Redmond RVS-024

Данная инструкция на русском языке предназначена для вакууматора Redmond RVS-024, описывает принцип работы и основные моменты эксплуатации устройства. Перед первым включением рекомендуется внимательно изучить данное руководство.

Инструкция для вакууматора представлена в формате PDF, который поддерживается на всех современных устройствах, так что сложностей с открытием файла возникнуть не должно. Но если открыть документ не получается, установите любую программу для чтения PDF файлов, например Acrobat Reader.

Чтобы распечатать инструкцию, нужно ее сначала скачать, для этого кликните по кнопке «Скачать инструкцию», файл откроется в новой вкладке, затем нажмите комбинацию клавиш Сtrl + P и из открывшегося диалогового окна, отправьте документ на печать.

Страницы: Стр:
RVS-024
13
RUS
KAZ
KAZ
2.
«Влажный продукт» («Ылғал өнім») батырмасы ылғал өнімдерді вакуумдау режимін
таңдау
3.
«Запечатать» («Жапсыру») батырмасы ауаны алдын ала айдаусыз термолентаны
қолдану
I. АЛҒАШҚЫ ҚОСАР АЛДЫНДА
Бұйым мен оның құрамдастарын қораптан абайлап шығарыңыз. Барлық орау материал-
дары мен жарнамалық жапсырмаларды алып тастаңыз.
Корпустағы ескертетін жапсырма, жапсырма-көрсеткіш (бар болса) жәнеұйымның
сериялық нөмірі бар кестешені орнында міндетті түрде сақтаңыз!
Тасымалдау немесе төмен температураларда сақтаған соң аспапты қосаралдында
кем дегенде 2 сағатқа бөлме температурасында ұстау керек.
Желілік сымды толықтай ашыңыз. Құралдың тұрқын ылғалды матамен сүртіңіз. Алмалы-сал-
малы бөлшектерді сабынды сумен жуыңыз, электр желісіне қосар алдында құралдың
барлық элементтерін жақсылап құрғатыңыз.
I I. ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ
Құралмен жұмыс істеу жөніндегі жалпы ұсыныстар
Вакуумды қаптама үшін және өнімдерді пісіру үшін әсіресе еніне 30 см астам емес ру-
лондар немесе дайын пакеттерге полиэтилен құрылымдалған үлдірлерін ғана қолданыңыз.
Вакуумды қаптамаға арналмаған пакеттерді қолданбаңыз.
Пакетке тым көп өнімді салмаңыз. Пакеттің ашық жағы вакуумды камерада сынықтар
мен бүкпе жасамай еркін орналасуы керек. Пакетті 2/3 көлемінен артық толтырмаңыз.
Пакетке су өнімдерді салмаңыз. Пакеттің ішкі жағында ылғалдың шамадан артық
болуы пакетті ораудың процесін баяулатуы мүмкін. Егер өнімнің ішінде өзінің ылғалы
болса, анағұрлым ұзақ орау үшін «Влажный» параметрін таңдау керек.
Ораудың алдында пакеттің ашық шетін тазартыңыз және ашыңыз. Артық бүкпелер мен
бөгде заттар қаптаманың саңылауының ашылуына себеп болуы мүмкін.
Вакуумдау процесін бастар алдында, артық ауаны шығару үшін, пакетке сәл басыңыз.
Пакетте ауаның шамадан артық болуы сорғы моторының қызып кетуіне себеп болуы
мүмкін.
Вакуумды қаптамаға сүйек немесе құрғақ макарон өнімдері сияқты өткір бұрыштары
бар өнімдерді салмаңыз. Бұл ауаны шығару кезінде пакеттің жыртылуына себеп бо-
лады.
Ұсақ қиқымдар мен тамшылар вакуумды камераға түскен кезде құралды зақымдай
алады. Оны болдырмау үшін, сүзгі ретінде пакеттің бос бұрышына оралған қағаз
сүлгіні орналастырыңыз.
Алдын ала кесілген көкөністер мен жемістер вакуумды қаптамада қатырған кезде
ұзағырақ сақталады.
Вакуумды қаптама өнімнің сақтау мерзімін ұзартады, бірақ оны жылу мен жарықтың
әсерінен қорғамайды. Тез бүлінетін өнімдерді тоңазытқыш немесе мұздатқыш каме-
рада сақтаңыз.
Ірімшік немесе ет сияқты вакуумды қаптамада сатылатын өнімдердің дәмі мен балғын-
дығын сақтау үшін, оларды зауыттық қаптамасынан ашқаннан кейін қайтадан орай
аласыз.
Сіз вакуумды қаптамаға тек азық-түлік өнімдерін ғана емес, сонымен бірге сіріңке,
құжаттар, кітаптар немесе төтенше жағдайлар немесе табиғат аясына шыққан кезде
дәрі қобдишасын сала аласыз.
Ораудың ең үздік нәтижелеріне қол жеткізу үшін термолентаны әр қолданғаннан
кейін 1 минуттың ішінде салқындату керек. Термолентаның қатты қызуы құралдың
жұмысында ақаулықтарға алып келуі мүмкін.
Азық-түлікті мультиваркада вакуумдық орауышта әзірлеу кезінде, «МУЛЬТИПОВАР»
немесе «ВАКУУМ» бағдарламасын пайдаланыңыз.
Вакуумды қаптама үшін пакетті әзірлеу
1. Орамдағы екі қабатты құрылымдалған полиэтиленнің жолағын өлшеп, кесіп алыңыз.
2. Құралдың қақпағын ашыңыз және оны электр желісіне қосыңыз.
3. Полиэтиленді оның ашық жақтарының біреуі вакуумды камераның деңгейінде бола-
тындай, ал пакеттің шеттері тығыздағыш лентаның шетінен шықпайтындай етіп салыңыз
(A3.a суретті қараңыз, 5 бет).
4.
Құралдың қақпағын жабыңыз және шерту естілгенге дейін екі жағынан басыңыз.
«Запечатать» батырмасын басыңыз, батырмасының индикаторы жыпылықтайтын
болады.
Іске қосар алдында аспаптың қақпақшасын ылғи сыртыл естілгенше жабыңыз!
5.
«Запечатать» батырмасының индикаторы өшкеннен кейін, құралдың екі жағынан
қақпақты ашу батырмасын басыңыз және қақпақты көтеріңіз.
Өнімдердің вакуумды қаптамасы
1.
Өнімді вакуумды орауға арналған пакетке салыңыз. Жаңа жуылған және ылғалды
өнімдерді сүлгімен барынша құрғату керек.
2. Құралды ашыңыз және оны электр желісіне қосыңыз. Барлық батрымалардың инди-
каторлары біраз уақытқа жанады, содан кейін тек қана «Сухой продукт» батырмасы-
ның индикаторы жанатын болады.
Ұзақ уақыт ішінде әрекетсіз тұрғанда аспап ұйықтау режиміне көшеді, батырмалардың
индикациясы сөніп қалады. Аспапты іске қосу үшін кез келген батырманы басыңыз,
«Сухой продукт» батырмасының индикаоры жанады.
3.
Пакетті ашық жағы вакуумды камераның деңгейінде болатындай, ал пакеттің шеттері
тығыздағыш лентаның шеттерінен шықпайтындай етіп салыңыз (
A3.b
суретті қараңыз,
5 бет).
Страницы: Стр: 13
Комментарии (0)

Добавить комментарий

Другие Вакууматоры Redmond