
26
4.
Дбыс қаттылығын өзгерту үшін радио жұмысы кезінде ОК» батырмасын басыңыз.
Дисплейдегі дыбыс қаттылығы индикаторы жыпылықтай бастайды. Джоцстикті бұрай
отырып қажетті дыбыс қаттылығын белгілеңіз. Енгізілген өзгерістерді растау үшін «ОК»
батырмасын басыңыз немесе басқару тақтасындағы батырмаларды 5 секунд бойы
баспаңыз. Өзгертулер автоматты түрде сақталады.
5.
Табылған радиостанцияны сақтау үшін «ОК» бастырмасын басып үш секунд бойы ұстап
тұрыңыз.
6.
Таңдалған радиостанциялар арасында ауыстырып қосу үшін «Радио» батырмасын
басыңыз.
7. Радионы сөндіру үшін «Радио» батырмасын басып, үш секунд бойы ұстап тұрыңыз.
«МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» қызметі
«МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» қызметі бағдарламаның жұмысы барысында әзірлеу уақыты мен
температурасын өзгертуге мүмкіндік береді. «МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» қызметін пайдаланып
температураны 35–180 °С аралығында 1 °С қадаммен өзгертуге болады. Тапсырылатын
уақыттың өзгерту қадамы мен ықтимал диапазоны таңдалған әзірлеу бағдарламасына
байланысты.
Сіз «МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» қызметін тек әзірлеу барысында ғана пайдалана аласыз. «Баста-
уды кейінге қалдыру» қызметінің жұмысы кезінде «МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» қызметі қол жетімді
болмайды.
«МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» қызметі «ЭКСПРЕСС» бағдарламасында қол жетімсіз болады.
«МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» қызметі әр түрлі әзірлеу бағдарламаларының үйлесімін пайдала-
нуды қажет ететін күрделі рецепттер бойынша тағам әзірлеу барысында әсіресе
пайдалы болады (мысалы, голубцы, бефстроган, сорпалар және пасталарды, джемді әр
түрлі рецепттермен дайындағанда және т. б.)
Әзірлеу температурасын өзгерту үшін:
Әзірлеу бағдарламасының жұмсыс уақытында «Темп.» батырмасын басыңыз. Әзірлеу
уақыты индикаторы үнсіз келісім бойынша температура мәнін көрсетеді.
Джойстикті бұрай отырып қажетті температураны белгілеңіз. Максималды (минималды)
шаманы белгілегеннен кейін орнату ауқымның басынан басталады.
Енгізілген өзгерістерді растау үшін «ОК» батырмасын басыңыз немесе басқару тақтасын-
дағы батырмаларды 5 секунд бойы баспаңыз, Өзгертулер автоматты түрде сақталады.
130 °С жоғары әзірлеу температурасын орнату кезінде күйіп кетуден қорғау үшін бағдар-
ламаның максималды жұмыс уақыты 2 сағатпен шектеледі.
Әзірлеу уақытын өзгерту үшін:
1. Әзірлеу бағдарламасының жұмысы кезінде «Время/Отсрочка» батырмасын басыңыз.
Дисплейдегі сағат мәні индикаторы жыпылықтай бастайды.
2.
Джойстикті бұрай отырып сағаттың қажетті мәнін белгілеңіз. Өзгерту қадамы — 1 сағат.
Енгізілген өзгертулерді растау үшін «ОК» батырмасын басыңыз. Минут мәні индика-
торы жыпылықтай бастайды.
3.
Джойстикті бұрай отырып, минуттың қажетті мәнін белгілеңіз. Сағат пен минуттың
артуы бір-біріне тәуелсіз жүзеге асады. Максималды шамаға жеткенде орнату ауқым-
ның басынан басталады. Сағат мәнін қайталап баптау үшін «Ок» батырмасын басыңыз.
4.
Енгізілген өзгерістерді сақтамастан күту режиміне ауысу үшін «Отмена/Разогрев»
батырмасын басыңыз.
Егер әзірлеу уақыты шамасын 00:00 белгілейтін болса, бағдарлама жұмысы тоқтаты-лады.
Автоматты бағдарламаларды қолданған кездегі әрекеттердің жалпы тәртібі
МАҢЫЗДЫ! Егер сіз суды қайнатуға арналған құралды қолдансаңыз (мысалы, өнімдерді
пісіру үшін), дайындау температурасын 100 °С-дан жоғары қоюға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Бұл құралдың қызып кетуіне және сынуына әкелуі мүмкін. Осы себеппен суды қайнату
үшін «ЖАРКА», «ВЫПЕЧКА», «ХЛЕБ», «ФРИТЮР» бағдарламаларын қолдануға ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ.
1. Қажетті ингредиенттерді дайындаңыз (өлшеңіз).
2. Құрамдас бөліктерді мультиқайнатқыш тостағанына әзірлеу бағдарламасына сәйкес
салыңыз, оны құрал корпусына орнатыңыз. Барлық құрамдас бөліктер, оның ішінде
сұйықтықтар да тостағанның ішкі бетіндегі максималды белгіден төмен болуын қа-
дағалаңыз. Тостаған қисаймай дұрыс орналасқанына және қыздыру элементімен
жанасатындығына көз жеткізіңіз.
Өнімдерді тікелей тостағанда өңдеуге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ! Бұл күюге қарсы жабынның
бүлінуіне, тостағанның деформациялануына және аспаптың істен шығуына апаруы
мүмкін.
Мультиасүй жұмыс істегенде тек қана жиынтыққа кіретін немесе осы модельмен үй-
лесетін тостағанды пайдаланыңыз. Үйлесімді тостағандарды «Қосымша аксессуарлар»
тарауында және www.redmond.company сайтында қараңыз. Басқа ыдыс пайдалануға
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
3.
Мультиқайнатқыш қақпағын сырт еткізіп жабыңыз. Құралды электр желісіне қосыңыз.
КӨҢІЛ АУДАРЫҢЫЗ! Егер сіз көп өсімдік майын қолданып, жоғары температурада тамақ
пісіретін болсаңыз, онда құралдың қақпағын ашық қалдырыңыз.
4. Күту режимінен шығу үшін айналмалы джойстиктегі «ОК» батырмасын басыңыз. Қа-
жетті әзірлеу бағдарламасын таңдаңыз, мәзірде орын ауыстыру үшін джойстикті ай-
налдырыңыз. Таңдалған бағдарлама индикаторы жыпылықтай бастайды.
5. Тағам таңдау режиміне ауысу үшін (бағдарламада мүмкіндік болған жағдайда) «Про-
дукт» батырмасын басыңыз. Джойстикті баса отырып, тізімнен дайындалатын тағам
түрін таңдаңыз. Сәйкес индикатор жыпылықтап тұратын болады.
Добавить комментарий