
20
сүйеніңіз. Пісірме салмағының индикаторы дисплейдің жоғарғы бөлігінде орналасады.
Өнім салмағын таңдау мүмкіндігі барлық бағдарламаларда қарастырылмаған.
8. Өнім қабықшасының қалаулы реңкін (ашық, орташа, күңгірт) таңдау үшін «Корочка»
батырмасын басыңыз. Қабықша түсінің индикаторы дисплейдің теменгi белiктерiне.
Тағайындалу бойынша «Средняя» шамасын орнатылған. Қабықша түсін таңдау мүм-
кіндігі барлық бағдарламаларда қарастырылмаған.
9. «Старт/Стоп» батырмасын басыңыз. Таймер әзірлеу уақытының кері санағын бастайды.
Араластырудың алғашқы 5 минуты ішінде қамырдың сыртқы түрін бақылау керек. Одан
дөңгелек тегіс түйір түзілу керек. Егер түйір түзілмесе, ингредиенттер дұрыс араласпаған.
Егер бағдарламада әзірлеу барысында қосымша ингредиенттердің қосылуы қарасты-
рылса, ингредиенттерді қосу сәті туралы сізге дыбыстық белгі хабар береді. Басқару
тақтасында «Добавки» жазуы жанында индикаторы жыпылықтайды.
Бағдарламаның орындалуын баптауларды өзгертусіз уақытша тоқтату үшін «Старт/
Стоп» батырмасын басыңыз. Дисплейде уақыт шамасы жыпылықтай бастайды. Бағдар-
лама жұмысын жалғастыру үшін «Старт/Стоп» батырмасын қайта басыңыз.
Нан пісіргіш қақпағын тек араластыру кезінде (жұмыс жасап жатқан мотор дыбысы
естіледі) ашуға болады. Қамыр көтерілген немесе пісірілген кезде қақпақты ашу дайын
өнім сапасының төмендеуіне алып келеді.
10.
Әзірлеу бағдарламасының аяқталуы туралы сізге дыбыстық белгі хабар береді. Осыдан
кейін, таңдалған бағдарламаға сәйкес, аспап автоматты түрде автожылыту тәртібіне
немесе күту тәртібіне ауысады.
Әзірлеу аяқталғаннан кейін нанды шығарып алмаңыз және кеспеңіз. Оны нан пісіретін
пештің автожылытуы қосулы күйінде 1 сағатқа қалдыруға кеңес беріледі. Одан кейін дайын
өнімді аспаптан шығарып алып, толығымен суығанша бетін сүлгімен жауып қою керек.
11. Бағдарлама жұмысын немесе автожылыту тәртібін тоқтату үшін «Старт/Стоп» батыр-
масын басып, ұстап тұрыңыз.
12. Әзірлеу аяқталғаннан кейін нан пісіргішті электр желісінен ажыратыңыз.
Дайын нанды шығару
1.
Аспап қақпағын ашыңыз. Асханалық қолғапты пайдаланып, нан пісіруге арналған
қалыпты қолға алыңыз және оны сағат тіліне қарсы бұраңыз, кейін қыздырғыш каме-
радан шығарыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Есте сақтаңыз, әзірлеу үрдісі аяқталғаннан кейін нан, қалып және
қыздырғыш камера өте ыстық! Абай болыңыз, күйік шалудың алдын алу үшін асханалық
қолғапты пайдаланыңыз! Нан салынған ыстық қалыпты дастарханға, пластикті неме-
се тұтануы немесе балқуы мүмкін басқа термосезімтал беттерге қоймаңыз!
2.
Пісіруге арналған қалыпты аударып, дайын нанды қалыптан шығарыңыз, оны торламаға
немесе тағамға қойыңыз. Нан салқындағанша 20 минут күтіңіз.
3.
Пісіруге арналған қалып және аспап салқындағаннан кейін оларды «Aспап күтімі»
бөліміне сәйкес тазартыңыз.
Нан пісіргіш құрылымы пісірменің тостағаннан шығарғаннан кейін араластыруға ар-
налған қалақтың қалып ішінде білікте қалуы керектігін қарастырады. Егер бұл орын
алмаса және ол нанда қалып қойса, бұл ақаулық болып табылмайды. Қалақты жинаққа
кіретін арнайы ілмек көмегімен алып тастаңыз.
III. АВТОМАТТЫ ӘЗІРЛЕУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ
ТАҒАЙЫНДАЛУЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. «КЛАССИЧЕСКИЙ ХЛЕБ» («КЛАССИКАЛЫҚ НАН») бағдарламасы
Классикалық ақ нанды пісіру үшін қолданылады. Бағдарлама қамырды араластыруды, көте-
руді және нан пісіруді қамтиды. Қосымша ингредиенттерді қосу уақыты туралы дыбыстық
белгі хабар береді. Өнім салмағын және қабықша түсін таңдауға болады, стартты кейінге
қалдыру және автожылыту функциялары қол жетімді. Уақытты қолмен реттеу функциясы жоқ.
2. «ЭКСПРЕСС» («ЭКСПРЕСС») бағдарламасы
Ақ нанды жылдам пісіру үшін ұсынылады. Ақ нанға арналған қамырға қосымша 1000 г
пісірме салмағына шаққанда 1/2 шай қасық ашытқы қосыңыз. Бағдарлама қамырды қыз-
дырумен араластыруды, көтеруді және нан пісіруді қамтиды. Қосымша ингредиенттерді
қосу уақыты туралы дыбыстық белгі хабар береді. Өнім салмағын және қабықша түсін
таңдауға болады, стартты кейінге қалдыру және автожылыту функциялары қол жетімді.
Уақытты қолмен реттеу функциясы жоқ.
3. «СДОБА» («МАЙҒА ИЛЕНГЕН ҚАМЫР») бағдарламасы
Тоқаш пісіру үшін ұсынылады. Бағдарлама қамырды араластыруды, көтеруді және нан
пісіруді қамтиды. Қосымша ингредиенттерді қосу уақыты туралы дыбыстық белгі хабар
береді. Өнім салмағын және қабықша түсін таңдауға болады, стартты кейінге қалдыру және
автожылыту функциялары қол жетімді. Уақытты қолмен реттеу функциясы жоқ.
4. «ФРАНЦУЗСКИЙ ХЛЕБ» («ФРАНЦУЗ НАН») бағдарламасы
Қытырлақ қабықшалы жеңіл француздық нанды пісіру үшін қолданылады. Қамырдың ұзақ
уақыт араластырылуын және көтерілуін қамтиды. Бағдарлама қамырды араластыруды, көте-
руді және нан пісіруді қамтиды. осымша ингредиенттерді қосу уақыты туралы дыбыстық
белгі хабар береді. Өнім салмағын және қабықша түсін таңдауға болады, стартты кейінге
қалдыру және автожылыту функциялары қол жетімді. Уақытты қолмен реттеу функциясы жоқ.
Француздық нан жылдам қатқылданады, сондықтан оны бір күннен астам сақтамаған
жөн.
5. «ЦЕЛЬНОЗЕРНОВОЙ ХЛЕБ» («ТҰТАС ДӘНДІ НАН») бағдарламасы
Осы нан үшін қолданылатын ұн ауырлау болғандықтан, бағдарлама қамырды араластыру
алдында 5 минут ішінде ингредиенттерді алдын ала жылытады және қамырды ұзақ уақытқа
Добавить комментарий