
19
KAZ
RBM-1915
оны тазартыңыз және, жаңа ингредиенттер қолданып, рецептіге сәйкес қайтадан әзірле-
уді бастаңыз. Тазартқан кезде «Аспап күтімі» бөлімінің нұсқаулықтарын қатаң сақтаңыз.
Егер қолданылатын ингредиенттер жылдам бұзылатын болмаса, әзірлеу бағдарламасын
қайтадан іске қосуға болады (егер пісірі үрдісі басталмаса) немесе өнімдерді ауыстырусыз
«ВЫПЕЧКА» бағдарламасы арқылы өнімдерді дайын болғанша жеткізуге болады. Қарау
терезесі арқылы өнім дайындығын қадағалаңыз, қажет кезде бағдарламаның орындалуын
тоқтатыңыз.
Бағдарламаны қайта іске қосқан кезде әзірленген нан сапасы қалаулы нәтижеге сәйкес
келмеуі мүмкін екендігін ескеру керек.
Әзірлеу уақытын орнату
РЕДМОНД RВМ-1915 нан пісіргішінде «МОЛОЧНАЯ КАША», «ДЖЕМ», «ЙОГУРТ», «ВЫПЕЧ-
КА», «СУП», «ТУШЕНИЕ» және «ДЕСЕРТ» бағдарламалары үшін әзірлеу уақытын өздігінен
орнатуға болады. Бағдарлама таңдағаннан кейін әзірлеу уақытын өзгерту үшін және
батырмаларын басыңыз. Әзірлеу уақытының өзгеріс қадамы және ықтимал диапазоны
таңдалған әзірлеу бағдарламасына байланысты. Шаманы жылдам өзгерту үшін қажетті
батырманы басып, ұстап тұрыңыз.
Бағдарлама стартын кейінге қалдыру
Стартты кейінге қалдыру функциясы нан пісіруге қажетті (бағдарлама жұмысының уақытын
ескерумен) уақыт аралығын белгілеуге мүмкіндік береді. Уақытты 10 минуттық орнату
қадамымен 10 минуттан 15 сағатқа дейінгі диапазонда орнатуға болады.
Стартты кейінге қалдыру функциясы «МОЛОЧНАЯ КАША», «ДЖЕМ», «ЙОГУРТ», «ВЫПЕЧ-
КА», «СУП», «ТУШЕНИЕ» және «ДЕСЕРТ» бағдарламаларында қол жетімсіз.
Бағдарлама таңдағаннан кейін стартты кейінге қалдыру уақытын өзгерту үшін және
батырмаларын басыңыз. Шаманы жылдам өзгерту үшін қажетті батырманы басып, ұстап тұрыңыз.
Максималды (минималды) шамаға қол жеткізгеннен кейін уақыттың орнатылуы диапазон басынан
(соңынан) басталады. Стартты шегеру уақытын орнату кезінде, сондай-ақ осы функцияның жұмыс
істеу кезінде дисплейде «Отсрочка» сөзіне қарама-қарсы символы жыпылықтайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Стартты кейінге қалдыру уақытын орнатқан кезде әзірлеу уақытын
орнату кезіндегі батырмалар қолданылады. Алайда стартты кейінге қалдыру уақытын
орнату кезінде уақыт шамасының индикаторы дисплейде жыпылықтамайды.
Егер рецептіде жылдам бұзылатын өнімдер (жұмыртқа, балғын сүт, ет, ірімшік және
т. б.) болса, стартты кейінге қалдыру функциясын пайдалану ұсынылмайды.
Дайын тағамдақ температурасын сақтау (автожылыту)
«Автожылыту» функциясы бағдарлама жұмысы аяқталғаннан кейін автоматты түрде қо-
сылады және дайын тағам температурасын 1 сағатқа дейін сақтай алады.
Автожылыту ылғалдың сіңірілуінің алдын алады және өнімдерді біршама уақыт ішінде
жұмсақ күйінде сақтауға көмектеседі.
