
KZ
4
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Алғаш рет пайдаланудың алдында
XТасымалдау кезінде зақымдаулардың болмағанына көз жеткізіңіз.
XБарлық тасымалдау бұрандамаларының шешіліп алынғандығына көз жеткізіңіз.
XБарлық қаптаманы алып тастап, оны балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
XМашинаның үлкен салмағына байланысты онымен барлық қозғалыстарды кем де-
генде екі адам орындауы керек.
Күнделікті пайдалану
XБұл машинаны 8 жастан асқан балалар, физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой қа-
білеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жоқ адамдар, егер олар қадағалау-
да болса немесе машинаны қауіпсіз пайдалану туралы нұсқаулық алған болса және
ықтимал қауіптерді түсінетін болса, қолдана алады.
X3 жасқа дейінгі балалардың тұрақты қараусыз машинаға жақын болуына жол бер-
меңіз.
XБалаларға машинамен ойнауға тыйым салынады.
XЕгер есігі ашық болатын болса, балаларға немесе үй жануарларына машинаға
жақындауға рұқсат бермеңіз.
XЖуғыш құралдарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
XКірдің шатасып кетпеуі үшін сыдырма ілгектерді сырып, бауларды байлап, ұсақ зат-
тарды алып тастаңыз. Қажет болса, жууға арналған арнайы қапты немесе торды
пайдаланыңыз.
XМашинаны дымқыл немесе сулы қолмен ұстауға немесе жалаң аяқ болғанда, ал
қолдарыңыз немесе аяқтарыңыз дымқыл немесе сулы болған кезде пайдалануға
тыйым салынады.
XЫлғалдың булануын қамтамасыз ету үшін машинаны жаппаңыз немесе оны жұмыс
кезінде немесе одан кейін ешқандай қаптамамен жаппаңыз.
XМашинаға ауыр заттарды немесе жылу немесе ылғал көздерін орналастыруға тый-
ым салынады.
XТез тұтанатын жуу құралдарын немесе құрғақ тазалауға арналған құралдарды ма-
шинаға тікелей жақын жерде пайдалануға және сақтауға тыйым салынады.
XМашинаға тікелей жақын жерде жеңіл тұтанатын аэрозольдерді пайдалануға тый-
ым салынады.
XМашинада еріткіштермен өңделген киім заттарын алдын ала ауада кептірмей жууға
тыйым салынады.
Машинаны бірінші рет қосудың алдында келесі қауіпсіздік бойынша
ұсыныстармен танысыңыз:
1. Қауіпсіздік техникасы бойынша ақпарат
Добавить комментарий