Redmond RMC-M95

Данная инструкция на русском языке предназначена для мультиварки Redmond RMC-M95, описывает принцип работы и основные моменты эксплуатации устройства. Перед первым включением рекомендуется внимательно изучить данное руководство.

Инструкция для мультиварки представлена в формате PDF, который поддерживается на всех современных устройствах, так что сложностей с открытием файла возникнуть не должно. Но если открыть документ не получается, установите любую программу для чтения PDF файлов, например Acrobat Reader.

Чтобы распечатать инструкцию, нужно ее сначала скачать, для этого кликните по кнопке «Скачать инструкцию», файл откроется в новой вкладке, затем нажмите комбинацию клавиш Сtrl + P и из открывшегося диалогового окна, отправьте документ на печать.

Страницы: Стр:
22
1. Әзірлеу бағдарламасы таңдалған соң «Час» түймешігін басып, сағаттың қажетті мәнін
орнатыңыз. «Мин» түймешігін басып, минут мәнін орнатыңыз. Уақыт мәндерін тез
өзгерту үшін тиісті түймешікті басып ұстаңыз.
2.
Әзірлеу уақытын бір сағаттан аз орнату үшін сағатты орнату режимінде «Час» түй-
мешігін мән нөлге түскенше басыңыз, одан кейін «Мин» түймешігін басып, минуттың
қажетті мәнін орнатыңыз.
3.
Әзірлеу уақытын орнату аяқталысымен (дисплей жыпылықтай береді) таңдалған
әзірлеу бағдарламасының алгоритміне сәйкес келесі кезеңге ауысыңыз. Жасалған
орнатылымдарды болдырмау үшін «Подогрев/Отмена» түймешігін басыңыз, одан
кейін барлық әзірлеу бағдарламасын қайта енгізіңіз.
Әзірлеу уақытын қолмен орнатқанда сіз таңдаған әзірлеу бағдарламасында қарасты-
рылған ықтимал уақыт диапазоны мен орнату қадамын әзірлеу бағдарламасының
жиынтық кестесіне сәйкес ескеріңіз.
Сізге ыңғайлы болу үшін әзірлеу бағдарламаларында тапсырылатын уақыттың диапа-
зоны ең аз мәндерден басталады. Бұл жағдай негізгі уақытта тағам әлі дайын болмаса,
бағдарлама жұмысын біраз мерзімге ұзартуға мүмкіндік береді.
Кейбір автоматты бағдарламаларда орнатылған әзірлеу уақытын есептеу аспап
белгіленген жұмыс температурасына (құрылғы екі дыбыстық сигнал береді, қос нүкте
дисплейде жыпылықтайды) шыққаннан кейін басталады. Мысалы, егер салқын су құйып,
«НА ПАРУ» бағдарламасында 5 минут әзірлеу уақытын орнатсақ, онда бағдарламаны
іске қосу және белгіленген уақыттың кері санағы тек су қайнағаннан кейін және то-
стағанда жеткілікті тығыз бу түзілгеннен кейін басталады.
«МАКАРОНЫ» бағдарламасында орнатылған әзірлеу уақытының есебі су қайнап, «Старт»
түймешігі қайта басылғанда басталады.
«Отложенный старт» функциясы
Осы функция таңдалған әзірлеу бағдарламасы жұмысын бастайтын уақыт интервалын
тапсыруға мүмкіндік береді (бағдарлама жұмысының уақытын ескере отырып). Уақытты
10 минуттан 24 сағатқа дейін диапазонында 10 минут орнату қадамымен шегеруге бола-
ды. Шегеру уақыты белгіленген әзірлеу уақытына қарағаннан көбірек болуы тиіс «Старт»
түймешігін басқан соң бірден жұмысын бастайды.
Бағдарлама, температура мәндері мен әзірлеу уақыты таңдалған соң шегерілген старт
уақытын орнатуға болады:
1. «Отложенный старт» түймешігін басу арқылы шегерілген старт уақытын орнату режимін қо-