Автожылыту функциясы «БЕЗДРОЖЖЕВОЕ ТЕСТО», «ДРОЖЖЕВОЕ ТЕСТО», «МОЛОЧНАЯ
КАША», «ДЖЕМ», «ЙОГУРТ», «ВЫПЕЧКА», «СУП», «ТУШЕНИЕ» және «ДЕСЕРТ» бағдарлама-
ларын қолданған кезде қол жетімсіз.
Автоматты бағдарламаларды пайдаланған кездегі әрекеттердің жалпы тәртібі
1.
Қамырды араластыруға арналған қалақшаны пісірмеге арналған қалыптағы өзекке
орнатыңыз. Қосылыстың берік екендігіне көз жеткізіңіз. Әзірлеуге арналған ыдысты
және қалақты маймен майлаңыз.
2.
Таңдалған рецептіге сәйкес қажетті ингредиенттерді өлшеп, оларды тостағанға салыңыз.
Нан пісірген кезде және қамырды дайындаған кезде: рецептіге сәйкес негізгі және
қосымша ингредиентерді дайындаңыз. Егер рецептіде басқаша көрсетілмесе, барлық
ингредиенттер бөлме температурасында (25–35°С) болу керек. Негізгі ингредиенттерді
нан пісіруге арналған қалыпқа рецептіде көрсетілген реттілікте салыңыз.
3. Нан пісіруге арналған қалыпты абайлап нан пісіргіштің қыздырғыш камерасына ен-
гізіңіз, осы кезде оны аздап сағат тіліне қарсы бұрау керек. Қалып жетекті білікпен
түзу, қиғаштықсыз жалғасу керек. Қалыпты тірелгенше сағат тілі бойынша бұрап, оны
бекітіңіз. Қарау терезесі бар қақпақты жабыңыз.
Алдымен қалыпта сұйық ингредиенттерді (су, сүт) және/немесе жұмыртқаларды ара-
ластырыңыз. Су бөлме температурасында болу керек, себебі жоғары температура қа-
мырдың көтерілуіне жағымсыз әсер етеді. Стартты кейінге қалдыру тәртібін пайда-
ланған кезде тек құрғақ сүтті пайдаланыңыз, өзге жағдайда сүт әзірлеу басталғанша
ұйып кетуі мүмкін.
Ашытқыны немесе қопсытқышты соңғы кезек қосыңыз. Бұл компоненттер сұйықтықтар-
мен жанаспау керек, әйтпесе ашу үрдісі тым ерте басаталады: нәтижесінде қатты,
қатаң және қатқыл нан дайындалады. Ашытқы тұзбен жанаспау керек. Ұн үйіндісінде
ойық жасап, сонда ашытқыны немесе қопсытқышты салу ұсынылады.
4.
Нан пісіргішті электр желісіне қосыңыз. Аспап дыбыстық белгі береді және күту
тәртібіне ауысады: дисплейде бағдарлама нөмірі (тағайындалу бойынша — 1) және
оның жұмыс уақыты пайда болады.
5.
«Меню» батырмасы көмегімен әзірлеу бағдарламасын таңдаңыз, оның нөмірі дисплей-
де пайда болады.
6.
Қажет кезде әзірлеу уақытын өзгертіңіз немесе стартты кейінге қалдыру уақытын
орнатыңыз.
Әзірлеу уақытын қолмен реттеу мүмкіндігі бар бағдарламаны пайдаланған жағдайда
уақыт шамасын орнатқаннан кейін «Старт/Стоп» батырмасын алғаш басу енгізілген
шамалардың расталуына алып келеді. «Старт/Стоп» батырмасын қайта басу бағдар-
ламаны іске қосады.
7.
«Вес» батырмасы көмегімен дайын пісірме салмағының шамасын орнатыңыз. Ре-
цептілер кітабындағы нұсқауларға және тостағандағын ингредиенттер мөлшеріне
Добавить комментарий