
13
6-3
6-1 6-2
KZ
6.3 Кірді жууға дайындау
XІш киім мен киімді жасалған маталарының түрлеріне
(мақта, синтетикалық маталар, жүн немесе жібек және
т.с.с.), сондай-ақ ластану деңгейіне қарай сұрыптаңыз
(6-3-сур.). Киім жапсырмаларында күтім және жуу туралы
нұсқауларға назар аударыңыз.
XАқ маталарды түсті маталардан ажыратыңыз. Түссізденуге
қаншалықты бейім екенін білу үшін алдымен түрлі-түсті
маталарды қолмен жуып көріңіз.
XҚалталарды босатыңыз (кілттерден, тиындардан және
т.с.с.) және киімнен қатты сәндік заттарды (мысалы, тана-
моншақ) алыңыз.
XТігілмеген жиектері бар киімдер, нәзік маталар және жұқа
тоқылған маталарды, мысалы, жұқа перделер, нәзік бұй-
ымдарды жууға арналған сөмкеге салған жөн (оларды
қолмен жуған немесе құрғақ тазалаған дұрыс).
XСыдырмаларды, жабысқақтарды және ілгектерді бекітіп,
түймелердің мықтап тігілгеніне көз жеткізіңіз.
XМұқият қарауды қажет ететін бұйымдарды, мысалы,
сенімді тігілген жиектері жоқ, нәзік маталардан жасалған
іш киімдер және шұлықтар, белдіктер, емшекқаптар және
т.б. сияқты ұсақ заттарды жууға арналған сөмкеге са-
лыңыз.
XТөсек жайма, жамылғылар және т.с.с. үлкен заттарды жа-
зып жіберіңіз.
XЖуар алдында джинсы мен әшекейленген немесе ашық
түсті маталардан жасалған бұйымдарды сыртқа шыға-
рыңыз; оларды бөлек жуу ұсынылады.
6. Күнделікті пайдалану
Ескерту: саңылаусыздық
Машинаны пайдаланудың алдында шүмекті ашып, шүмектің құйма құбыршегімен
байланысында ағып кететін жерлердің жоқтығына көз жеткізіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Тоқыма емес элементтер, сондай-ақ кішкентай, нәзік бекітілген және өткір заттар киім
мен кір жуғыш машинаның бұзылуына және зақымдалуына әкелуі мүмкін.
6.1 Электр қуат көзін қосу
Кір жуғыш машинаны электр қуат көзіне қосыңыз (жиілігі
50Гц, 220-240 В айнымалы ток; 6-1-сур.). Сондай-ақ, «Орнату»
бөлімін қараңыз.
6.2 Су беруді қосу
XҚосудың алдында кірістегі судың тазалығы мен мөлдір-
лігін тексеріңіз.
XШүмекті ашыңыз (6-2-сур.).
Добавить комментарий