
Skycooker RMC-M903S
27
RUS
KAZ
KAZ
V I. КЕПІЛДІКТІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Кепілдік кезеңі ішінде дайындаушы жөндеу, бөлшектерді ауыстыру немесе барлық
бұйымды ауыстыру жолымен кез келген зауыттық ақауларды жоюға міндеттенеді. Кеп-
ілдік тек сатып алу күні түпнұсқалық кепілдік талонында дүкен мөрімен және сатушы
қолымен расталған жағдайда ғана күшіне енеді. Осы кепілдік тек бұйым пайдалану
бойынша нсұқаулыққа сәйкес қолданылған, жөнделмеген, бұзылмаған және онымен
дұрыс жұмыс істемеу нәтижесінде зақымданбаған, сонымен қатар бұйымның толық
жинағы сақталған жағдайда танылады. Осы кепілдік бұйымның табиғи тозуына және
шығын материалдарына таралмайды (қыш және тефлондық тығыздауыштар және т. б.).
Бұйымның қызмет мерзімі мен оған кепілдікті міндеттемелердің қолданыс мерзімі бұйым
сатылған немесе өндірілген кезден есептеледі (егер сату күнін анықтау мүмкін болмаса).
Аспап өндірілген күнді бұйым корпусының сәйкестендіру жапсырмасындағы сериялық
нөмірден табуға болады. Сериялық нөмір 13 белгіден тұрады. 4-ші және 5-ші белгілер
айды, 6-шы және 7-ші — құрылғының шығарылған жылын білдіреді.
0001 1 22333333
1 — өндірілген айы (01 — қаңтар, 02 — ақпан ... 12 — желтоқсан)
2 — өндірілген жылы (21 — 2021 ж., 22 — 2022 ж. ... 30 — 2030 ж.)
3 — үлгінің сериялық нөмірі
Өндіруші бекіткен аспаптың қызмет ету мерзімі бұйымның пайдаланылуы осы нұсқаулық
пен қолданылатын техникалық стандарттарға сәйкес жүруі жағдайында сатып алынған
күнінен 5 жыл құрайды.
Орамды, пайдаланушы нұсқаулығын, сонымен қатар аспаптың өзін қалдықтарды қайта
өңдеу бойынша жергілікті бағдарламаға сәйкес пайдаға асыру керек. Қоршаған ортаға
қамқорлық білдіріңіз: мұндай бұйымдарды әдеттегі тұрмыстық қоқыспен тастамаңыз.
* Стандартты кепілдік 1 жыл. Қосымша кепілдік қызмет көрсету жылы
сайтта тіркелгеннен кейін ұсынылады https://warranty.redmond.company/
Добавить комментарий