоғы соққысын
немесе физикалық жарақат алуды
болдырмау үшін желі бауының ашасын,
желі бауын немесе Кофеқайнатқыш
корпусын суға немесе басқа да
сұйықтықтарға батырмаңыз.
•Кофеқайнатқыш қолданылмағанда,
немесе тазалау алдында оны үнемі электр
желісінен ажыратып қойыңыз.
•Тазалау және жабдықтарын шешу алдында
құрылғыны толығымен суытыңыз.
•Кофеқайнатқышты желіден ажырату
үшін қуаттандыру сөндіргішін «0» күйіне
орнатыңыз, содан кейін желі ашасын
розеткадан суырыңыз. Желі бауының
ашасын розеткадан суырған кезде,
желі бауынан тартпаңыз, желі бауының
ашасынан ұстаңыз.
•Желі бауы үстелдің шетінен салбырамауын
және ыстық беттерге тимеуін қадағалаңыз.
•Кофеқайнатқышты ыстық беттерге
қоймаңыз.
•Құрылғыны балалардың ойыншық ретінде
ойнауына рұқсат етпеңіз.
IM VT-1501.indd 16 20.05.2019 9:28:44
Добавить комментарий