сыңыз. Дисплейде «Отсрочка старта» жазуы пайда болып, таймер жыпылықтай бастайды.
2.
«Час» түймешігін, содан кейін «Мин» түймешігін басып тұрып, әзірлеу уақытының
мәнін орнатыңыз. Егер түймешікті бірнеше секунд басып тұрса, мәннің тездетілген
өзгерісі басталады.
3.
Шегерілген старт уақытын бір сағаттан кем уақытқа орнату қажет болса, сағат мәндері
нөлге түскенше бірізді түрде «Час» түймешігін басыңыз. Содан кейін «Мин» түймеші-
гін басып ұстап тұрып, минуттардың қажетті мәнін орнатыңыз.
4. Жасалған орнатылымдарды болдырмау үшін «Подогрев/Отмена» түймешігін басып,
содан кейін әзірлеудің бүкіл бағдарламасын қайта енгізіңіз.
5.
Уақытты орнату аяқталған соң «Старт» түймешігін бірнеше секунд басып ұстап тұрыңыз.
Бағдарламаны орындау және уақытты кері есептеу басталады.
6. Тағайындалған уақыттан соң тағам дайын болады. Бағдарлама жұмысы аяқталғанда-
теңшелімдеріне байланысты аспап Автоқыздыру режиміне өтеді («Подогрев/Отмена»
түймешігінің индикаторы жанады) немесе күту режимінде («Старт» түймешігінің ин-
дикаторы жыпылықтайтын болады). Автоқыздыруды өшіру үшін «Меню» мәзірін ба-
сыңыз, түймешік индикаторы сөнеді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер тағам құрамында тез бұзылатын азық-түлік (жұмыртқа, жаңа
сауылған сүт, ет, ірімшік және т. б.) пайдаланылса, шегерілген старт функциясын
пайдалануға кеңес берілмейді.
Дайын ас температурасын ұстау функциясы (Автоқыздыру)
Әзірлеу бағдарламасының жұмысы аяқталысымен автоматты түрде қосылады және дайын
тағамның 70–75°С шегіндегі температурасын 24 сағаттың ішінде ұстай алады. Бұл кезде
«Подогрев/Отмена» түймешігінің индикаторы жанады, дисплейде осы режимде жұмыс
істеу уақытының тікелей есептелуі басталады. Қажет болғанда «Меню» түймешігін басып
және бірнеше секунд ұстаңыз, Автоқыздыруды өшіруге болады.
Автожылытуды алдын ала сөндіру
Бағдарламаның старты немесе жұмысы кезінде осы функцияны алдын ала өшіру үшін
«Подогрев/Отмена» түймешігінің индикаторы өшкенше «Меню» түймешігін басып бірне-
ше секунд ұстаңыз. Автоқыздыруды қайта қосу үшін, «Меню» түймешігін қайта басып
ұстаңыз («Подогрев/Отмена» түймешігінің индикаторы жанады).
Тағамды қыздыру функциясы
РЕДМОНД RMC-M95 мультипісіргішін суық асты қыздыру үшін пайдаланылуға болады. Бұл
үшін:
Дайын тағамды табаққа салыңыз, оны мультипісіргішке орнатыңыз.
Қақпақты жабыңыз, аспапты электр желіге қосыңыз.
«Подогрев/Отмена» түймешігін басып, дыбыс сигналы естілгенше бірнеше секунд
ұстаңыз. Дисплейде қыздыру индикаторы және түймешік индикаторы жанады. Таймер
қыздыру уақытын тікелей есептей бастайды.
Тағам 70-75°С дейін ысиды, осы температура 24 сағаттың ішінде тұруы мүмкін.Қажет
болғанда «Подогрев/Отмена» түймешігін басып, дисплей мен түймешіктегі тиісті индика-
торлар өшкенше бірнеше секунд ұстап, қыздыруды өшіруге болады.
Автожылыту және жылыту функциялары арқасында мультипісіргіш өнімдерді 24 сағатқа
дейін ыстық күйінде сақтай алады, алайда біз тағамды ыстық күйінде екі-үш сағаттан
астам қалдыруды ұсынбаймыз, себебі бұл оның дәмдік қасиеттерінің өзгеруіне алып
келуі мүмкін.
Страницы: Стр: 22
Комментарии (0)

Добавить комментарий

Другие Мультиварки Redmond