
Skycooker RMC-M903S
21
RUS
KAZ
KAZ
Өндірушінің дизайн, жинақталымға, сонымен қатар бұл өзгерістер туралы қосымша
мәлімдемесіз өз өнімін жетілдіру барысында бұйымның техникалық сипаттамалары-
на өзгерістер енгізуге құқылы. Техникалық сипаттамаларда ±10% қателікке жол
беріледі.
Мультипісіргіштің құрылымы (A1 сурет, 3 бет)
1. Аспаптың қақпағы
2. Шешілмелі ішкі қақпақ
3. Табақ
4. Қақпақты ашу түймешігі
5. Дисплейлі басқару панелі
6. Корпус
7. Тасымалдау тұтқасы
8.
Конденсатты жинауға арналған контейнер
9. Шешілмелі бу клапаны
10. Жайпақ табақ
11. Көже қасығы
12. Өлшеу стақаны
13. Буда әзірлеуге арналған контейнер
14. Электр қоректендіру бауы
15. Ожау және қасыққа арналған ұстағыш
Басқару панелінің элементтері (A2 сурет, 4 бет)
1. «Подогрев/Отмена» («Жылу/Болдырмау») батырмасы — қыздыру функциясын қосу/
ажырату, әзірлеу бағдарламасының жұмысын бөлу, жасалған баптауларды артқа тастау.
2.
«Отложенный старт» («Шегерілген старт») батырмасы — старттың уақытын шегеру
функциясын баптау.
3. «Температура» («Температура») батырмасы — температураның мәнін орнату.
4. «Час» («Сағат») батырмасы — сағаттардың мәндерін орнату.
5. «Мин» («Мин») батырмасы — минуттардың мәндерін орнату.
6. «Экспресс» («Экспресс») батырмасы — «ЭКСПРЕСС» бағдарламасын іске қосу.
7. «Меню» («Мәзір») батырмасы — автоқыздыру функциясын алдын ала ажырату, әзір-
леудің автоматты бағдарламасын таңдау.
8. «Старт» («Старт») батырмасы — әзірлеудің белгіленген режимін қосу.
9. Дисплей.
Дисплей құрылымы (A3 сурет, 5 бет)
1. «ЭКСПРЕСС» бағдарламасын орындау индикаторы.
2. Әзірлеу/қыздыру бағдарлама жұмысының индикаторы.
3. Әзірлеу кезеңдерінің индикаторы.
4. «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасындағы температура мәндерінің индикаторы.
5. Әзірлеу бағдарламасы жұмысының индикаторы.
6. Старттың уақытын шегеру функциясының индикаторы.
7. Уақыт мәнінің индикаторы.
8. Әзірлеу бағдарламаларының индикаторы
I. ПАЙДАЛАНА БАСТАУ АЛДЫНДА
Бұйым мен оның құрамдастарын қораптан абайлап шығарыңыз. Барлық орау материал-
дары мен жарнамалық жапсырмаларды алып тастаңыз.
Корпустағы ескертетін жапсырма, жапсырма-көрсеткіш (бар болса) және бұйымның
сериялық нөмірі бар кестешені орнында міндетті түрде сақтаңыз!
Тасымалдау немесе төмен температураларда сақтаған соң аспапты қосар алдында кем
дегенде 2 сағатқа бөлме температурасында ұстау керек.
Бұйым корпусын ылғал матамен сүртіп, табақты жуыңыз және кептіріңіз. Аспапты алғашқы
пайдаланылғанда бөтен иіс шықпау үшін оны тазалаңыз («Аспап күтімі» қараңыз).
Аспапты бу клапанынан шығатын ыстық бу түсқағаз, декоративті жабындылар, электрондық
аспаптар мен жоғары ылғалдылық пен температурадан зардап шегуі мүмкін басқа заттарға
немесе материалдарға тимейтіндей қатты тегіс көлденең бетке орнатыңыз.
Әзірлеудің алдында тостаған және мультипісіргіштің сыртқы және көзге көрінетін ішкі бөлік-
терінде зақым, жарық және басқа ақаужоқтығына көз жеткізіңіз. Табақ пен қыздыру элементі
арасында бөтен зат болмауы керек.
Аспапты ішіне тостағансыз немесе бос тостағанмен жақпаңыз — тамақ дайындау
бағдарламасын абайсыздан қосқан кезде бұл аспаптың сыни қызуына немесе антикүйгіш
жабындының зақымдануына әкеліп соқтырады. Тағамды қуыру алдында, ыдысқа көкөніс
немесе күнбағыс майын құйыңыз.
МАҢЫЗДЫ! Ыдысы толтырылған аспапты тұтқадан көтеруге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
Аспапты кесе қаламынан көтеруге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
I I. МУЛЬТИПІСІРГІШТІ ПАЙДАЛАНУ
R4S REDMOND қосымшасы арқылы құрылғыны қашықтан басқару
Ready for Sky REDMOND қосымшасы смартфон немесе планшет арқылы құрылғыны
қашықтан жақын жерде бақылауға мүмкіндік береді.
1. Өзіңіздің смартфон немесе планшетінізге Ready for Sky REDMOND қосымшасын App
Store немесе Google Play қосымша магазиндерінен жүктеуге болады (пайдаланылатын
құрылғының операциялық жүйесіне байланысты).
Минималды қолдалатын операциялық жүйені компанияның www.redmond.company ресми
сайтында немесе App Store және Google Play дүкендеріндегі қосымшаның сипаттамасынан
анықтаңыз.
2.
Ready for Sky REDMOND қосымшасын іске қосыңыз, аккаунтты жасаңыз және экрандағы
көмекші сөздерді орындап отырыңыз. Қосу үшін қолжетімді құрылғылардың тізімінде
құралдың атауы үлгінің нөмірімен сәйкес келеді. Жаңа атауды белгілеуге немесе
бастапқы күйі бойынша орнатылған атын қалдыруға болады.
Добавить комментарий