
KZ
5
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Күнделікті пайдалану
XҮй-жайда жанғыш газ болған кезде электр розеткасынан қуат сымының ашасын
шығармаңыз және оған салмаңыз.
XКеуекті резеңкені немесе сорғыш материалдарды ыстық сумен жууға тыйым салы-
нады.
XҰнмен ластанған киімдерді жууға тыйым салынады.
XЖуу құралдарына арналған жылжымалы контейнерді кез келген жуу процесі бары-
сында ашуға тыйым салынады.
XЖуу кезінде есікке қол тигізуге тыйым салынады, өйткені ол қызады.
XЕгер су деңгейінің жүктеу люгінің шетінен жоғары екендігі байқалса, машинаның
есігін ашуға тыйым салынады.
XЕсікті күшпен ашуға тырыспаңыз. Есік өзін-өзі бұғаттау құрылғысымен жабдықталған
және жуу циклы аяқталғаннан кейін көп ұзамай өздігінен бұғаттан шығады.
XӘрбір жуу бағдарламасын орындағаннан кейін және оған профилактикалық күтім
жасау бойынша кез келген іс-қимылды жүзеге асырудың алдында машинаны сөн-
діріңіз, сондай-ақ электр энергиясын үнемдеу және қауіпсіздік мақсатында маши-
наны электр желісінен ажыратыңыз.
XМашинаны электр розеткасынан ажыратқан кезде қолыңызбен электр қуат көзі ка-
белінен емес, ашасынан ұстаңыз.
Күтім және техникалық қызмет көрсету/тазалау
XЕгер балалар құрылғыны тазартуды немесе оған күтім жасау әрекеттерін орындап
жатқан болса, олардың бақылауда екеніне көз жеткізіңіз.
XПрофилактикалық күтім бойынша қандай да бір іс-әрекетті жүзеге асырудың ал-
дында машинаны электр желісінен ажыратыңыз.
XЖағымсыз иістің пайда болуын болдырмас үшін жүктеу люгінің төменгі бөлігін таза
ұстаңыз және машина қолданылмай тұрған кезде есік пен жуғыш заттарға арналған
жылжымалы контейнерді ашық қалдырыңыз.
XМашинаны тазалау үшін су бүріккішті немесе буды пайдалануға тыйым салынады.
XҚауіпті болдырмау үшін зақымдалған қуат сымын ауыстыруды тек өндіруші, оның
сервистік агенті немесе ұқсас біліктілігі бар тұлғалар ғана орындауы тиіс.
XМашинаны өз бетіңізше жөндеуге әрекет етпеңіз. Жөндеу қажет болған жағдайда
біздің клиенттерді қолдау қызметімізге хабарласыңыз.
Орнату
XМашинаны жақсы желдетілетін жерге орналастырған жөн. Есікті толығымен ашуға
мүмкіндік беретін күйді қамтамасыз етіңіз.
XМашинаны үй-жайдан тыс, ылғалдылығы жоғары жағдайларда немесе оған су түсуі
мүмкін жерлерде, мысалы шұңғылшаның астында немесе оның жанында орнатуға
тыйым салынады. Егер машинаға су түссе, электр қуатын өшіріңіз және оның табиғи
жолмен кебуін күтіңіз.
1. Қауіпсіздік техникасы бойынша ақпарат
Добавить комментарий